Орда өлкесінің тарихы - қалың
Дәйексөз
«Өз жерінің, өз елінің тарихын, атақты азаматтарын құрметтей білу — халықтың сана-сезімінің өсуіне себеп болады».
Н. Ә. Назарбаев
Махамбет — ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Қай елдің, қай ұлттың болмасын өзіне тән өткен тарихы, тұрмыс-тіршілігі және ұлттық мұрасы бар. Сол тарих деп аталатын өмір соқпағының әр кезеңінде халық игілігі үшін қызмет еткен тарихи тұлғалардың болғаны белгілі.
Тарих тағылым үшін қажет. Өйткені өткенін саралап, бүгінін бағамдай алмаған халықтың ертеңін ардақ тұтуы неғайбыл. Барымызды бағалап, жоғалғанымызды түгендеудің маңызы зор.
Перзенттік парыз
Ата аманатындай қастерлі Бөкей Ордасы өңірінің сан ғасырлық тарихындағы қатпарлы құпияның бетін ашып, жабулы жұмбағын шешу — біздің перзенттік борышымыз.
Орда өлкесі: табиғат қана емес, тағылым
Орда өлкесінің тарихы қалың. Ол әсем де бай табиғатымен ғана ерекшеленбейді. Бұл өлке күллі Қазақстан халқына көрнекті мемлекеттік қайраткерлерді, әскери қолбасшылар мен халық батырларын сыйлады. Өнер алды — қызыл тілдің иелері болған ақын-жырауларын ардақтап, қос ішекті домбыраға тіл бітірген күйшілерді түлетті.
Ел мақтанышына айналған есімдер
Бүгінде бүкіл халқымыздың мақтанышына айналған Құрманғазы мен Дина, Исатай мен Махамбет, өткен ғасырдың дарабоз ақыны Т. Жароков, бүгінгі дүлдүл ақындар Айбатыр мен Ғайса-Ғали Сейтақ, сахна өнерінің хас шебері Хадиша Бөкеева, партизан Н. Байсейітова, ұшқыш-жауынгер Хиуаз Доспанова — осы өңірдің түлектері.
Руханият пен ерлік шежіресі
Күй мен өнер дәстүрі
- Құрманғазы
- Дина
- Дәулеткерей
- Сейтектер
Ерлік пен еңбек даңқы
- Кеңес Одағының Батырлары: М. Мәметова, Т. Масин, А. Құсайынов
- 24 Социалистік Еңбек Ері шыққан өңір
Мемлекет және қоғам қайраткерлері
- Тұңғыш қазақ Президенті С. Меңдешев
- А. Оразбаева, Х. Чурин
- Қазақ генералдары: Р. Құрманғалиев, Ш. Жексенбаев
Ғылым мен музыка әлемі
- Композиторлар: Б. Жұманиязов, Ш. Қажығалиев, М. Сағатов
- Академиктер: З. Бияжов, Ф. Мұхамбетқалиев, Ғ. Зарипов, Т. Махимов
Мұраны қорғау — міндет
ХІХ ғасырлық ғимараттар мен ескерткіштерді сақтау мәселесін көтеріп, оларды үкімет тарапынан қорғауға алу ісіне ықпал еткен ағаларымыздың да осы Ордадан шыққанын көпшілік біледі. Ал өзге де дара таланттарымыз қаншама?
Автор
Алмурзина Гүлмира Жолдыбаевна — Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогы.