Мәтіндегі ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес сөз тіркестерін ажырату
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы
«Аспан әлемінің құпиялары» (5-сынып)
Сабақ тақырыбы: Жұлдыздар. Аспан әлемі
Оқу мақсаттары
-
05. ӘТН1
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, үндестік заңын және емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу.
-
05. ӘТН2
Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу.
Сабақ мақсаты
- Тақырыпқа сай ұсынылған мәтінді орфографиялық нормаға сай жазу.
- Мәтіндегі ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес сөз тіркестерін ажырату.
Негізгі ұғымдар
Сабақтың басы
Уақыты: 15 минут
Жұмбақ шешу
Оқушылар жұмбақтарды шешіп, жауаптарының мазмұнына талдау жасайды. Мақсат — ортақ тақырыпты анықтап, жаңа сабақ тақырыбын болжау.
Әйнектей көгілдір,
Теңіздей тым мөлдір.
Үлкен алтын табақтан,
Әлемге нұр таратқан.
Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді.
Айсыз түнде қараңғы,
Түнекте де боранды.
Бір орнынан жылжымай,
Бағыт берер бұлжымай.
Қандай жұлдыз шырағы,
Жол көрсетіп тұрады?
Дұрыстап аңғарсаң,
Көктегі бағдаршам.
Талқылау сұрақтары
- Жұмбақтар қандай тақырыпта болды?
- Жауаптарын қалай топтастыруға болады?
- Жауаптарына сүйеніп, қандай ортақ тақырып ұсынуға болады?
Осы сұрақтар арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын болжайды, тақырып жарияланып, сабақ мақсаты нақтыланады.
Топтық жұмыс: Венн диаграммасы
Оқушылар орфографиялық және орфоэпиялық норманың ережелерін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеп, нәтижесін Венн диаграммасына түсіреді.
Сабақтың ортасы
Жеке жұмыс: ықпал түрлерін ажырату
Тапсырма: мәтін бойынша сөз тіркестерін үш бағанға бөліп жазыңдар.
Үлгі
- Ілгерінді ықпал:
- ай+лы
- Кейінді ықпал:
- ақ жолақ
- Тоғыспалы ықпал:
- құс жолы
Ілгерінді ықпал
Мәтіннен табылған тіркестерді осы бағанға жазыңдар.
Кейінді ықпал
Мәтіннен табылған тіркестерді осы бағанға жазыңдар.
Тоғыспалы ықпал
Мәтіннен табылған тіркестерді осы бағанға жазыңдар.
«Аспан сүті»
Дереккөз: «Менің алғашқы энциклопедиям» жинағынан
Айлы түнде бұлтсыз аспанда солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан ақ жолақ көрініп тұрады. Ол Құс жолы деп аталады.
Оған Күн жүйесі және тағы осындай бірнеше жұлдыздар жүйесі кіреді. Құс жолы күз айларында анық көрінеді.
Жыл құстары көктемде келгенде және күзде жылы өлкеге қайтқанда осы жолдың бағытымен ұшады екен.
Қазақтар, қырғыздар, түрікмендер бұл жолақты Құс жолы деп атайды.
Құс жолы — әлемдегі миллиондаған галактикалардың біреуі. «Галактика» сөзі ежелгі мысыр тіліндегі gala — «сүт» деген сөзден шыққан. Сондықтан бұл галактика Сүт жолы немесе Құс жолы ретінде әйгілі.
Мәлімет
- Мектеп
- №74 ЖОМ
- Мұғалім
- Ділдән Нұрилла Әділбекқызы
- Тақырып
- Жұлдыздар. Аспан әлемі