Сен қайдан жүрсің
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы (естиярлар тобы)
- Білім беру саласы
- Таным
- Білім бөлімі
- Математика
- Тақырыбы
- Сопақша
Мақсаты
- Тіктөртбұрыш және дөңгелекпен салыстыра отырып, сипап-сезу қимылы мен көру арқылы балаларды сопақшамен таныстыру.
- 5-ке дейін реттік санау дағдысын қалыптастыру: реттік санды атай білу, «Қайсысы?» және «Нешінші?» сұрақтарына жауап беру қабілетін дамыту.
Сөздік жұмысы
Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет
Тәрбиеші:
Қайырлы таң, балалар! Тату болып, дос болып, бүгін көңілді болайық. Бір-бірімізге қарап, күлімдеп, жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
Оқиға желісі:
Есік қағылып, бөлмеге қонжық кіреді.
Тәрбиеші:
Сәлеметсің бе, қонжық! Сен қайдан келдің?
Қонжық:
Мен ұйықтап жатыр едім. Көзімді ашсам, жанымда анам жоқ екен. Оны іздеймін деп жүріп, адасып қалдым. Маған үйімді табуға көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші:
Балалар, қонжыққа көмектесеміз бе?
Ендеше орманға барып, қонжықтың анасын бірге іздейік.
Келесі қадам:
«Сопақша» тақырыбын бекітуге арналған тапсырмаларға көшеміз.