Қош келдіңіз, құрметті Сауат ашу

Мектепалды даярлық тобымен қоштасу

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы №25 жалпы орта білім беретін мектептің «Бөбек» шағын орталығы. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі — Тазабекова Шұғыла Нұрлыбекқызы.

Тақырыбы

«Жолың болсын, балдырған!»

Мақсаты

  • Балалардың жыл бойы алған білімінің, тәрбиесінің және өнерінің нәтижесін көрсету.
  • Мектепалды даярлық тобымен қоштаса отырып, оқу-білімге қызығушылықты арттыру.
  • Отанын, елін, жерін сүюге баулу; адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Кейіпкерлер

  • Сауат ашу
  • Тапқышбек

Құрал-жабдықтар

  • Даярлық түлектеріне арналған дипломдар, мақтау қағаздары
  • Ата-аналарға алғыс қағаздары
  • Шарлар, қанатты сөздер, тақырыпқа сай плакаттар, гүлдер

Іс-шара барысы

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін біздің балалар мектепалды даярлық тобымен қоштасқалы отыр. Қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Мектепалды даярлықты бітіруші бүлдіршін түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық. (Әсем саз әуенімен аты аталған балалар екі-екіден кіреді.)

Өтті қызық көп күндер, 6 жасқа жеттіңдер. Барасыңдар мектепке — Бір белестен өттіңдер. Өсті міне бойларың, Өсті міне ойларың. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын мерекең!

Кезекті балалардың тақпақтарына береміз.

Данияр

Қуанамыз, сыйлаймыз Қуаныштың мың гүлін. Алғашқы топты қимай біз, Қоштасатын күн бүгін.

Диана

Оқимыз, білім аламыз, Болашақ жолын саламыз. Даярлықпен қоштасып, Біз мектепке барамыз.

Аяжан

Жеті жасқа толамыз, Әдепті бала боламыз. Ата-ананы қуантып, Кілең бестік аламыз.

Балжан

Бес болсын алар бағамыз, Білімнен бақыт табамыз. Өнер-білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз.

Ажар

Елдің атын жазамын, Жердің атын жазамын. Туған тілге тазамын — Батаңды бер, қазағым! Мен мектепке барамын.

Айғаным

Мектепке биыл барамын, Қолыма кітап аламын. Дайын тұр сауыт-сайманым, Дайын тұр жазар қаламым. Дайын тұр киер көйлегім, Үйімде биыл той менің. Өзімше мен кәдімгі Оқушы құсап сөйлеймін.

Алинұр

Алтыға толды жасымыз, Ересек біздер баламыз. Екіні қосып екіге, Санай да біздер аламыз. Біз мектепке барамыз, Қолға қалам аламыз. Кітапты да оқимыз, Суретті де саламыз.

Ән

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп, өнерін баршаңызға бағыштайды.

«Біз өмірдің гүліміз»

(Балалар орындарына барып отырады.)

Сахнаға «Сауат ашу» кейіпкері келеді

(Әсем әуенмен «Сауат ашу» келеді.)

Сауат ашу: Мен сендердің даярлықпен қоштасып жатқандарыңды естіп, құттықтауға келдім. Өнерлеріңді тамашалап, білімдеріңді тексергім келеді. Алдымен 1-өнерлеріңді көрейін.

Жүргізуші: Қош келдіңіз, құрметті «Сауат ашу»! Иә, біздің балалардың өнерін тамашалап, білімдерін тексеріңіз.

Толық нұсқасын жүктеу