Тілім барда айтылар сөз ойдағы

«Білгір – ана» интеллектуалдық сайысы

«Білгір – ана» — ата-аналарға арналған интеллектуалдық сайыс. Бұл шараның негізгі мақсаты — елге, жерге, қазақ тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ой-өрісті дамыту, сөздік қорды байыту және дүниетанымды кеңейту.

Көрнекіліктер

  • Сұрақтар жазылған кестелер
  • Слайд материалдары
  • Ақын-жазушылардың тіл туралы қанатты сөздері

Жүргізушілердің кіріспе сөзі

1-жүргізуші
Сүйемін туған тілім — ана тілім,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
2-жүргізуші
Туған тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім — мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім — мен де бірге өшемін.

1-жүргізуші: Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Білгір – ана» интеллектуалдық байқауын бастаймыз. Сайысқа 6 ата-ана қатысады. Байқау 5 кезеңнен тұрады.

Әділқазылар және қатысушылар

2-жүргізуші
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

(Әділқазылар алқасымен таныстыру)

1-жүргізуші
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік, ұландар-талабкер,
Дос көңілден — адал, аппақ ниетпен.

(Сайысқа қатысушылар ортаға шақырылады)

І кезең — «Бәйге»

Ереже

  • Жауап нақты әрі жылдам болуы керек.
  • Қызыл шеңберді бірінші көтерген қатысушы алдымен жауап береді.
  • Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Сұрақтар

  1. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
  2. «Қазақ хрестоматиясын» кім жазды?
  3. Зат есімнің сұрақтары қандай?
  4. Абайдың қанша қара сөзі бар?
  5. «Дуылға», «сауыт» сөздері қандай сөздер?
  6. «Батыр» сөзінің антонимі қандай?
  7. Қазақтың ағартушысы әрі этнограф-ғалымы кім?
  8. «Менің атым — Қожа» хикаясын кім жазды?
  9. Абайдың немере ақын інісі кім?
  10. Екі кісінің сөйлесуі қалай аталады?
  11. Әлемдегі ең ірі шөл қайсы?
  12. Тұңғыш әйел-ғарышкер кім?
  13. Аспан денелерін бақылайтын аспап қалай аталады?
  14. Әлемдегі ең ірі арал қайсы?
  15. Кептірілген жүзім қалай аталады?
  16. Ең суық материк қайсы?

Ескерту: І кезең қорытындысы бойынша ұпай саны ең аз қатысушы ойыннан шығады.

ІІ кезең — «Жалғастыру»

Ереже

Өлеңнің алғашқы жолдары оқылады. Қатысушы өлеңді жалғастырып айтуы керек. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Тапсырмалар

  • 1

    «Ау, қызғыш құс, қызғыш құс...»

    Махамбет

  • 2

    «Таулардан өзен ағар сарқыраған...»

    Ыбырай

  • 3

    «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...»

    Абай

  • 4

    «Өнер-білім бар жұрттар...»

    Ыбырай

  • 5

    «Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан...»

    Абай

  • 6

    «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды...»

    Абай

  • 7

    «Түркістан — екі дүние бесігі ғой...»

    Мағжан

  • 8

    «Ең бірінші бақытым — халқым менің...»

    Мұқағали

  • 9

    «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы...»

    Абай

  • 10

    «Таза мінсіз асыл тас...»

    Асан қайғы