Балалар мен сендерге бір ертегі айтып берейін

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Тақырып

Ұзын — қысқа. Сол жақта — оң жақта.

Әдістер

  • Салыстыру
  • Түсіндіру

Көрнекіліктер

  • Ұзын және қысқа заттар
  • Шаршы пішіндер
  • Ағаштардың суреті (шырша, қарағай)

Қос тілділік

Ұзын
длинный
Қысқа
короткий
Сол
левый
Оң
правый

Сөздік жұмыс

Оң жақ Сол жақ Ұзын Қысқа

Әрекет кезеңдері

Мотивациялық-қозғаушылық

Амандасу рәсімі

Ал, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ шытқан не керек,

Көңілді болып жүрейік.

Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер өте мейірімдісіңдер, жүздеріңнен күн нұры төгіліп тұрғандай әсем көрінесіңдер. Енді орнымызға жайғасып отырайық.

Балалар, мен сендерге бір ертегі айтып беремін.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ертеде бір байдың үш қызы болыпты. Үлкені — Айнұр — ең ұзын, ортада тұрады. Ортаншысы — Айгүл — аласа бойлы, оң жақта. Кішісі — Айжан — ең тапал, сол жақта.

Сұрақтар

  • Ең ұзын қыздың аты кім? (Айнұр)
  • Айгүлден қысқа қыздың аты кім?

Үлестірме материалмен жұмыс

  • Әр қыздың қай үйде тұратынын анықтап, олардың үйлеріне жол салыңдар.
  • Оң жақ және сол жақ ұғымдарын қайталаймыз.

Биік үй

Оң жақта

Одан аласа үй

Ортада

Ең тапал үй

Сол жақта

Ертегінің жалғасы

Бір күні қыздар орманға жидек теруге барыпты. Орманға барар жолда олар өзенге тап болады. Өзен жағасында екі ағаш өсіп тұр екен: аласа ағаш — шырша, биік ағаш — қарағай. (Суреттері тақтаға ілінеді.)

Бағыт-бағдар сұрақтары

  • Шырша қай жерде өсіп тұр? Қарағай ше?
  • Қай ағаш биік, қай ағаш аласа?

Жұмбақтар

Орманда қыздар нені кезіктіргенін жұмбақ шешу арқылы табыңдар.

Үсті толы инелер,
Бірақ та іс тігіп,
Қадамайды түймені.

Жауабы: Кірпі

Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді.

Жауабы: Ақтиін