Абай өлеңіндегі табиғат сұлулығын сезіне отырып сүюге тәрбиелеу
Тіл ұстарту (вариативтік), 2-сынып
Тақырыбы
Табиғат сұлулығы Абай шығармаларында
Мақсаты
Абай туралы кеңінен танысу.
Пән аралық байланыс
Музыка, әдебиет, бейнелеу өнері.
Көрнекілігі
Абайдың портреті, үлестірме қағаздар, бояулар, сызбалар.
Сабақтың міндеттері
а) Шығармашылыққа жетелеу
Абайдың табиғат лирикасына арналған өлеңдерін тыңдай отырып, айналадағы көркемдікті нәзік сезіну; шебер бейнеленген өлеңдер арқылы композиция құрастыру және шығармашылық жұмыс жасау.
ә) Тәрбиелік бағыт
Абай өлеңдеріндегі табиғат сұлулығын сезіне отырып, табиғатты сүюге тәрбиелеу; өз Отанын құрметтеуге баулу.
б) Қабілеттерді дамыту
Өнер пәндері арқылы табиғаттың ғажайып сұлулығын қиялдау, есте сақтау, тыңдау, үйрену және орындау қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
Әр ұлттың дәстүрі бойынша амандасу тәсілдерін еске түсіру:
- Қазақтарда — қол алысып, төс қағысып амандасады.
- Үндістанда — қол қусырып, тізесін бүгеді.
- Зимбабведе — бөксені түйістіріп, қол шапалақтайды.
2) Топтастыру жұмыстары
а) Оқушыларға А4 көлеміндегі парақта берілген төрт мезгілдің қиынды суреттері таратылады. Оқушылар суреттерді құрастырып, сол арқылы топтарға бөлінеді.
ә) Әр топ өздеріне тиесілі жыл мезгіліне қысқаша жинақталған сипаттама береді.
3) Психологиялық жағдаят
Әр оқушы өз тобының атауына сәйкес мінез-құлқын жыл мезгілімен байланыстырып айтады.
Мысалы: «Мен үнемі жаз мезгіліндей жайнап жүремін...»
4) Сабақ желісін хабарлау
Мұғалім сабақтың табиғат аясындағы ерекше форматта өтетінін хабарлап, оқушыларды өлең жолдарына назар аударуға шақырады.
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Әннің тәтті әсері мені оятар...»
«Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай,
Қыстың басы бір ерте, біреуі жай...»
Мұғалім: «Бұл кімнің өлең жолдары?»
Оқушылар: «Бұл — ұлы ақынымыз Абай атамыздың өлең жолдары.»
Мұғалім оқушылардан Абайдың тағы қандай әндері мен өлеңдерін білетінін, өлеңдерінің көбіне қандай тақырыпқа арналғанын сұрап, жауаптарын тыңдайды.
5) Негізгі бөлім
Абай — қазақ әдебиетіне табиғат лирикасын алғаш кеңінен енгізген ақын. Ол жырлаған табиғат түрі де, мазмұны да ерекше әрі көркем.
Абай елін шынайы сүйіп, халықтың қамын ойлай білді. Ол туған табиғат пен адам өмірінің шексіз байланысын терең сезініп, сол үйлесімді ұлылықпен жырлады.
Өлеңдерін оқи отырып, біз Абайды кім деп танимыз?
Біз Абай атамызды ақын дейміз.