Ғарышкерлер мерекесі

Ашық оқу іс-әрекеті

Тақырыбы

Ғарышкерлер күні

Сөздік қоры

  • Ғарыш
  • Ғарышкер
  • Ғалам

Пәнаралық байланыс

Тіл дамыту, құрастыру

Мақсаты

Білімділік

Көктем туралы білімдерін толықтыру, көктемнің ерекшеліктері мен көктемдегі мерекелерді еске түсіре отырып әңгімелету. Ғарыш және ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру, мағлұмат беру. Сөздік қорларын байыту.

Дамытушылық

Есте сақтау қабілеттерін, ой-өрістерін, зейіндерін, көріп-тану дағдыларын дамыту; дүниетанымдарын кеңейтіп, қиялдарын шарықтату.

Тәрбиелік

Табиғат сұлулығын сезінуге және оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке, ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері және ресурстар

Әдіс-тәсілдері

  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Көңіл күйді көтеру
  • Сурет бойынша әңгімелеу
  • Ойша саяхат
  • Ойын

Көрнекіліктері

Көктемгі табиғат құбылыстарының атрибуттары, геометриялық пішіндер, суреттер, интерактивті тақта.

Алдын ала жүргізілген жұмыс

Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар жаттату.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы

Амандасу

Қайырлы таң! Ормандар мен далалар.

Қайырлы таң! Достасқан бар балалар.

Қайырлы таң! Біздің балабақшамыз.

Қайырлы таң! Жора-жолдас, ұл мен қыз.

Ой туғызу

Балалар, бүгін сендер мерекедегідей әдемі болып кетіпсіңдер. «Мереке» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Сұрақтар

  • Көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталады?
  • Наурыз айында қандай мерекелерді тойладық?

Кәне, көктемнің ерекшеліктерін еске түсіріп, әуен арқылы көрсетіп көрейік. Балалар бетперделерін киіп, әрқайсысы өз орындарына жайғасады.

Көктем көрінісі (әуенмен сахналау)

Бұлттар

Жер анаға көмегім,

Жаңбыр болып төгемін.

Төмендеймін, көлбеймін,

Бөгелмеймін, өрлеймін.

Тамшылар

Бұлттар, бұлттар ойнашы,

Күркіреп, дүркіреп.

Бұлттар, бұлттар ойнашы,

Сіркіреп, дүркіреп.

Бұлттар (жалғасы)

Нөсер, нөсер төк-төк,

Болсын егін көп-көп.

Сулар

Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,

Су ағады сыңғырлап.

Бау-бақшаны аралап,

Су ағады жағалап.

Күн

Құшағын ашып шуақты,

Күнмін алтын сияқты.

Кемпірқосақ

Мөлдіреп моншақ шашылды,

Аспан шайдай ашылды.

Көкте қызыл, жасылды,

Кемпірқосақ асылды.

Құстар

Көкке қанат қағамыз,

Көктем әнін саламыз.

Гүлдер

Бәйшешекпіз құлпырған,

Көрік берер далаға.

Жарайсыңдар, балалар! Көктем мезгілі осындай керемет ерекшеліктерімен қуантады екен.

Көктем айлары және мерекелер

Көктемнің осы айы қай ай? Бұл — көктемнің екінші айы. Ол қалай аталады? Сәуір айы.

Сәуір айында тағы бір үлкен мереке бар: Ғарышкерлер күні.

Ғарыш туралы түсінік

Ғарышкер деген кім?

Ғарышкер — ғарышқа, аспан әлеміне ұшатын адам. Олар зымыранмен ұшады, оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.

Біз қайда өмір сүреміз?

Аспан әлемінде көптеген ғалам бар. Ал біз Жер ғаламында өмір сүреміз.

Әуе көліктері

  • Ұшақ
  • Тікұшақ
  • Зымыран

Сурет арқылы әңгімелеу

Суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам — Юрий Гагарин. Бұл оның ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан сәті.

Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Суретте қазақ ғарышкерлері — Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев. Олар — еліміздің мақтанышы, ержүрек батырлар, халық қаһармандары.

Осындай батыл әрі ержүрек болу үшін білімді, тәртіпті болып, үлкен азамат болып өсуіміз керек.

Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар мен шоқжұлдыздар бар. Аспанда сондай-ақ күн, ай, бұлттар болады.

Суретте ұшуға дайындалып тұрған ғарыш кемесі көрсетілген. Онымен адамдар ғарыш кеңістігіне ұшып, аспан әлемін зерттейді.

Байқоңыр ғарыш айлағы

Ғарышкерлер ғарышқа Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшады. Байқоңыр Қазақстанда, Қызылорда облысында орналасқан.

Скафандр не үшін керек?

Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ, сондықтан ғарышкерлер арнайы киім — скафандр киеді. Тек осындай қорғаныс киімімен ғана қауіпсіз қозғалуға болады.

Тақпақ айту

Балалар, біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік. Қане, есімізге түсірейік: кім айтады?

Еске сақтау

12 сәуірҒарышкерлер күні.

Осы бөлімде балалардың тақпақтары тыңдалады.