Жұмбақтар отауы
Сабақтың мазмұны
Тақырып
«Асыл мұра – математика әлемінде»
Сабақ түрі
Даналық сабақ, қайталау сабағы.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Суреттер топтамасы
Әдіс-тәсілдер
- Жұптық жұмыс
- Топтық жұмыс
- Өзіндік жұмыс
Мақсаты мен міндеттері
Бұл сабақта оқушылар есеп шығару арқылы өткен тақырыптарды қайталап, білімдерін жүйелейді. Сонымен қатар, ата-бабадан қалған асыл мұралармен танысып, математика білімін өмірмен байланыстырады.
Білімділік
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде білім, білік және дағдыларды меңгерту.
Дамытушылық
Оқушының математикалық ойлау стилін қалыптастыру, интеллектуалдық қабілетін, ерік-жігері мен сезімге қатысты сапаларын дамыту. Ұлттық дәстүр мен ұлттық педагогиканы дәріптеу.
Тәрбиелік
Меңгерген математикалық білімді өмірде қолдануға жан-жақты даярлау.
Ұстаным
Мақсатымыз — білім алу. Міндетіміз — еңбек ету.
Кіріспе: өткенге шолу
Бүгінгі сабақ күндегіден ерекше өтеді. Біз «Асыл мұра – математика әлемінде» атты даналық сабақ арқылы бабаларымыздан ұрпақтан ұрпаққа жеткен құндылықтармен танысып, соның негізінде математикадан алған білімімізді жетілдіреміз.
Сабақ барысында «отауларды» аралап, әр отаудағы тапсырмалар арқылы білімімізді толықтырамыз.
Атаулы күндер
- Қазақ хандығының құрылғанына — 550 жыл.
- Қазақстан Республикасының Ата Заңына — 20 жыл.
Түйін
Халқымыз «Есіксіз үй болмайды, есепсіз дана болмайды» деп бекер айтпаған. Ендеше, есеп арқылы ойды ұштап, даналыққа қадам басайық.
І отау: мақал-мәтелдер
Керей ханның тапсырмасы
Керей хан — 1465 жылы Қазақ хандығының құрылуына үлес қосқан тарихи тұлға. Ол Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығып, дербес мемлекет құру жолында табандылық танытқан.
Мақал-мәтелдер — ата-бабамыздың көргені мен түйгенінен туған өмірлік тұжырым. Ендеше, математикаға қатысты мақал-мәтелдерді еске түсірейік.
Математикалық мақал-мәтелдер
- Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жерде соқпақ қалады, мың адам жүрген жерде жол қалады.
- Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
- Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
- Жеті атасын білген ер, ел-жұртының қамын жер.
Математикалық диктант
- 7-ге 21 мен 7-нің бөліндісін қос.
- 7 мен 21-дің қосындысын 7 есе кеміт.
- 7-ге 49 бен 7-нің бөліндісін қос.
ІІ отау: жұмбақтар
Жәңгір ханның тапсырмасы
«Айтқан кезде жұмбақты, бала ойланып тұрмапты…» Ендеше, мәні 56-ға тең болатын өрнектерді табайық.
ІІІ отау: санамақтар
Кенесары ханның тапсырмасы
Қандай санамақ білесіңдер? Санамақты бірге айтайық:
Он саусақты санап-ақ,
Үйренеміз санамақ.
Бірім — бір,
Екім — екі,
Үшім — үш,
Төртім — төрт,
Бесім — бес…
Теңдеу шешу
x · 3 = 70 − 40
Тап: xx · 5 = 25 + 15
Тап: xАвтор туралы
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Х. Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы.