Жас мамандарға кеңестер беру
«Мен жастарға сенемін» (тренинг-кеңес)
Мақсаты: жас мамандарға қолдау көрсету, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Бұл тренингте мына сұрақтарға жауап іздейміз: айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз тани аламыз ба? Осы арқылы тұлғаның адамгершілік ұстанымын айқындап, жас мамандарға нақты кеңестер беріледі.
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Нақыл сөздер
- Жұмыс парағы
- Слайд
Нақыл сөздер
«Жас келсе – іске»
«Мен жастарға сенемін»
«Әрбір бала – бір жұлдыз. Жарқырауына көмектес!»
Кіріспе сөз
Құрметті ұстаздар! Өз қызметін алаңсыз әрі нәтижелі атқару үшін ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек қажет екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін әріптестеріміздің тәжірибесінен түйін алып, бір-бірімізді қолдаудың мәнін тереңірек түсінеміз.
Бүгінгі мақсатымыз – айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымызды зерделеп, «олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз тани аламыз ба?» деген сұрақтарға жауап іздеу. Сондай-ақ жас мамандардың ауызбіршілігін нығайтып, көппен жұмыс істеудің маңызын айқындап, қажетті кеңес беру.
Ендеше, сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
I. Зейінді зерттеп, зерделеу
Мюнстерберг әдістемесі
Әдістеменің мақсаты: зейіннің таңдамалылығын анықтау.
Нұсқау: көптеген әріптердің арасынан тұтас сөздер жасырылған. Міндетіңіз – мәтінді тез оқи отырып, табылған сөздердің астын сызу.
Жаттығу мәтіні
Алсакаұстазенроглаежаратылысынаннгшщтлрөзінеоыэемайтылғанныңюбпмбәрінтчюмитожетеплвлцшцтүсінгенйзчмюиькөргенопшнестігеноитмижәнечсвраңғарғанплоюьнәрселерініңюъзщхбәрінгешуүғжадындаұхориюсақтайтынаьврешнәрсенічмситбэдхзұмытпайтынһөұнепалғыраоьдамсчаңғарымпазмврақылпоиьиесісимвппрьюбжддөнержлдрлпбілімгеосиибоқұштарпраыар-цккунамысынегщрдардақтайтынтибмисмчжұрттыңвделпонбәрінеиьсвжақсылықщепенлршізгілікгекуүғүнлпмпвкөрсетіпнкнщррдмқорқынышмывдерпенлмвфцөжасқануқңһұндегендіомжөйғебілмейтіншрпщибатылпизелхзержүрекыеибжпэболуыФъхузъекерекщнщрммөцщ Алсакаұстазенроглаежаратылысынаннгшщтлрөзінеоыэемайтылғанныңюбпмбәрінтчюмитожетеплвлцшцтүсінгенйзчмюиькөргенопшнестігеноитмижәнечсвраңғарғанплоюьнәрселерініңюъзщхбәрінгешуүғжадындаұхориюсақтайтынаьврешнәрсенічмситбэдхзұмытпайтынһөұнепалғыраоьдамсчаңғарымпазмврақылпоиьиесісимвппрьюбжддөнер-жлдрлпбілімгеосиибоқұштарпраыар-цккунамысынегщрдардақтайтынтибмисмчжұрттыңвделпонбәрінеиьсвжақсылықщепенлршізгілікгекуүғүнлпмпвкөрсетіпнкнщррдмқорқынышмывдерпенлмвфцөжасқануқңһұндегендіомжөйғебілмейтіншрпщибатылпизелхзержүрекыеибжпэболуыхъхузъекерекщнщрммөцщ АпкеплиАрыстандайлчапщрлхзещьтайбаттылбывнзрзлрьжолбарыстайьжэжодлзохпсъхьзлъқайраттыохдзлхглөгшққырандайөһеьщхзрпщхзашокүштіимаригврашгпруышқанаттыапиомдиолмлимендлимджилпжщлрещзшржастарғащзшщпзшлсенемінимзщилдепмилжмплижзақынпщрзпМағжаншрщпПРзтлсчждсвдвзшажұмабаевшкұпиовү, ууғүаржырлағандайвнашгрпрбіздіңдещшнүапрнвпсжастарғаоилтдощнартарршапогмоиоиоисенімімізлрдощршпгпнсмолапвевеанапсенімгилтзотзбарлжьдсмдыжерделфоцуовлаүмітдмижижбартжтжьжьүмітжтжтжбартижмиджердеслалшолөмірьббюибариэжэижтьдсондықтаньюббсьсчрдавн, кпгршәрқашандкащоұүщоллрпоасенімгевпарпоолблайықтыжбьютболыңыздарииомрсрвпнешгщозож
Ой түйіні
Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты — «Мен жастарға сенемін!» — деп ақын Мағжан Жұмабаев жырлағандай, біздің де жастарға артатын сеніміміз мол.
