Хамит Елеусізге оқушылардың шағын сыйлығын сыйлау
Оқудан тыс іс-әрекет жоспары
6-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» бағыты бойынша оқудан тыс сабақ.
Өткізу орны
Өзін-өзі тану кабинеті
Іс-шара түрі
Оқудан тыс сабақ
Тақырыбы
«Қайырымдылық – асыл қасиет!»
Құндылық
Қиянат жасамау
Қасиеттер
- Ешқашан зиян келтірмеу
- Бірлік
- Әрқашан көмектесу
Мақсаты
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыта отырып, «қиянат жасамау» құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері
- Жақсылық жасауға, әрқашан көмекке келуге, бірлесіп еңбек етуге үйрету.
- Жақсылық жасай білу дағдыларын дамыту.
- Қайырымдылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Ресурстар
Даярлық жоспары
-
1
6-сынып оқушыларына 4 желтоқсанда «Қайырымдылық – асыл қасиет!» тақырыбында оқудан тыс іс-шара өтетінін хабарлау.
-
2
Көмек көрсетуге дайындық жасау және жауапкершілікті бөлу.
-
3
Шағын сыйлық дайындау.
-
4
Атқарылған жұмыстың қорытындысын көрсету (видео, слайд, алғыс хат).
Іс-шараны өткізу жоспары
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларға мақсат-міндеттерді қысқаша түсіндіру, қауіпсіздік ережесін еске салу және жұмыс барысындағы бірліктің маңызын атап өту.
2) Бару туралы ескерту
Ауыл тұрғыны, жалғыз басты зейнеткер Хамит Елеусіз ақсақалға көмек көрсету және сұхбат алу мақсатында оқушылармен үйіне баратынымыз алдын ала хабарланады.
3) Сұрақтарды құрастыру
Оқушылармен ақсақалдың өмірлік тәжірибесіне қатысты сұрақтар тізімі бірлесіп дайындалады.
4) Еңбек міндеттерін бөлу
Қыз балалар
Үй жинау, ыдыс-аяқ жуу.
Ер балалар
Отын-суын кіргізу, ауладағы қарды күреу.
5) Сыйлық табыстау
Оқушылар ақсақалға шағын сыйлықтарын тарту етеді.
6) Сұхбат алу
Әр оқушы өз дайындаған сұрақтарына жауап алады.
7) Естелік фото
Жалғыз басты зейнеткермен бірге естелікке суретке түсу.
8) Үй шаруасына көмектесу
Белгіленген міндеттер бойынша нақты көмек көрсетіледі. Жұмыс барысында қауіпсіздік, ұқыптылық және өзара сыйластық сақталады.
9) Қорытындылау
Оқушылар атқарылған жұмыстарды талқылайды, қайырымдылықтың мәнін және «қиянат жасамау» құндылығының өмірдегі көріністерін қорытындылайды. Қайырымдылық акциясына қатысқан оқушыларға алғыс білдіріледі.
Сұхбатқа ұсынылатын сұрақтар
Сұрақ 1
Туған жылыңыз бен өміріңіз туралы қысқаша айтып өтсеңіз.
Сұрақ 2
Еңбек жолыңызды қай жылы бастадыңыз?
Сұрақ 3
Өміріңіздің қандай қызықты кезеңдері есіңізде қалды?
Сұрақ 4
Бізге қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?