Сөз тіркестерін - сөйлем құрастыру

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: Губайдуллина Баян Нұрахметовна

Тақырып: Ұлттық ойындар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ұлттық ойындар туралы мәлімет беру.

Дамытушылық

Оқушылардың сөздік қорын молайту; ауызекі сөйлеу, сөйлем құрастыру, тән дыбыстарды дұрыс айту және өзара сұхбаттасу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Ұлттық ойындарға қызығушылық қалыптастыру; ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Көрнекілігі

Презентациялар, суреттер, сызбалар.

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, жазбаша жұмыс, ойын, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.
II

Тілдік орта (мультимедиялық презентация)

Сұрақ 1

Бүгін ауа райы қандай?

Сұрақ 2

Бүгін нешесі?

Сұрақ 3

Қай жыл мезгілі?

Сұрақ 4

Бүгін неше сабақ бар?

III

Фонетикалық жаттығу (интерактивті тақта)

К...шті мы...ты салма...ты

Мақсат: дыбыстарды дұрыс айту және сөзді толықтыру арқылы дұрыс жазылымға жетелеу.

IV

Лексикалық жаттығу (мультимедиялық презентация)

Тақырыптық ұран

«Дене шынықтыру — біздің парызымыз»

V

Үй тапсырмасын тексеру

  • Қорытындылау.
  • Бағалау.
VI

Жаңа тақырыпты меңгеру

Кіріспе сұрақтар

  • Балалар, қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?
  • Қандай ұлттық ойындарға қатысып көрдіңдер?

Тыңдалым

Ұлттық ойындар — қазақ халқының салт-дәстүрінің бір түрі. Ұлттық ойындар өте көп. Оларға қатысу үшін адам күшті әрі мықты болуы керек.

Сөздік жұмысы

ұлттық ойындар

национальные игры

мерекелерде

на празднике

күшті

сильный

қызық

интересный

жүгіреді

бегают

секіреді

прыгают

ойнайды

играют

Тапсырма

Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру.

Сергіту сәті

Қысқа ойын арқылы сергіту жаттығуын орындау.

Сызба арқылы түсіндіру

  • Ұлттық ойындардың мәні мен ерекшеліктерін сызба арқылы талқылау.
  • Ойын түрлерін және олардың қашан өткізілетінін анықтау.

Тапсырмалар

1) Сурет бойынша

Суреттерге қарап, 3–4 сөйлем құрастыру.

2) Сұрақ-жауап

Қандай ұлттық ойын түрлерін білесің?

Бәйге мен көкпар қандай ойындар?

Ұлттық ойындар қай кезде өтеді?

3) Диалог

Сұрақтар арқылы жұппен жұмыс: бір-бірімен сөйлесіп, жауаптарын толық сөйлеммен жеткізу.

VII

Қорытынды және бағалау

Сабақ мазмұны бойынша қысқаша қорытынды жасалып, оқушылардың жұмысы бағаланады.

VIII

Үй тапсырмасы

  • Сөздерді жаттау.
  • Сұрақтарға жауап беру.