Менің байларда кеткен өшімді алып берсе екен деп тілепті

Сабақ тақырыбы

Әдебиеттік оқу (2-сынып): «Алдаркөсе мен салт атты» (ашық сабақ).

Сабақтың мақсаты

  • Халық ауыз әдебиетінің бір жанры — аңыз туралы түсінік беру; мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру.
  • Аңыз туралы білімді тереңдету арқылы сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын арттыру және байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Өмірде кездесетін жағымсыз әдеттерден аулақ болуға, өтірік айтпауға, адамдарды алдамауға тәрбиелеу; әзілдің адам өміріндегі маңызын ұғындыру.

Күтілетін нәтиже

Дәлелдеу дағдысы

Оқушы өз пікірін негіздеп айтуға дағдыланады.

Ойлау және ізденіс

Ойлау белсенділігі артып, ізденісі күшейеді.

Өз ойын жеткізу

Өз көзқарасын ашық әрі түсінікті білдіруге үйренеді.

Топта жұмыс

Талқылау мен қорғау арқылы бірлесіп жұмыс істеу мәдениеті қалыптасады.

Сабақ құрылымы

Кіріспе бөлім

Психологиялық ахуал

Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.

Үй тапсырмасын тексеру

«Радиоға қоңырау шалу» әдісі арқылы сұрау-жауап жүргізіледі. Бағалау — «Бас бармақ» тәсілі арқылы.

Негізгі бөлім

Жаңа тақырыпты ашу

Оқушылар сөзжұмбақ шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Ерекше белгіленген сызық бойымен шыққан сөз — «Алдаркөсе».

Сөзжұмбақ сұрақтары

  1. Күн мен айдың мекені.
  2. Ешкінің төлі.
  3. Не ойнаған тозады?
  4. Түлкі қандай аң?
  5. Шын, ...
  6. Тудың түсі.
  7. Бес жаман қасиеттің бірі.
  8. Төрт түліктің бірі.
  9. Аяқкиім.

Жазылым

Оқушылар дәптерлерін ашып, бүгінгі күнді, сабақ тақырыбын және негізгі тірек ұғымдарды жазады.

Топтық жұмыс

Әр топқа тапсырмалар беріледі. Танысуға 5 минут уақыт бөлінеді. Әр топтан бір оқушы қорғайды.

1-топ: Аңыз туралы мәлімет

Аңыз — халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Аңыз әңгіме — өмірде болған адамның басына құрылған оқиғаға негізделген әңгіме. Аңыздарда тарихта болған адамдардың іс-әрекеті мен соларға байланысты оқиғалар баяндалады. Аңыздар ел аузынан тараған. Құрылысы жағынан ертегіге ұқсайды, бірақ айырмашылығы — аңыздарда өмірде болған тұлғалар туралы айтылады.

2-топ: Қожанасыр туралы

Қожанасыр қазіргі Түркиядағы Ескішехір қаласына жақын Хорту ауылында дүниеге келген. Алғашқы білімді ауыл имамы болған әкесінен алған. Ол адам бойындағы озбырлық, табансыздық, сараңдық сияқты қасиеттерді әшкерелеп, тапқыр да шешен сөздерімен жеткізген. Қожанасыр туралы әңгімелер адамды күлдіріп қана қоймай, жақсы мен жаманды ажыратуға тәрбиелейді.

3-топ: Алдаркөсе туралы

Алдаркөсенің әкесін байлар жиі алдап кететін болған. Әкесі аңқау, сенгіш әрі кеңпейіл адам екен. Көпке дейін баласы болмай, Алладан ұл тілейді. Ұлы дүниеге келгенде атын Алдар деп қойып, «байлардан кеткен өшімді алса екен» деп тілеген. Алдар ер жеткенде байлардың қарапайым халыққа жасаған қиянатын көріп, оларды әшкерелеудің жолын табады. Есейе келе сақал-мұрты шықпағандықтан, атына «көсе» деген қосымша қосылып, Алдаркөсе атанған. Ол — тарихта өзіндік орны бар, кедейге жаны ашып, тапқан-таянғанын бөлісетін жомарт аңыз тұлға.

4-топ: «Алдаркөсе мен салт атты» (сахналау)

Мәтін желісі бойынша көрініс қойылады: рөлдер бөлініп, кейіпкерлердің іс-әрекеті мен негізгі ойы сахналық қойылым арқылы ашылады.

Оқу мақсаттарына сай әрекеттер

Қолдану

Мәтінді түсініп оқу, рөлге бөліп оқу, көрініс арқылы қолдану.

Талдау

Кейіпкерлер әрекетін талдау, жағымды және жағымсыз қылықтарды ажырату.

Жинақтау

Негізгі ойды түйіндеу, өмірлік қорытынды жасау, пікірді дәлелдеу.