Әзіл жұмбақтар жауабыменҚайыңда 50 жаңғақ өсіп тұр
Әзіл жұмбақтар (жауабымен)
Әр бөлімде алдымен жұмбақ, кейін жауабы берілген. Оқуды жеңілдету үшін сұрақтар жеке карточкаларға бөлінді.
1) Қайыңдағы жаңғақ
Қайыңда 50 жаңғақ өсіп тұр. Қатты соққан желден 10 жаңғақ түсіп қалды. Қанша жаңғақ қалды?
Жауабы
Қайың ағашында жаңғақ өспейді.
2) Жаңбырдағы адам
Бір адам құйып тұрған жаңбырдың астында қалыпты. Үйіне келгенде үсті-басы малмандай су, бірақ шашы су болмапты. Неліктен?
Жауабы
Өйткені оның шашы жоқ.
3) Төрт қызметші, бір патша
Төрт қызметші, бір патша. Бұл не?
Жауабы
Үстел.
4) Адам есектен неге құлайды?
Адам есектен неге құлайды?
Жауабы
Адам есектен жерге құлайды.
5) Тауықтың салмағы
Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг. Екі аяғымен тұрса қанша кг болады?
Жауабы
3 кг.
6) Қайық және 117 әскер
Кең аймақты бір өзеннің арғы бетіне өтуі керек 117 адамдық әскери топ қиын жағдайда қалады. Сол сәтте қайық сүйреп келе жатқан екі баланы көреді. Бірақ қайықтың кішкентайлығы сонша — ол бір ересек адамды немесе екі баланы ғана көтере алады. Командир әскерді осы қайықпен өзеннің арғы жағына өткізіп, соңында балаларды қайықтарымен жағада қалдырады. Ол үшін қайық арғы жағаға неше рет барып-келуі керек?
Жауабы
354 рет.
7) Лифт және 9-қабат
9 қабатты ғимараттың 9-қабатында бір бала тұрады. Досы қонаққа келе жатып, лифтпен 6-қабатқа дейін көтеріліп, ары қарай 3 қабатты баспалдақпен шығады. Неліктен?
Жауабы
Бойы қысқа болғандықтан 6-қабаттан жоғары батырмаларға қолы жетпеген.
8) Біздікі, бірақ басқалар қолданады
Біздікі болғанымен, басқалар қолданатын нәрсе не?
Жауабы
Есіміміз.
9) Ұзарған сайын қысқаратын
Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
Жауабы
Өмір.
10) Найзағай жарқылдаса — шаш тарайды
Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды екен. Неге?
Жауабы
Өзін фотоға түсіріп жатыр деп ойлайды.
11) Қай айда 28 күн бар?
Қай айда 28 күн бар?
Жауабы
Барлық айда.
12) «Мені ешкім түсінбейді»
Мені ешкім түсінбейді, неге?
Жауабы
Өйткені ол — ешкі.
13) Патшаның сорпасы
Патша өте дәмді әрі мінсіз етіп сорпа пісіртеді. Бірақ «сорпада бір кемшілік бар» дейді. Зындандағы тұтқынға бір кесе сорпа құйдырып, бір ұрттатқызады да: «Осы сорпаның несі кем екенін тапсаң, сені босатамын» дейді. Тұтқын кемшілігін айтып, бостандыққа шығады. Сорпаның несі кем еді?
Жауабы
Тұтқын ұрттаған соң сорпа бір ұрттамға кеміген.
14) Төрт аяқ, екі аяқ, үш аяқ
Алдымен төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты. Ол не?
Жауабы
Адам.
15) Лимонның жартысы
Лимонның жартысы не болады?
Жауабы
«Лимбес».
16) Король тәжін кімнің алдында шешеді?
Король кімнің алдында тәжін шешеді?
Жауабы
Шаштараздың алдында.
17) Суды елекпен қалай тасуға болады?
Суды елекпен қалай тасуға болады?
Жауабы
Мұз қылып қатырып.
18) Аяқкиім жөндеушінің сүйікті клиенті
Аяқкиім жөндеушілердің ең жақсы көретін клиенті кім?
Жауабы
Қырықаяқ.
19) Жексенбі сенбіден бұрын келетін жер
Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын келеді?
Жауабы
Сөздікте.
20) Ит пен биттің айырмашылығы
Ит пен биттің айырмашылығы неде?
Жауабы
Иттің үстінде бит болады, бірақ биттің үстінде ит болмайды.
21) Құлақ не үшін керек?
Құлақ не үшін керек?
Жауабы
Көзілдірікті ұстап тұру үшін.
22) Ең ұзын ағаш
Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі?
Жауабы
Ұзынағашта.
23) Бір үйде елу батыр
Бір үйде елу батыр, үй сыртына сүйкенсе өліп жатыр. Бұл не?
Жауабы
Сіріңке.
Дереккөз
balalaralemi