Электронды оқулық арқылы түсіндіру

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Жай бөлшек ұғымын, оны оқу және жазу тәсілдерін түсіндіру.
  • Есеп шығару дағдыларын жетілдіру.
  • Жай бөлшектердің оқылуы мен жазылуын меңгерту.

Дамытушылық

  • Оқушылардың ойлау қабілетін және пәнге қызығушылығын арттыру.
  • Ауызша және жазбаша тез есептеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

  • Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
  • Топпен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ форматы

Сабақ түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақ әдістері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.

Көрнекіліктер

  • Электронды оқулық
  • Компьютерлік слайд
  • Тірек-сызбалар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Өтілген тақырыпты пысықтау (тест)

I топ

1) Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ) деген не?

Жауабы: a және b сандары бөлінетін ең үлкен натурал сан.

2) ЕҮОБ мәндерін табыңдар:

  • ЕҮОБ(6; 12) =
  • ЕҮОБ(15; 225) =
  • ЕҮОБ(16; 64) =
  • ЕҮОБ(4; 44) =
  • ЕҮОБ(5; 35) =

II топ

1) Ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ) деген не?

Жауабы: берілген сандарға еселік болатын ең кіші натурал сан.

2) ЕКОЕ мәндерін табыңдар:

  • ЕКОЕ(3; 8) =
  • ЕКОЕ(2; 5) =
  • ЕКОЕ(8; 11) =
  • ЕКОЕ(6; 7) =
  • ЕКОЕ(10; 100) =

III. Жаңа сабақ

Түсіндіру

  • Тақырып электронды оқулық арқылы түсіндіріледі.
  • Мысалдар арқылы бөлшектің алымы, бөлімі және оқылуы бекітіледі.

Өмірмен байланысты мысал

Жер телімі 9 бөлікке бөлінген. Оның 4 бөлігіне көк, 3 бөлігіне сары, 2 бөлігіне қызғылт жұлдызгүл тұқымы егіледі. Әр гүлзар бір ғана атызға отырғызылады.

Сұрақ: жер телімі бірдей неше атызға бөлінді?

Көк

4/9

Сары

3/9

Қызғылт

2/9

Ереже

Жай бөлшектің бөлімі бүтіннің қанша тең бөлікке бөлінгенін, ал алымы сол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді.

Бөлшек сызығы

Бөлшек сызығы бөлу амалын білдіреді: 1 : 9 = 1/9.

Терминдер

4/9 бөлшегінде 4 — алым, 9 — бөлім.

Өлшем бірліктері арқылы мысал

1 дм = 10 см. Демек, 1 см1/10 дм.

Жауабы: 1 см = 1/10 дм.

Есептер шығару

Ауызша жұмыс

№358–№359 тапсырмаларын ауызша орындау.

№360

Әр шаршының боялған бөлігін жай бөлшек түрінде жазыңдар.

№361

Фигуралардың қандай бөлігі боялғанын анықтап, жай бөлшекпен жазыңдар.

№362

Фигураның боялған бөліктері жай бөлшекпен дұрыс көрсетілгенін тексеріңдер:

  • 1 — дұрыс
  • 2 — дұрыс
  • 3 — дұрыс емес
  • 4 — дұрыс емес

№363 — бөлшектерді оқу және жазу

Оқылуы Жазылуы
Алтыдан бес 5/6
Он үштен сегіз 8/13
Отыз сегізден үш 3/38
Қырықтан он бір 11/40
Тоқсан жетіден жиырма 20/97
Үш жүзден алпыс екі 62/300

№364 — бөлуді бөлшек түрінде жазу

2 : 17 = 2/17

72 : 113 = 72/113

6 : 19 = 6/19

324 : 1001 = 324/1001

31 : 100 = 31/100

500 : 501 = 500/501

22 : 25 = 22/25   •   721 : 999 = 721/999

Өздік жұмыс

Әр оқушы 5 жай бөлшек жазады.

№365 — аралас жазылымды түрлендіру

Жай бөлшек Бөлу түрінде Жай бөлшек Бөлу түрінде
2/23 2 : 23 7/400 7 : 400
10/47 10 : 47 11/3462 11 : 3462
65/73 65 : 73 400/523 400 : 523
205/333 205 : 333 1489/5555 1489 : 5555

Шығармашылық тапсырма

Үш таңбалы сан ойлаңдар (мысалы, 123). Ойлаған санға сол санның өзін тіркеп жазыңдар: 123123.

  1. Шыққан санды екінші оқушыға беріңдер.
  2. Екінші оқушы санды 13-ке бөліп, нәтижесін үшінші оқушыға береді.
  3. Үшінші оқушы нәтижені 11-ге бөліп, төртінші оқушыға береді.
  4. Төртінші оқушы шыққан санды 7-ге бөліп, нәтижені оқиды.

Нәтижесінде оқылған сан — бірінші оқушы ойлаған бастапқы сан болады.

№366

Есеп шығарылады (сыныппен бірге талдау арқылы).

IV. Қорытындылау (сұрақтар)

  1. Жай бөлшектің бөлімі нені білдіреді?
  2. Жай бөлшектің алымы нені білдіреді?
  3. Екі натурал санның бөліндісін жазудың қандай тәсілдері бар?
  4. Натурал санды жай бөлшек түрінде жазуға бола ма?

V. Үй тапсырмасы

№367 есеп.

VI. Бағалау

Оқушылардың күнделігіне баға қою.