Сыни ойлауға бағытталған Есімдік әлемінде атты шығармашылық көрме
Сабақ: Есімдіктен өткенді қайталау (6-сынып)
Бұл сабақта есімдіктің түрлері бойынша оқушылардың алған білімін анықтау үшін топтық жұмыс ұйымдастырылады.
Сабақтың мақсаты
Есімдіктің түрлері бойынша оқушылардың алған білімдерін анықтау үшін топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру.
Сілтеме
Орта мерзімді жоспар, әдістемелік құрал.
Түйінді идея
Оқушылар сөйлем құрастыру арқылы «мозайка» әдісімен үш топқа бөлінеді.
Міндеттері
- Төмен және жоғары деңгейлі сұрақтар қоюды үйренеді.
- Оқушының сыни ойлауы дамиды.
- Шығармашылығы мен ізденісі артады.
Күтілетін нәтиже
- Сабаққа қызығушылығы артып, тілдік (сөздік) мәнері қалыптасады.
- Мәтінді талдап, қорытынды шығара алады.
- Жеке ой-пікірінің құндылығы артады.
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Құрал-жабдықтар
- Кестелер мен сызбалар
- Маркер, стикер, постер
- А4 форматындағы бағалау парақтары
Сабақ барысы
Сергіту сәті
Жылдам сұрақтар: «Не?», «Қалай?», «Қашан?»
1-тапсырма: Ассоциация және постер қорғау
Үш топ есімдіктің мағыналық түрлеріне ассоциация жасап, постер дайындайды және қорғайды.
2-тапсырма: Топтық жұмыс
1-топ
Есімдіктің мағыналық түрлерін кірістіре отырып, «Біздің сынып қызықтары» тақырыбында шағын әңгіме жазады.
2-топ
175-жаттығу: есімдіктердің астын сызып, морфологиялық талдау жасайды.
3-топ
194-жаттығу: есімдіктерді мағыналарына қарай топтап, бөліп жазады.
Топ мүшелері жұмысты «2 ұсыныс, 1 тілек» әдісімен қорытындылап баяндайды.
3-тапсырма: Сыни ойлауға бағытталған шығармашылық жұмыс
«Есімдік әлемінде» атты шығармашылық көрме ұйымдастырылады.
1-топ
Суреттер арқылы мәтін құрастырады.
2-топ
Есімдіктерге байланысты өлеңдер мен жұмбақтар құрастырады.
3-топ
Есімдіктерді қатыстырып сөйлемдер жазады:
Бағалау
Топ мүшелері белсенді топты «бағдаршам» әдісі арқылы анықтайды:
Автор туралы
Ойыл ауданы, Ш. Берсиев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Максиова Гүлден.