Қазыға арналған етті өткір пышақпен ішекке сыятындай етіп тіліп, түзу қалыпқа келтіріп салқын жерге шығарып қойған дұрыс

Қазы айналдыру: кезең-кезеңімен

Қазының әдемі пішіні мен ерекше дәмі бірнеше қарапайым, бірақ маңызды қадамға байланысты. Төмендегі тәсілдер қазыны ұқыпты дайындауға көмектеседі.

1) Етті дайындау

Қазыға арналған етті өткір пышақпен ішекке сыятындай етіп тіліп, пішінін түзу келтіріңіз. Дайын етті салқын жерде біраз ұстап қойған дұрыс.

2) Ішекті мұқият жуу

Алдымен ішекті жуып-тазалап алыңыз. Үлкен ыдысқа салып, үстіне 3–4 уыс тұз қосыңыз да, ішектің ішін тұзбен ысқылап жуыңыз. Кейін 4–5 рет салқын сумен жақсылап шайыңыз.

Ескерту: Қарын мен қартаны да осы тәсілмен жуып-тазалаған дұрыс.

3) Дәмдеуіш қоспасын әзірлеу

Қазының дәмін айқындайтын қоспа: тұз, майдалап туралған сарымсақ және қара бұрыш. Үшеуін біркелкі етіп араластырып қойыңыз.

4) Жіпті дайындау

Ішектің екі ұшын байлау үшін алдын ала жіп дайындап қойыңыз.

5) Қазы айналдыру (ет салу)

Ішектің майы сыртқа қарап тұруы керек — осыны шатастырып алмаңыз.

Салқын жерден етті алып келіп, қалауыңызша тұздаңыз. Еттің қалың жерлерін сәл тіліп, дайындаған дәмдеуішті тегістеп жағыңыз.

Етті ішекке асықпай, жайлап тығыңыз. Май мен ет бөлек-бөлек болып қалмас үшін, екеуінің қатар орналасуын қадағалаңыз.

6) Байлау және кептіру

Ішекке етті толық салып болған соң, екі ұшын жіппен мықтап байлаңыз. Дайын қазыны салқын жерге шығарып, кептіріп алған жөн.

Қазының атаулары мен өлшемі

Қазы семіз-арықтығына қарай түрліше аталады. Дәстүрлі түрде оны елi, бармақ, шынашақпен өлшейді. Қазының кере қазы, тең қазы, сере қазы, табалдырық қазы, би қазы, дөңбек қазы, шынтақ қазы сияқты атаулары бар.

кере қазы тең қазы сере қазы табалдырық қазы би қазы дөңбек қазы шынтақ қазы

Дайындаған

Асыл

Толық нұсқасын қарау.