Сенім бар жерде – үміт бар. Үміт бар жерде – өмір бар. Сондықтан әрқашан сенімге лайықты болыңыздар.
Бейнелік тапсырмалар
1-тапсырма
Жарқын шуағын төккен күн астында әртүрлі нәсілдегі үш баланың қол ұстасып тұрғанын көз алдыңызға елестетіңіз. Сыртқы түстері әртүрлі болғанымен, олардың жан дүниесі бірдей. Сондықтан ұлағатты ұстаздар оларға күн сәулесіндей тең мөлшерде мейірім шуағын төгеді.
2-тапсырма
Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар және жарығы сөнбеген бір үйді елестетіңіз. Түн. Айнала тып-тыныш. Бүкіл ел ұйқыда, бірақ ояу бір адам бар — ол мұғалім. Қанша жыл ұстаз болса да, мектепте де, үйде де ертеңгі сабағына үлкен жауапкершілікпен дайындалады.
3-тапсырма
Біреуді нұсқап тұрған сұқ саусақты елестетіңіз. Біз өзгені көрсеткенде, қалған үш саусағымыз өзімізді көрсетіп тұрғанын байқай бермейміз. Ендеше, біреуді кінәламас бұрын, өзіміздің үлесіміз бар-жоғын ой елегінен өткізген дұрыс. Әрбір ағаттық үшін кінәні өзгеден емес, алдымен өзімізден іздеуге тырысайық.
II. Тест — психодиагностика құралы
Тақырып: «Сіз қандай мұғалімсіз?» (кәсіби лайықтылықты жалпы диагностикалау)
-
1. Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?
- а) жүрек қалауымен
- ә) кездейсоқ
- б) лажсыздықтан
-
2. Сіз үшін мұғалімнің жұмысы:
- а) керемет жұмыс
- ә) күнкөріс үшін
- б) бас қатыру
-
3. Оқушылардың сіздің біліміңізге көзқарасы:
- а) өте сауатты деп есептейді
- ә) қанағаттанарлық
- б) олардың көзқарасы маңызды емес
-
4. Оқушылар арасында жарыс болатын болса:
- а) міндетті түрде менен көмек сұрайды
- ә) кейде
- б) маңыма мүлде жоламайды
-
5. Сіздің сабақ өту тәсіліңіз қандай?
- а) оқулықтан тыс қызықты материалды жиі пайдаланамын
- ә) сирек қолданамын
- б) оқулықпен шектелемін
-
6. Сіздің қатеңізді озат оқушыңыз тапты:
- а) қатені мойындап, кешірім сұраймын
- ә) үндемей құтыламын
- б) «өзімдікі дұрыс» деп, жеңісті бермеймін
-
7. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда:
- а) оқушылар арасында жиі-жиі жарыстар ұйымдастырамын
- ә) басшылық ескерткенде ғана
- б) бас ауыртқым келмейді
-
8. Оқушыға қол жұмсайсыз ба?
- а) мүлде қол жұмсамаймын
- ә) анда-санда
- б) «Аюға намаз үйреткен — таяқ» деп есептеймін
-
9. Мұғалім болғаныңызға:
- а) ризасыз
- ә) сізге бәрібір
- б) өкінесіз
-
10. Ұжым арасындағы беделіңіз:
- а) өте жоғары
- ә) жақсы
- б) орташа
Бағалау тәртібі
Әрбір «а» жауабы — 5 ұпай, әрбір «ә» жауабы — 3 ұпай, әрбір «б» жауабы — 1 ұпай.
45–50 ұпай
Сіз шәкірт үшін биік тұлғасыз. Бала тәрбиесіне жан-тәніңізбен берілген ұстазсыз.
21–44 ұпай
Сіз тепе-теңдікті сақтап жүрсіз, бірақ әлі де ізденіс қажет. Тәжірибені байытып, әдіс-тәсілді түрлендірген дұрыс.
11–20 ұпай
Өзіңізді қайта бағамдап, кәсіби бағыт-бағдарыңызды күшейту маңызды. Бала жанын терең түсінуге жүйелі қолдау мен дамуға мән беріңіз.
Қорытынды ой
Ұстаздық — үздіксіз үйренуді, өз-өзіңді тануды және әріптеспен бірге өсуді талап ететін жол. Сенім, үміт және жауапкершілік қатар жүрсе, нәтиже де соған сай болады.