Кім білгіш

Әдебиет пәнінен сайыс-сабақ (8-сынып)

Тақырыбы: Білімнің жаққан шырағы Форматы: сайыс сабағы

Мақсаты

  • Әдебиет сабағында алған білімді жүйелеу және саралау.
  • Ұлы тұлғалардың шығармаларын оқу арқылы өмірді терең түсінуге баулу.
  • Ойды дәлелдеп айтуға, өз пікірін қорғауға үйрету.
  • Өнер мен білімді жеке дамуға, игі мақсатқа пайдалану мәдениетін қалыптастыру.
  • Отансүйгіштікке және имандылыққа тәрбиелеу.

Сайысқа қатысушылар

1-топ

Алғырлар

2-топ

Тапқырлар

3-топ

Білімділер

Сайыс кезеңдері

  1. I кезең

    Кім білгіш?

  2. II кезең

    Бұл қай тұлға?

  3. III кезең

    Кім тапқыр?

  4. IV кезең

    Кім жылдам?

  5. V кезең

    Кім шапшаң?

I кезең: Кім білгіш?

Әр топқа 5 сұрақ оқылады. Тек қол көтеріп жауап беріледі. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай.

Алғырлар тобы

  1. Абай қай жылдары өмір сүрді?

    Жауабы: 1845–1904.

  2. «Қалқаман–Мамыр» поэмасын кім жазды?

    Жауабы: Шәкәрім.

  3. «Зар заман» толғауын кім жазды?

    Жауабы: Шортанбай Қанайұлы.

  4. «Қаздар қайтып барады?» әңгімесін кім жазды?

    Жауабы: Қабдеш Жұмаділов.

  5. «Қараш–Қараш оқиғасы» хикаятының басты кейіпкерлері кімдер?

    Жауабы: Бақтығұл, Тектіғұл, Жарасбай, Сәлмен.

Тапқырлар тобы

  1. «Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес» — кімнің кітабындағы нақыл?

    Жауабы: «Қорқыт ата кітабы».

  2. «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) еңбегін кім жазды?

    Жауабы: Қожа Ахмет Йасауи.

  3. «Наридірген» күйі қай шығармадан?

    Жауабы: «Күй аңызы», Тахауи Ахтанов.

  4. «Ай мен Айша» романын кім жазды?

    Жауабы: Шерхан Мұртаза.

  5. Сапабек, Тома, Ереке, Жеңіс — қай шығарманың кейіпкерлері?

    Жауабы: «Қонақтар», Төлен Әбдіков.

Білімділер тобы

  1. «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас» — кімнің еңбегіндегі мақал?

    Жауабы: Махмұт Қашқари.

  2. «Әпке» драмасының басты кейіпкерлерін ата.

    Жауабы: Қамажай, Тимур.

  3. «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдерін кім жазды?

    Жауабы: Олжас Сүлейменов.

  4. Алгебра туралы трактаттарды жазған кім?

    Жауабы: Омар Хаям.

  5. «Найман ана» — қай романнан үзінді және авторы кім?

    Жауабы: «Ғасырдан да ұзақ күн», Шыңғыс Айтматов.

II кезең: Бұл қай тұлға?

Бұл бөлімде қатысушыларға үзінді, өлең жолдары немесе сипаттама беріледі. Дұрыс жауап ұпаймен бағаланады.

10 — Мұқағали Мақатаев 30 — Омар Хаям 20 — Шыңғыс Айтматов 20 — Қабдеш Жұмаділов 10 — Абай Құнанбайұлы 30 — Мағжан Жұмабаев
  1. Үзінді:

    Бала жатыр төсекте албыраған,
    Әке жатыр еденде қалжыраған.
    Түн күзетіп ана отыр, көз жанары
    Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.

    Сұрақ: Кімнің поэмасы? Жауабы: М. Мақатаев, «Аққулар ұйықтағанда» 10 ұпай
  2. Үзінді:

    Екеуміз Сарыарқадан сапар қылсақ,
    Қатерсіз қосылуымыз берік болмай ма?
    Қаны бір ел еді ғой қазақ, қалмақ,
    О да бір саған туған жұрт болмай ма?!

    Сұрақ: Кімнің поэмасы? Жауабы: Мағжан Жұмабаев, «Батыр Баян» 30 ұпай
  3. Үзінді:

    О, туған жер. О, қасиетті атамекен. Торқадай топырағыңды қия гөр адасқан ұлыңа...
    Ел шетіне бір жеткізсең, екі дүниеде арманым жоқ деген сертім бар еді.
    О, Алла, аманат жаныңды бүгін алсаң да разымын, — деді тәңірге жалбарынып.

