Тепең көк күйін тактілеп жәй екпінде ойнау

Сабақтың мақсаты

  • «Тепең көк» күйінің аңызымен таныстыру.

  • Күйді тактілеп талдай отырып, пернелерді таза ойнауға бейімдеу.

  • Есте сақтау қабілетін дамыту.

  • Музыканы түсінуге және қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ.

Домбыра үйрену

Оң қол қағысына арналған жаттығулар.

Көрнекілік

Нота жазбалары Домбыра Мүйіз Тұяқ Шаңқобыз

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Аспаптарды даярлау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Халық әні «Еркем-ай» жеке-жеке орындалып, қосымша аспаптар қосылады. Ән II дауыспен сүйемелденіп ойналады.

Талқылау сұрақтары

  • Әннің екпіні қандай?
  • Қандай өлшемде орындалады?
  • Қандай әндерді халық әні деп атаймыз?

IV. Жаңа сабақ: халық күйі «Тепең көк»

Үнтаспадан халық күйлері туралы қысқаша мәлімет беріледі. Халық күйі деп авторы ұмыт болып, қолдан-қолға таралып, ел ішінде орындалып келген күйлерді айтамыз.

Бұл күй-аңыздың тарихы ерекше. Бір кедей жігіттің жалғыз аты болады. Үлкен тойда ол атын бәйгеге қосады. Бәйгеден келер аттардың жолын тосып, дөң басына шығып домбырасын қолына алады. Жылқының жүрісіне риза болып, көңілі толқып, бір күй тартады.

Күй мазмұнындағы мадақ

Айт-шу, Тепең көк,

Айналайын, Тепең көк,

Кекіліңе болайын,

Келтеленген жібектей.

Күй сарынын естіген Тепең көк бойына күш бітіп, жарыста басқа сәйгүліктерді шаң қаптырып, жалғыз келіпті дейді. Осылайша кедей жігіттің Тепең көгі бәйгеден озып шығып, үстем топтың алдында мерейі үстем болған.

Жұмыс кезеңдері

  1. 1

    Үнтаспадан күйді тыңдау.

  2. 2

    Күйдің өлшемі мен екпінін түсіндіру.

  3. 3

    Түсінікті болуы үшін орындап көрсету.

  4. 4

    Бас және орта буынды тактілеп талдау.

  5. 5

    Оқушыларға жеке-жеке ойнату.

  6. 6

    Жаңа сабақты бекіту.

Бекіту сұрақтары (топтастыру)

1) Екпіні

Қандай?

2) Өлшемі

Қандай?

3) Орындау орны

Домбырада қай буында орындалады? Мақтау бөлігін көрсетіп жауап беру.

VI. Сабақты бағалау

Бағалау оқушының орындау деңгейіне қарай жүргізіледі: дыбыстың тазалығы, ырғақтың дәлдігі, қағыстың бірізділігі және шығарманы есте сақтау.

Үй тапсырмасы

«Тепең көк» күйін тактілеп, жай екпінде орындап келу.