Оқушыларға Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
Информатика пәнінен ашық сабақ
Тақырып: Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары
Сабақ сипаттамасы
- Сабақ түрі
- Практикалық шеберліктерді дамыту
- Сабақ типі
- Аралас
- Пән аралық байланыс
- Сызу, математика
Көрнекіліктер
- «Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары» плакаты
- Буклеттер
- Ребус
Құрал-жабдықтар
- Дербес компьютерлер
- Проекциялық аппарат
- Жекелеген тапсырмалар
Сабақ мақсаты
Білімділік
Оқушыларға Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары туралы түсінік беру: WordPad, Paint, Қойын дәптер, Күнтізбе, Калькулятор, Сағат, Дыбыс жазу, Медиаплеер, Терминал. Олардың кеңейтілімдері, ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндіру.
Дамытушылық
І курс бойынша информатикадан алған білімдерін қолдана отырып, стандартты бағдарламалармен тәжірибе жүзінде жұмыс істеу дағдыларын дамыту; практикалық шеберлікті арттыру; шығармашылық қабілет пен қызығушылықты күшейту.
Тәрбиелік
Оқушылардың шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, логикалық ойлауға бейімін дамыту; өз ойын нақты әрі сауатты жеткізуіне жағдай жасау.
Сабақ жоспары
| Кезең | Мазмұны | Уақыты |
|---|---|---|
| I | Ұйымдастыру кезеңі | 2–3 минут |
| II | Өткен тақырып бойынша қайталау | 15–17 минут |
| III | Жаңа тақырыпты түсіндіру | 25 минут |
| IV | Практикалық жұмыс: жаңа білімді қолдану және шеберлікті дамыту | 30 минут |
| V | Білімді жинақтау және бекіту | 10 минут |
| VI | Үй тапсырмасы | 1–2 минут |
| VII | Бағалау және қорытынды | 3–4 минут |
Ойын элементі
Топтағы оқушылар бірнеше топқа бөлініп отырады. Сабаққа белсенді қатысып, берілген тапсырмалар бойынша фигураларды көбірек жинаған топ жеңімпаз атанады.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындығын тексеру.
- Дербес компьютермен жұмыс кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін еске салу.
II. Өткен тақырып бойынша қайталау
Оқушыларға жекелеген парақшалар таратылады. Парақшада өткен тақырыптарды қамтитын 5 сұрақ және 3 нұсқа бойынша тапсырмалар беріледі. Оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін көрсетеді.
Қысқаша қайталау жұмысы (үлгі)
Оқушы деректері
- Оқушының аты-жөні
- ___________________________________________
- Тобы
- __________
- Нұсқасы
- I
Тапсырмалар
-
1)
Өз сөзіңмен жауап жаз:
Ақпараттың сипаты, қасиеттері және алыну әдістеріне сипаттама бер.
-
2)
Берілген сөздерден ақпараттың өңделу түрін анықта.
а) Әріптердің орнын ауыстыру
қамал – қалам, қыран – нарық, кене – неке, қарта – тарақ, қасық – қысқа
ә) Алғашқы үш әріпті алубалық – бал, торғай – тор, қара – қар, жолбарыс – жол, басқыш – бас
-
3)
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жаз.
______________ ғылымында ақпаратты өлшеудің өз өлшем бірліктері бар.
Ең кіші өлшем бірлігі — _____.
1 ______ — сұраққа бір мағыналы, ешқандай түсіндірмені қажет етпейтін жауап беру (иә немесе жоқ) арқылы алынатын ақпарат.
Компьютерде ақпарат ____________ санау жүйесінде кодталады; ыңғайлы болу үшін 0 және 1 екілік цифрларымен белгіленеді.
________________ өлшеудің негізгі бірлігі — байт; 1 байт = 8 бит.
-
4)
Кестені толтыр: ДК-дің буындары бойынша кестені толықтыр.
(Оқушы кестені осы жерге толтырады)
-
5)
Схеманы толтыр.
(Оқушы схеманы осы жерге толтырады)