Көпмүшелерге амалдар қолдану

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

7.2 бөлім: Көпмүшелер

Сынып

7 сынып

Сабақ тақырыбы

Көпмүшелерге амалдар қолдану

Сабақ типі

Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы

Оқу мақсаттары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):

  • 1

    7.2.1.8

    Көпмүшені бірмүшеге көбейтуді орындау.

  • 2

    7.2.1.9

    Көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындау.

Сабақ мақсаттары

Оқушыларға көпмүшені бірмүшеге және көпмүшеге көбейту ережелерін меңгерту және оларды қолдануға дағдыландыру.

Сабақтың құрылымы

Сабақтың басы (4 минут)

  1. Оқушылармен амандасу, көңіл күйін сұрау, сабаққа дайындығын анықтау және оларды жұппен отырғызу.
  2. Білімді өзектендіру үшін сұрақтар қою:
    • Бірмүше дегеніміз не?
    • Бірмүше және көпмүше ұғымдарының арасында қандай байланыс бар?
    • Бірмүшені дәрежеге шығару қалай орындалады?
    • Екі бірмүшені көбейту қалай орындалады?
    • Ұқсас мүшелер дегеніміз не?
  3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау. Бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы (6 минут)

Жаңа тақырыпты түсіндіру

  1. Мұғалім таныстырылым көмегімен жаңа тақырыпты түсіндіреді.
  2. Түсіндіру барысында интернет желісі арқылы BilimLand сайтын пайдаланып видеоматериал көрсетеді немесе сол сайттан жүктелген дайын видеоны гиперсілтеме арқылы ұсынады.
  3. Оқушыларға негізгі анықтамаларды дәптерлеріне жазғызады.

Қосымша материалдар

  • «Көпмүшелерге амалдар қолдану» материалы (жүктеу).
  • «Көпмүшелерге амалдар қолдану» слайдтары (жүктеу).