Шығармашылық тапсырма Мақал - сөздің мәйегі шағын шығарма

Қазақ әдебиеті (5-сынып)

Сабақтың тақырыбы
Мақал-мәтелдер
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыс
Көрнекіліктер
Мақал-мәтелдер жинағы, интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі

Сабақтың мақсаты

  • Мақал-мәтелдер туралы түсінік беру, мағынасын ашып, ұғындыру.

  • Сауатты жазуға дағдыландыру, ана тілін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу, сөйлегенде мақал-мәтелді орынды қолдана білуге үйрету.

  • Халық әдебиеті мен мәдениетін дәріптеу, ұлттық сананы қалыптастыру, табиғатты сүюге әрі аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, оқушыларды түгендеу.
  • Оқу құралдарын тексеру.
  • Оқушы назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Наурыз туралы өлеңдер.
  2. Өлеңдерді жатқа айту.

III. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Ой қозғау сұрақтары:

  1. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
  2. Ауыз әдебиетінің түрлері қандай?

Ауыз әдебиетінің бір түрі — мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдерде көбіне нақыл сөз, ақыл-өсиет айтылады.

Мақал-мәтелдер — халық даналығы мен көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Олар өмір шындығын танытып, кейінгі ұрпаққа қалдырылған өсиет пен өмір сүру қағидаларын жинақтайды.

«Сөздің көркі — мақал»

Мақал-мәтелді ойға орайластырып, орынды қолдана білген адамның сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Аз сөзбен терең мағыналы ойды жеткізу — мақал-мәтелдің басты қасиеті.

IV. Оқулықпен жұмыс

  • Туған жердей жер болмас,

    Туған елдей ел болмас.

  • Еңбек түбі — берекет.

  • Нар тәуекел — ер ісі.

  • Ырыс алды — ынтымақ.

V. Сөздік жұмысы

Зейнет
Еңбектің рақаты, жемісі, игілік.
Елгезек
Айтқанды екі еткізбейтін, тілалғыш, пысық.
Мұрат
Алға қойған мақсат, арман, тілек.
Тәуекел
Бір іске жалтақтамай батыл кірісу, белді бекем буу.
Батпан
Өте үлкен, ауыр.
Мысқал
Болар-болмас, азғантай, кішкентай.
Шөміш
Ожау.

Сәйкестендіру әдісі

Төмендегі мақал-мәтелдерді тақырыптарымен сәйкестендіріңіз.

Ердің атын еңбек шығарар.

Тақырып: Еңбек

Өнер алды — қызыл тіл.

Тақырып: Оқу, білім, өнер

Нар тәуекел — ер ісі.

Тақырып: Ерлік, батырлық

Көп түкірсе — көл.

Тақырып: Достық, жолдастық

Жігітті жолдасынан таны.

Тақырып: Отан, туған жер, халық

VI. Шығармашылық тапсырма

Тапсырма:

«Мақал — сөздің мәйегі» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз.

VII. Бекіту

  • Мақал-мәтелдің ерекшелігін қысқаша қорытындылау.
  • Бүгінгі сабақта үйренген мақалдарды орынды қолдануға мысал келтіру.

VIII. Үй тапсырмасы

Мақал-мәтелдерді жаттау.

IX. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптарының толықтығы және шығармашылық тапсырманың орындалуы бойынша бағалау.