Сәбіз сөзі
Көңілді бау-бақша
Балалар көңілді әуенмен залға кіреді. Жапырақтармен билейді.
Жүргізуші сөзі
Думан толы асқарлы, күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті, әнге бөлеп жастарды.
Нұрға бөлеп өмірді, жырға бөлеп көңілді,
Жарқыраған сәулелі күз әуені төгілді.
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Күз мерекесіне қош келдіңіздер!
Балалар орындарына отырады (жапырақтарды орындықтардың астына қояды).
Тақпақтар
Қ. Санжар
Ой, балалар, балалар, қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты, ел егінін орыпты.
Әсем
Ұшты талдан жапырақ, сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап, тамшы жерге секірді.
Арнұр
Самал қозғап қалғанда, үзіледі сары алма.
Шолып едім бақшаны, қауын біткен сап-сары.
Інжу
Ел егінін жинайды, қырманға дән сыймайды.
Біздің дала — бай дала, алтын астық айнала.
Нұрсайд
Дәрумендер тірегің — жемістерден аласың.
Жетіспесе бірі оның, ауырып сен қаласың.
Меруерт
Берекесін сыйлауға өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға шақырады біздерді.
Алихан
Жайдарлы күз, жарқын күз, аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам, дариядай шалқып жүр.
Асылхан, Айзере
Ал, балалар, тұрмайық, әндетейік, жырлайық.
Күзгі балда әдемілеп, шырқатып ән салайық.
Ән
«Күзгі вальс» (балалар орындарына отырады).
Әуенмен Күз ханшайымы кіреді.
Күз ханшайымы
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін.
Мен — мырза күз, ынтымақты еліңе
Берекелі ырыс болып енетін.
Сәлеметсіңдер ме, балалар және қонақтар!
Ой, қандай әдемі балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
Мен — Күз ханшайымы.
Ойын
«Көкөністер мен жемістерді жинау»
Ертегі: «Бау-бақшадағы бұзық қияр»
Күн ханшайымы
Балалар, ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Иә.
Олай болса, мен сендерге бау-бақшадағы бұзық қияр туралы ертегіні айтып берейін.
Ертеде бақшада қиярлар өсіпті.
Ортаға қиярлардың анасы шығады (артынан қиярлар ереді).
Анасы (Адина)
Бақша ішінде отырған,
Көз тартар жасыл түсімен,
Міне, менің қиярларым!
Анасы қиярлардың басынан сипайды. Қиярлар әуенмен билеп ортаға шығады.
Би
«Қиярлар биі» (би аяқталған соң қиярлар тақпақ айтады).
Қиярлардың тақпақтары
1-қияр (Сұлтанәлі)
Өнім биыл тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Жиналыппыз бәріміз —
Қайсымыз ең дәмдіміз?
2-қияр (Арнұр)
Қарыс-қарыс бойлары
Жазда өсер бақшада.
Білектей болып ұзарып,
Жылыжай болар қыстауы.
3-қияр (М. Санжар)
Дәмім тілді үйірген —
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне.
4-қияр (Мұқағали)
Көктеп ерте өрмелеп,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым — қияр, теріп ал,
Жиі-жиі суғарып.
Тақпақтардан соң қиярлар «бақшаға» барып отырады. Бірақ бұзық қияр орнында отыра алмайды.
Анасы (Адина) ескертеді
Қиярым, қиярым, алысқа ұзама.
Алдыңнан сұр тышқан шығып қалар бір қуыстан.
Анасы шығып кетеді.
Оқиға өрбуі
Қиярлар отбасында бір бұзықтау қияр болыпты. Бір күні ол орнында отыра алмай, жүйектен жүйекке секіріп, оң-солына қарамай қашып кетеді.
Жел (Інжу)
Желге ешнәрсе тең емес,
Тауда жолын бөгемес.
Дамыл алмай жүгіремін,
Бәріңді әуре етемін.
У-у-у-у-у…
Жел қиярды айналдырып, залдың ортасына алып келеді де, шығып кетеді.
Қияр орнынан тұрып, өз жүйегін және ағаларын іздейді. Залды бір айналып шыққанда алдынан қызанақ кездеседі.
Қызанақ (Әсем)
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген?
Қияр-ау, қияр-ау, алысқа ұзама.
Алдыңнан сұр тышқан шығады бір қуыстан.
Сәбіз (Алихан)
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Қияр-ау, қияр-ау, алысқа ұзама.
Алдыңнан сұр тышқан шығады бір қуыстан.
Сәбіз (Бежан)
О, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші — алаша,
Аунар ма едім жатып-ақ.
Сәбіз қиярға ескертуін қайталайды да, шығып кетеді.
Бірақ бұзық қияр айтқанды тыңдамай, әрі қарай жүгіре жөнеледі. Алдынан домаланып картоп шығады.
Картоп (Ибрахим, Даниял)
Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Қияр-ау, қияр-ау, алысқа ұзама.
Алдыңнан сұр тышқан шығады бір қуыстан.
Картоп (Ильяс)
Картоп — біздің асымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Бірақ бұзық қияр ескертуді елемейді. Жолда ол бақаға тап болады. Артынша ағаштан үзіліп түскен алмалар мен шиелерге жолығады.
Алма (Сымбат)
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Алма (Артықбай Айзере)
Мен алмамын, алмамын,
Таңдай татар бал дәмім.
Мына тәтті, бал дәмді
Дастарханға арнадым.
Шие (Аруна)
Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен басты иемін.
Қияр-ау, қияр-ау, алысқа ұзама.
Алдыңнан сұр тышқан шығады бір қуыстан.
Шие (Дариға)
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Дереккөз
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №13 бөбекжай-бақша тәрбиешісі — Салыбекова Гүлмира Төленовна.
Материал: «Көңілді бау-бақша!»