Ғаламтор және әлеуметтік желілер

Қысқа мерзімді жоспар

Бөлім

Ғаламтор және әлеуметтік желілер

Тақырып

Әлеуметтік желіні пайдаланамын

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік және шақ түрлерін тілдесім барысында қолданады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін ажыратады.

Кейбір оқушылар орындай алады

Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктейді, зерттеп, өз пікірін білдіреді.

Бағалау критерийлері

  • 1

    Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік және шақ түрлерін тілдесім барысында қолданады.

  • 2

    Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды.

Сабақ барысы

Басы

5 минут

  1. Топқа бөліну: суреттер арқылы топтарға бөліну.
  2. Алдыңғы білімді пысықтау («Микрофон» әдісі): топтар микрофон арқылы әлеуметтік желінің екі пайдалы және екі зиянды тұсын айтып, пікірін дәлелдер келтіре отырып жеткізеді.

Ортасы

15 минут

Ой түрткі (сұрақтар)

  1. Суреттегі шартты белгілер нені білдіреді?
  2. Олар қандай ақпарат береді?
  3. Бұл желілерді кім қолданады?
Білу Түсіну

Тілдік бағдар

Етістіктің шақтары туралы түсінік.

6-тапсырма: «Кімнің жады мықты?»

  1. Топқа бірігіңдер.
  2. Мәтінді бөліктерге бөліп алып, бір рет оқыңдар.
  3. Әрқайсысың өзің оқыған бөлік бойынша түсінгендеріңді айтып беріңдер.
  4. Қай топтың оқушылары нақты әрі дұрыс айтса, сол топ жеңеді.
Қолдану

7-тапсырма

Берілген етістіктерді мақсатты келер шаққа айналдырып, сөйлемдер құраңдар.