Дәптерде Үшінші аялдама
Сабақтың тақырыбы
Я дыбысы мен әрпі. «Сұр қоян» өлеңі.
Сабақтың түрі
Бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі
Аралас сабақ: топтық және жеке жұмыс, ойын түріндегі тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс
Ән, дүниетану.
Көрнекіліктер
- Сөзжұмбақ.
- Үнтаспа, теледидар.
- Кесте: «Я» дыбысы мен әрпі бар сөздер, «Сұр қоян».
- Қималар (кеспе әріптер).
- Сахналау.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- «Я» дыбысы бар сөздерді оқуға және жазуға дағдыландыру.
- «Сұр қоян» өлеңін мәнерлеп оқуға, мазмұнын түсінуге үйрету.
Тәрбиелік
- Ойын еркін айтуға дағдыландыру.
- Әсемдікті сезінуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Дамытушылық
- Ойын арқылы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Кірісейік сабаққа, кірісейік оқуға. Оқудан «5» алайық, үйге қуанып барайық.
Балалар, қазір бізде қай сабақ?
Әліппе.
Шағын өлең жолдары:
Менің атым — Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен
Бауыржан да, Мәлік те.
Бүгін сабағымызға қонақтар келді. Қазақта «Қонақ — ырыс» деген сөз бар. Ендеше, алдымыздан тек жақсылық күтейік.
Сәлемдесу: оқушылар қонақтарға қарап, бас иіп амандасады.
Бүгін біз «Білім еліне» саяхатқа шығамыз.
1-аялдама: «Кім батыл?» (сұрақ-жауап)
- Дыбыс деген не?
- Дыбысты естиміз. Құлақпен естілетін үн.
- Әріп деген не?
- Әріпті көреміз, жазамыз, айтамыз.
2-аялдама: Өткенді еске түсіру
Қай дыбыстың таңбасын көріп тұрмыз?
Г
«Г»-ден басталатын сөздер: гүл, газет, Гүлжан, Гүлім, Гүлден және т.б.
Әріптердің баспа түрі қайда жазылады? Кітапта.
Жазба түрі қайда жазылады? Дәптерде.
3-аялдама: «Тездет, бірақ қателеспе!»
Тапсырма 1
«Ұя» өлеңін жатқа айту.
Тапсырма 2
«Я» дыбысы бар қандай сөздерді білеміз?
Тақтаға жазу: шаян, қияр, тақия, таяқ және т.б.
4-аялдама: «Кім жылдам?» (сөзжұмбақ)
Қолы жоқ — сурет салады,
Тісі жоқ — тістеп алады.
Жауабы: аяз
Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты.
Жауабы: пияз
Есек құлақты,
Ешкі құрықты.
Мысық аяқты,
Көрдім жүйрікті.
Жауабы: қоян
Тал басында
Тамаша үй.
Жауабы: ұя
Сөзжұмбақта бір аңның аты бар. Ол қандай аң?
Қоян
Ассоциация
ҚОЯН
Буынға бөлу
Қо — ян
Дауысты дыбыстар
2: о, я
Дауыссыз дыбыстар
2: қ, н
Кеспе әріптерді пайдаланып, «қоян» сөзін құрастыру. Бір оқушы тақтаға жазады.
Жаңа сабақтың тақырыбы сурет арқылы ашылады.
5-аялдама: Оқулықпен жұмыс
Мұғалім «Сұр қоян» өлеңін мәнерлеп оқып береді.
Қарамен берілген күрделі сөздердің мағынасы түсіндіріледі.
Сұрақ
Қандай қоян?
Ұзын құлақты сұр қоян.
Сұрақ
Қоян не істеді?
Сыбдырды естіп қалып, ытқып жүгіре жөнелді.
Бір кезде артына көзінің қиығын салып қараса, томпаңдап келе жатқан — өзінің көжегі екен.
Кісі аттары мен жер-су атаулары қандай әріптен басталып жазылады?
Бас әріптен.
6-аялдама: Сергіту сәті
Бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды, екінші оқушы маска киіп қимылмен көрсетеді.
Ауылдағы қоянның,
Сәбіздері көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
7-аялдама: Дәптермен жұмыс
Жай дәптерге жазу үлгілері:
Жер-су атаулары:
Оқушылар кезектесіп тақтада да орындайды.
Қорытындылау және бағалау
Бүгінгі сабақта нені өттік? Қандай тапсырмалар ұнады?
Оқушылар мадақталады: сабаққа белсенді қатысқандары үшін алғыс айтылады.
Сабақ соңында «Сұр қояннан» шағын сыйлық бар екені айтылады.
Өзін-өзі бағалау
Кім өзін «5»-ке бағалайды — қол көтерсін. Кім «4»-ке жауап бердім деп есептейді — қол көтерейік.