Ұмытқан затым есіме түсті қыздардың мерекесіне арнаған сыйлығымызды ұмытып кеткен сияқтымыз

Мақсаты мен ұйымдастыру

Тақырыбы

«Кішкентай арулар»

Әдісі

Сайыс форматындағы мерекелік шара.

Мақсаты

  • Қазақ халқының өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге баулу.
  • Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
  • Көпшілік алдында өзін ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Гүлдер, шарлар, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

Кіріспе көрініс

Бұл мерекелік сайыс көктемнің алғашқы лебімен, Аналар мерекесінің жылылығымен үндеседі. Бәйшешек қар астынан қылтиып шығып, нәзіктігіне қарамастан өмірге жол ашады. Сол сияқты аналар да қандай қиындық болса да төзіммен еңсереді. Көктемгі гүлдей құлпырып, аналар мерекесі құтты болсын!

1-бастаушы

Ералы: «Бүгінгі мерекеде апай бізге көмекші боласыңдар деген еді. Өзі кешігіп жатыр… Осы қыздардың кешігетін әдеті-ай!»

2-бастаушы

«Мен бір нәрсені ұмытқан сияқтымын…»

3-бастаушы

«Мені күтіп қалдыңдар ма? Кешігіп қалыппын. Нұрхан, Ералы, мерекені бастауға дайынсыңдар ма? Онда бастайық!»

Құттықтау өлең жолдары

Сіздерден өскен балалар — батыр менен даналар.
Құттықтаймын мейраммен, құрметті біздің ұстаздар!

Той — тойлап дала менен қалаларым,
Мерекең құтты болсын, аналарым!

Қара көз абзал ана, мерекеңмен
Құттықтап жатыр міне балаларың.

Әділқазылар алқасы

Байқау басталар алдында әділқазылар алқасы таныстырылады.

____________________________________________________________

Сайыстың ашылуы

Шақыру

«Уа, халайық, халайық, мұнда назар салайық! Мерекесі халықтың — көктем тойын бастайық. Көктем тойға арналған сайысты біз бастайық!»

Шашу мен өнер

«Той пердесін ашайық, тойға шашу шашайық! Аналарды қуантып, өнерден маржан шашайық!»

Қатысушыларды сахнаға шақыру

Ортаға кішкентай аруларды шақырамыз.

Кішкентай кідіріс

2-бастаушы: «Есіме түсті… Қыздардың мерекесіне арналған сыйлығымызды ұмытып кеткен сияқтымыз. Апай, рұқсат болса, алып келейік.»

3-бастаушы: «Ұлдар, бұл енді жарамады. Тез барып келіңдер!»

Сайыс кезеңдері

I кезең — Таныстыру

«Кішкентай арулар келіп жетті танысуға, бойындағы бар дарынды танытуға. Қорықпастан сахнаға келіп жетті, әдеппен, ізетпен танысуға.»

Қатысушылар өздерін таныстырады.

II кезең — Шебер қолдар

«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер». Қыздар ою-өрнек қию шеберлігін көрсетеді.

Ән

«Менің анам — алтын»

III кезең — Өнер сайысы

Кішкентай аруларымыздың өнерін тамашалайық.

IV кезең — Дәм-думан

«Ас — адамның арқауы». Бұл кезеңде арулар үйде аналарымен бірге дайындаған тағамдарын таныстырады.

Қорытынды сәт

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дегендей, сайысымыз да мәресіне жақындады. Әділқазылар шешім шығарғанша, кезекті өнерпаздарға сөз береміз.

Тақпақтар

Бексұлтан

Жарқын жүзді жан анам,
Сен дей болсын бар адам.
Сен дей болса бар адам —
Шаттық кетпес баладан.
Сен дей болса бар кісі —
Шексіз перзент алғысы.

Нұрбол

Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күнмен.
Құттықтаймын, анашым,
Сегізінші Наурызбен!

Алишер

Алақаны ақ самал,
Мәпелеген жан анам.
Көкте күнім батса да —
Өзің күнсің балаға.

Нұрберген

Баланың да тірегі,
Даланың да тірегі.
Шаршамасын ешқашан
Аналардың жүрегі.

Бақытқали Ж.

Теңдесі жоқ данасың,
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтайын,
Аман болшы, анашым.

Жасұлан

Жүре берсем қасында —
Айбат анам, ай анам.
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
Айналайын ақ мамам.

Айдаурен

«Ана» деген сөзді де,
«Әке» деген сөзді де,
«Ата» деген сөзді де —
Ойлап тапқан балалар.

Артур

«Күнім», «жаным» дегенді,
«Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді —
Ойлап тапқан аналар.

Ерасыл

Менің әжем — жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ орамалды тағынып,
Аман-есен жүр, әжем.

Диас

Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит әкеп береді.
Әжем мені өйткені
Өте жақсы көреді.

Би

Көрерменге би ұсынылады.

Хор

«Ақ мамам»

Сыйлық табыстау және марапаттау

Оқушылардың қолөнер сыйлығы

2-бастаушы Жанар: «Ұл-қыздарыңыздың жапсыру сабағында аналарына арнап дайындаған сыйлықтарын табыстауға рұқсат етіңіздер.»

Әділқазылар сөзі

«Бүгін аруларымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар. Енді әділқазылар алқасына сөз береміз.»

Марапаттау рәсімі өтеді.

Қыздарға сыйлық табыстау

3-бастаушы: «Көмекшілерімнің айтуынша, қыздарымызға сыйлықтар дайын. Ендеше, жігіттер, сыйлықтарды табыстайық.»

Ералы – Нұрхан:
Шалқып-тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз!
Қыздар, сізді құттықтап,
Сый сыйлаймыз бәріміз!

Қорытынды

Осымен Аналар мерекесіне арналған сайысымыз аяқталды. Құттықтау сөз айтылады.