Пушкин тобы

Қазақ әдебиеті пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар (9-сынып)

Сабақ тақырыбы: Шыңғыс Айтматовтың «Шынарым менің, шырайлым менің» повесінен үзінді — «Шофердің әңгімесі».

Сабақтың мақсаттары

  • Білімдік: қырғыздың ұлы жазушысы Ш. Айтматов туралы мәлімет беру, шығармашылығына қатысты деректермен таныстыру, «Шофердің әңгімесі» үзіндісінің идеясын ұғындыру.
  • Дамытушылық: шығармашылық ізденіс дағдыларын дамыту.
  • Тәрбиелік: шынайы сезімді бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Автор портреті
  • Автор шығармашылығы бойынша слайд-шоу
  • Орталық Азияның физикалық картасы
  • Интербелсенді тақта

Сабақ сипаттамасы

Сабақ түрі
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ әдісі
Диалогтік оқыту, СТО (сын тұрғысынан ойлау)
Пәнаралық байланыс
География

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

3 минут

Оқушылар танысу тренингі бойынша шаттық шеңберіне жиналып, өз есімдерін атап, көңіл күйін білдіреді. Оларға бетшелер таратылып, сұрақтарға сәйкес жауаптарын тауып, топтарға бөлінеді.

1-топ — Пушкин тобы

  1. 1)«Балықшы мен балық» шығармасының авторы.
  2. 2)Абай 1889 жылы «Евгений Онегин» романын өлеңмен аударған.
  3. 3)Орыс ақыны.
  4. 4)«Дубровский» шығармасының авторы.
  5. 5)Өмірінің соңғы кезеңінде «Ескерткіш» өлеңін жазған.

2-топ — Джек Лондон тобы

  1. 1)«Мексика ұлы» шығармасын 6-сыныпта оқығанбыз.
  2. 2)Америкалық жазушы.
  3. 3)Ривера мен Денни Уорд атты боксшы кейіпкерлері бар.
  4. 4)«Ақ азу» шығармасы мен М. Әуезовтің «Көксерегі» өзара ұқсас.
  5. 5)Туған кездегі есімі — Джон Гриффит.

3-топ — Мақтымқұлы Фраги тобы

  1. 1)Түрікмен ақыны.
  2. 2)Әкесі — Довлетмамед Азади.
  3. 3)«Айырылдым», «Жар керек», «Қайдан білсін қадірін» өлеңдерінің авторы.
  4. 4)Молланепес, Кемин сияқты лирик ақындарға жол ашқан.
  5. 5)«Асқар таулар, биікпін деп бәлсінбе, күнің жетсе сен де тіпыл боларсың…» жолдары «Боларсың» шығармасынан.

4-топ — Расул Ғамзатов тобы

  1. 1)Авар ақыны.
  2. 2)Ана тілі — авар тілі.
  3. 3)«Менің Дағыстаным» атты шығармасы бар.
  4. 4)«Егер ертең тілім болса құрымақ, мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ…» деген жолдардың авторы.
  5. 5)М. Мақатаевтың «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай, жыр жаза алмай жүрмін мен…» деген бағалауы кімге арналған?

II. Үй тапсырмасын тексеру

8 минут

Мақтымқұлы Фраги шығармашылығы бойынша сұрақтарға жеке және топтық жауаптар қабылданады.

III. Жаңа тақырыпты меңгерту

1) Ой қозғау

5 минут

Талдауға арналған үзінді

«Ол, ең алдымен, екі халықтың ғажайып ұқсастығына таңғалды… Екеуі кезек-кезек сөйлеп отырғанда, біраз құлағың үйренген соң, тіпті айыра алмай қалады екенсің… Түр-түстерінде де көзге ұрып тұрған бәлендей өзгешелік болсашы. Тек кішкентай ғана айырма, онда да Ержан сияқты суретшінің ғана көзіне шалынатын болар-болмас айырмашылық… — …-дың көздері сәл қысықтау, беттері сәл жалпақтау ма қалай? Оның өзі де жаппай емес, кейбіреулерінен ғана байқалады. Өздерін басқа жұрттар шатастырмауы үшін, бастарына ақ қалпақты әдейі киетін болуы керек деп ойлады Ержан ішінен…»

Сұрақтар

  • Үзінді кімнің қай шығармасынан алынған?
  • Мәтінде сөз болған қандай екі ел?

Нақтылау

Мәтінде аталған екі халық: қазақ және қырғыз. Елдерді карта арқылы көрсетіп, географиялық орналасуын қысқаша талқылау ұсынылады.

Ассоциация

«Ерте келген тырналар» атауы естілгенде ойға оралатын алғашқы есім — Ш. Айтматов. Бұл туындыдағы кейіпкер — Сұлтанмұрат.

Осы бөлімде автор туралы кеспе қағаздар таратылып, өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беріледі. Топтастыру және семантикалық картаны толтыру тапсырмасы орындалады.

2) Мағынаны тану

9 минут

Берілген мәтін топтарға бөлініп ұсынылады. Оқушылар оқып танысады, негізгі ойды анықтайды. Мазмұнын ашу үшін төмендегі бағыттағы тапсырмалар беріледі:

Талдау сұрақтары

  1. 1)Оқиға желісіндегі шофер — шынайы сезім иесі. Мұны дәлелдей аласыз ба?
  2. 2)Ілиястың шынары туралы ойыңыз қандай?
  3. 3)Оқиғаны сіз қалай жалғастырып, қалай қорытынды жасар едіңіз?

Пәнаралық тапсырма (география)

Шығармадағы жер-су атауларын картаға түсіріп, қысқаша түсіндірме беріңіз. Мәтінде кездесетін негізгі атаулар: Ош, Балықшы (Рыбачье), Нарын, Ыстықкөл, Памир, Тянь-Шань.

Ерекше назар: Тянь-Шань автотрассасы (слайд-шоу арқылы).

Географиялық анықтама: Тянь-Шань

6 минут

Тянь-Шань — әлемдегі ең ірі тау жүйелерінің бірі. Қытай тілінен аударғанда «Аспан тау» дегенді білдіреді. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай шамамен 2500 км, ені 400 км. Тау жүйесі Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай аумақтарына таралады.

Ең биік шыңы — Жеңіс шыңы (7439 м). Аймақта жер сілкіністері жиі байқалады. Тянь-Шаньның орталық бөлігі негізінен Қырғызстан аумағында орналасқан.

Қысқаша деректер

Ел сипаты
Қырғызстан — таулы аймақ.
Халық саны
Шамамен 5,2 млн.
Астана
Бішкек (бұрынғы атауы — Фрунзе).
Шаруашылық
Егіншілік, мал шаруашылығы, жүк тасымалы.

Географиямен байланыстыра отырып, таулы рельефтің шаруашылыққа ықпалы, тасымал жолдарының маңызы және өңірлік байланыстар (соның ішінде Қытайға бағытталған жүк логистикасы) қысқаша талқыланады.

IV. Тақырыпты бекіту

3 минут

Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың түсіну деңгейі тексеріледі, негізгі ойлар жинақталады.

V. Үй тапсырмасы

2 минут

Повесті толық оқып аяқтау және шығарманың идеясын жазбаша түрде жеткізу.

VI. Бағалау және кері байланыс

4 минут

Оқушылардың жұмысы бағаланып, сабақтан алған әсері мен қорытындылары тыңдалады.