Аяз ата қайда

Оқу қызметі туралы мәлімет

Білім беру саласы

Таным

Бөлімі

Құрастыру

Тақырыбы

Аяз ата (оригами)

Мақсат, міндет және тәсілдер

Мақсаты

Қағазды бүктеу арқылы Аяз атаны жасау жолдарын қарастыру және балаларды оригами әрекетіне қызықтыру.

Міндеттері

  • Оригами әдісімен таныстыру.
  • Таза әрі тиянақты жұмыс жасауға үйрету.
  • Жылдамдықты, ұқыптылықты және әсемдікке ұмтылысты дамыту.

Әдіс-тәсілдер

  • Көрсету
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Мазмұнды суреттер, түрлі түсті қағаздар.

Билингвалды компонент

Аяз ата Дед Мороз

Сабақ барысы

Мотивациялық қозғаушылық

Шеңберге тұрып айтылатын өлең

Қане, балалар, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Шыршамызды айналып, Аман-есен болайық.

Тәрбиеші балалардан сұрайды: «Біз мұнда неге жиналдық? Қандай мереке жақындап қалды?»

Балалар жауап береді: «Жаңа жыл мерекесі жақындады. Сыйлықтар аламыз».

Тәрбиеші жалғастырады: «Ал бізге кімдер жетіспейді?» Балалар: «Аяз ата мен Ақшақар жетіспейді».

Бірге шақыру

Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!

Осы сәтте жылаған дауыс естіледі. Балалар шыршаны қызыға қарап, кім екенін анықтауға тырысады.

Іздену-ұйымдастырушы кезең

Тәрбиеші: «Бұл кім екен жылап тұрған? Қарайықшы!»

Диалог

Тәрбиеші: «Сәлеметсің бе, Ақшақар! Неге жылайсың? Аяз ата қайда?»

Ақшақар: «Біз орманда келе жатып, қатты боранға тап болдық. Мен адасып кеттім, ал Аяз ата жоғалып кетті. Маған Аяз атаны табуға көмектесіңдерші».

Тәрбиеші балаларға: «Ақшақарға көмектесеміз бе?» — деп сұрайды. Балалар келіседі.

Топтарға бөліну

Үстелде Ақшақар әкелген «сағаттар» (белгілер) жатады: қылқалам бейнесі және үстел бейнесі. Балалар өз белгісіне қарай жұмыс орнына орналасады.

1-топ

Аяз атаға арналған шананың суретін салады.

2-топ

Қағаздан Аяз атаны құрастырады (оригами).

Практикалық жұмыс: Оригами арқылы Аяз ата жасау

Оригами — қағазды бүктеу өнері. Бұл жұмыста желім де, қайшы да қолданылмайды.

  1. 1 Қызыл түсті қағазды аламыз.
  2. 2 Сол және оң жақ бұрыштарын беттестіріп бүктейміз.
  3. 3 Пайда болған бұрышты жоғарыдағы бұрышпен беттестіріп бүктейміз.
  4. 4 Қағазды екінші бетіне аударамыз.
  5. 5 Қалпақ шығуы үшін бір бұрышын төмен түсіріп, бүктейміз.
  6. 6 Артық бұрыштарын артқы жағына қайырып, пішінін реттейміз.
  7. 7 Қарындашпен көзін (қаласа, ауызын) салып, бейнесін толықтырамыз.

Саусақ жаттығуы

Жаңғақты алақанның арасына салып, жұмсақ қимылмен уқалау.

Жұмыс барысында қиналған балаларға жеке көмек көрсетіледі. Балалар өз қиялын қосып, Аяз атаның бет-әлпетін әсемдей алады.

Нәтижені ұсыну және өзара әрекет

2-топ жасаған Аяз аталарын Ақшақарға сыйға тартады. Балалар жұмыстарын Ақшақардың үстеліне әкеліп қояды.

Топтар орындарымен ауысып, тапсырмалардың екінші бөлігін жалғастырады: қылқалам белгісін алғандар сурет салады, ал қалғандары үстел басындағы жұмысты орындайды.

Рефлексия және қорытынды

Ақшақардың алғысы

Ақшақар: «Балалар, сендерге көп рақмет! Мен өте қуаныштымын. Енді шанаға отырып, Аяз атамен бірге орман жануарларына сыйлықтарымызды апарамыз. Сау болыңдар!»

Тәрбиеші: «Ендеше бәріміз шыршаның жанына жиналып, “Кел, Жаңа жыл” әнін орындайық».

Балалар шыршаның жанына жиналып, әнді би қимылдарымен орындайды және Ақшақармен қоштасады.

Күтілетін нәтиже

Жаңғыртады

Аяз атаны оригами әдісі арқылы жасау жолдарын атайды.

Түсінеді

Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін жүйелейді.

Қолданады

Түрлі түсті қағаздарды және қарапайым бейнелеу құралдарын қолданады.