Біз қандай дыбыстары бар сөздерді дұрыс жазуға, оқуға үйрендік

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Пәні
Қазақ тілі (3-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Өзіңді-өзің тексер
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік
Көрнекіліктер
Тірек сызба, қима қағаздар

Сабақтың мақсаттары

  • Білімділік: оқушылардың алған білімдерін тиянақтап, пысықтауға мүмкіндік жасау.
  • Дамытушылық: байланыстырып сөйлеу тілін, дұрыс жазу және дұрыс оқу дағдыларын дамыту.
  • Тәрбиелік: адамгершілікке және еңбекке баулу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Психологиялық дайындық (өлең)

Қазақ тілі – өмірің де, өлең де,

Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.

Қазақ тілі – болашаққа жетелеп,

Ұрпақтарды танытады әлемге.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • 4-жаттығуды тексеру.
  • Оқушылардың оқуын тыңдау.

III. Мақсат қою кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

IV. Жан-жақты білімдерін тексеру

«Жеміс жинау» ойыны: алмаларды тиісті сауыттарға салу арқылы білімді тексеру.

Сұрақтар

  • Қандай дыбыстары бар сөздерді дұрыс жазуға және дұрыс оқуға үйрендік?
  • Олар қандай дыбыстар?

V. Өзіндік жұмыс

  • Кіріспе сөз.
  • Дәптермен жұмыс: күн ретін жазу.
  • Көркем жазу.

VI. Кітаппен жұмыс

5-жаттығу

Жатқа жазу

Өлеңді 2–3 рет қайталап оқып, жатқа жаз.

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу, жаттау, жатқа сұрау. Тыныс белгілеріне мән беріп, жатқа көшіру.
  2. Сен де Отаныңды қорғауға дайынсың ба?

Өлең

Ұлан-байтақ жерімді,

Ұлан-байтақ елімді

Қорғап тұрған сенімді –

Армиямыз қаһарман!

6-жаттығу

Көркем жазу • Ақпараттық ізденіс

  1. Мәтінді дауыстап оқып, жазуға дайындал. Форзацтағы екінші нұсқауды басшылыққа алып, мәтінді көшір.
  2. Әбу Насыр кім болған? Ол қай жерде дүниеге келген? Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Дыбыстық талдауға үлгі

Әріп Сипаттамасы
Х Қатаң дауыссыз дыбыс
Ф Қатаң дауыссыз дыбыс
О Дауысты дыбыс
А Жуан дауысты дыбыс
Р Үнді дауыссыз дыбыс
С Қатаң дауыссыз дыбыс
Б Ұяң дауыссыз дыбыс
И Дауысты дыбыс
Н Үнді дауыссыз дыбыс
Ғ Ұяң дауыссыз дыбыс

Ескерту: нақты талдау қарамен берілген сөздерге жасалады.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушыларды сергіту.

7-жаттығу

Өзіндік жұмыс

Мақал-мәтелдің жалғасын тауып оқы, мағынасын түсіндір, көшіріп жаз.

Жақсының аты өлмейді, …

Ғалымның хаты өлмейді.

Әркімнің өз туған жері – …

Мысыр шаһары.

Ел басы – біреу, …

Халқы оған тіреу.

Ынтымақ халықты асырар, …

Ұрыс ырысты қашырар.

Қосымша тапсырма

Қарамен жазылған сөздің түбірін ата.

VII. Бекіту

Оқушыларға үлестірмелі қима қағаздар таратылады.

№1

Ф әрпі бар 4–5 сөз тауып жаз. Оларға дыбыстық талдау жаса.

№2

Х әрпі бар 4–5 сөз тауып жаз. Оларға дыбыстық талдау жаса.

№3

Ауызекі сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің қайсысы бұрын пайда болды?

№4

«Халық» сөзі бар 2 мақал жаз.

№5

Ц әрпі бар 4 сөз жаз. Оларға дыбыстық талдау жаса.

VIII. Қорытындылау

Сұрақтар:

  • Бүгін біз нені үйрендік?
  • Х, һ, ц, ч, щ, ш дыбыстары қандай дыбыстар?
  • Олар кездесетін қандай сөздерді білесіңдер?

IX. Үй тапсырмасы және бағалау

  • Үй тапсырмасын беру.
  • Оқушылардың білімін бағалау.