Сабақтың типі. Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік

WordPad-ты іске қосу, терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу және құжатты пішімдеу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелілік

Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, зейінділікке, жан-жақты болуға және өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Есте сақтау қабілетін, логикалық ойлау мен абстракцияны дамыту; пәнге қызығушылық пен компьютерлік сауаттылықты арттыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа назар аударту және жұмысқа дайын орта қалыптастыру.

Бастау
  1. Оқушылармен амандасу, сынып тазалығын тексеру, оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
  2. Топқа бөлу.
  3. Психологиялық дайындық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың алдын ала дайындаған материалын талқылау арқылы білімін бекіту.

Қайталау
  • Үйде құрастырылған тест тапсырмаларын тыңдау, жауаптарын оқушылардың айтуы.

III. Жаңа сабақты түсіндіру

WordPad мүмкіндіктері мен негізгі әрекеттерді жүйелі түрде меңгерту.

Негізгі бөлім

Мәтіндік редактор нені орындай алады?

  • Мәтіндік құжаттарды құру.
  • Құжатты өзгерту: қателерін түзету, фрагменттерді жылжыту, көшіру, жою және қосу, іздеу және алмастыру.
  • Мәтінді пішімдеу: қаріп мөлшері мен түсін, абзац қасиеттерін және басқа параметрлерді өзгерту.
  • Құжаттарды баспаға шығару.

WordPad-ты іске қосудың тәсілдері

  1. Пуск → Программы → Стандартные → WordPad.
  2. Пуск мәзіріндегі WordPad белгішесін шерту.
  3. Жұмыс үстеліндегі WordPad жарлығын шерту.

Талқылау

WordPad бағдарламасының жұмыс терезесі және редактордың негізгі батырмалары таныстырылады.

Негізгі назар: құжат құру, сақтау, ашу, пішімдеу.

IV. Сабақты бекіту

Теорияны тәжірибемен ұштастыру: тапсырмалар орындау және салыстыру арқылы түсінікті нақтылау.

Практика

1) Электронды оқулық

Электронды оқулық бойынша тапсырмаларды орындау.

2) Эйлер–Венн диаграммасы

Ұқсастықтарын анықтап, салыстыру.

3) Деңгейлік тапсырмалар

Компьютерде мәтінмен жұмыс жасап, пішімдеуді қолдану.

1-деңгейлік тапсырма

Туралау: сол жақ Қаріп: Times New Roman Мөлшері: 14

Адам туралы

Адамның бойындағының бәрі: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ақыл-ойы да әсем болуы керек. Адам тумысынан бір-бірінен сонша ерекше болып тумайды. Оны ақыл-ойы, сана-сезімі, істеген ісі ерекше етеді. Адамда үш жақсы қасиет бар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

2-деңгейлік тапсырма

Туралау: орта Қаріп: Times New Roman Мөлшері: 14 Тақырып: көк Мәтін: жасыл

Адам туралы

Адамның бойындағының бәрі: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ақыл-ойы да әсем болуы керек. Адам тумысынан бір-бірінен сонша ерекше болып тумайды. Оны ақыл-ойы, сана-сезімі, істеген ісі ерекше етеді. Адамда үш жақсы қасиет бар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Ескерту: бұл бөлімде WordPad ішінде тақырыпты көк, мәтінді жасыл түспен пішімдеңіз.

3-деңгейлік тапсырма

Қаріп: Arial Мөлшері: 16 Пішімдеу: берілген үлгі бойынша

Адам туралы

Адамның бойындағының бәрі: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ақыл-ойы да әсем болуы керек. Адам тумысынан бір-бірінен сонша ерекше болып тумайды. Оны ақыл-ойы, сана-сезімі, істеген ісі ерекше етеді. Адамда үш жақсы қасиет бар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

V. Сабақты қорытындылау

Түсінікті жинақтау және терминдерді нақтылау арқылы қорытынды жасау.

Қорытынды

1) Сәйкестендіру кестесі

Оқушылар кестені парақшада белгілеп толтырады.

2) «Адасқан әріптер» тапсырмасы

Адасқан әріптерден сөз құрастырып, табылған сөздерді дәптерге жазу.

Сөздер үлгісі

Берілгені Дұрысы
Тіндікмә дакторре Мәтіндік редактор
Қырыпта лыжо Тақырып жолы
Нюме ылжо Мәзір жолы
Шімдеупі Пішімдеу

VI. Үй тапсырмасы

Келесі сабаққа дайындық: терминдерді түсіндіру және тест құрастыру.

Дайындық
  • Жұмыс дәптеріне жазылған терминдерге анықтама жазу.
  • Оқулықтан «WordPad мәтіндік редакторының интерфейсі» тақырыбын оқу.
  • 15 тест сұрағын құрастыру.

VII. Бағалау

Оқушыларды сабақ барысында дұрыс жауаптарына қарай берілген белгішелер бойынша бағалау.

Нәтиже

Негізгі ой

Бұл сабақ WordPad арқылы мәтіндік құжатты құру, сақтау, ашу және пішімдеу сияқты базалық әрекеттерді практикалық тапсырмалармен бекітуге бағытталған.