    Сұрақ: Кімнің әңгімесі? Жауабы: Қ. Жұмаділов, «Қаздар қайтып барады» 20 ұпай
  4. Үзінді:

    Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы,
    Қиыннан қиыстырар ер данасы.
    Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
    Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

    Сұрақ: Кімнің өлеңі? Жауабы: Абай Құнанбайұлы 10 ұпай
  5. Сипаттама:

    Оның 300-ден астам рубаиы бар. Онда ақын өмірдің мәні, уақыттың тез өтуі, жақсылық пен ізгілік, надандық пен ғылым іздеу, о дүние туралы толғаныстарын жазған.

    Сұрақ: Бұл кім? Жауабы: Омар Хаям 30 ұпай
  6. Үзінді:

    Бірақ анау бұл әйелді осы даладан күнде көріп, әбден көзі үйреніп кеткендей-ақ, бұл жолаушының алыстан арып-ашып келгеніне де мән берген жоқ. Қасында біреу бар ма, жоқ па, неге жылайды, неге күйзеледі — еш селт етпеді.

    Сұрақ: Қай романнан үзінді? Жауабы: Ш. Айтматов, «Найман ана» (үзінді) 20 ұпай

Сергіту сәті: аутотренинг

Аутотренинг — өзін-өзі реттеу немесе өзін-өзі сендіру. Орындыққа түзу отырып, қолды санға қойып, көзді жұмып, бұлшық етті босаңсытыңдар.

  • Мен ыңғайлы орналастым.
  • Ешқайда асықпаймын.
  • Ақырын, баппен дем алып, рақаттанамын.
  • Мен тынышталып келемін.
  • Мен тынышпын, маған өте жақсы.
  • Денемнің барлық бөлігі тыныш.
  • Қолым босаңсиды.
  • Бүкіл денем тыныш.
  • Денеме жағымды, ыңғайлы: ол дем алады.
  • Мен жақсы демалдым.
  • Қол-аяғымнан бастап бүкіл денемнен ауырлық сезімі арылды.
  • Басым сергек және демалған.
  • Өзімді жақсы сезінемін.
  • Ақырын көзімді ашамын.

III кезең: Кім тапқыр?

Сатылай кешенді талдау жұмысы.

I топ

М. Жұмабаев — «Түркістан» өлеңі

II топ

М. Мақатаев — «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

III топ

М. Жұмабаев — «Батыр Баян» поэмасы

IV кезең: Кім жылдам?

«Бес жолды өлең» құрастыру (синквейн) құрылымы:

Құрылымы

  1. 1) Зат есімтақырып
  2. 2) Сын есім2 сөз
  3. 3) Етістік3 сөз
  4. 4) Сөйлемой
  5. 5) Синонимқорытынды

Топтарға берілетін сөздер

I топ

Қонақ

II топ

Ән

III топ

Батыр

V кезең: Кім шапшаң?

Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

Алғырлар тобы

  1. Ағаш тамырымен мықты, ...

    Жауабы: адам дос-жаранымен мықты.

  2. Денің сау болса жарлымын деме, ...

    Жауабы: жолдасың көп болса — жалғызбын деме.

  3. Досы көппен сыйлас, ...

    Жауабы: досы азбен сырлас.

  4. Досы көптің жаны семіреді, ...

    Жауабы: асы көптің тәні семіреді.

Тапқырлар тобы

  1. Дос көтерер көңілді, ...

    Жауабы: мал көтерер өлімді.

  2. Оқусыз күнің жоқ, ...

    Жауабы: білімсіз күнің жоқ.

  3. Оқу — білім бұлағы, ...

    Жауабы: білім — өмір шырағы.

  4. Тіл тас жарады, ...

    Жауабы: тас жармаса — бас жарады.

Білімділер тобы

  1. Білекті бірді жығар, ...

    Жауабы: білімді мыңды жығар.

  2. Қына тасқа бітеді, ...

    Жауабы: білім басқа бітеді.

  3. Туған елдей ел болмас, ...

    Жауабы: туған жердей жер болмас.

  4. ... , қағазда аты қалар; ұста өлсе істеген заты қалар.

    Жауабы: білімді өлсе.

Үй тапсырмасы

Өткен тақырыптарды қайталау.

Бағалау

Оқушылардың білімін бағалау (ұпай қорытындысы бойынша).

Мәлімет

Мекеме

Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Алтынды ауылы

Тұрсынбек Кәкішев атындағы Алтынды орта мектебі

Пән мұғалімі

Искакова Майра Саркеновна

Қазақ тілі мен әдебиеті