Мал өсіру - мал шаруашылығы

Сабақтың мазмұны мен құрылымы

Бұл жоспар «Мал шаруашылығы» тақырыбын оқушыларға түсінікті, қызықты және әрекетке негізделген тәсілдер арқылы меңгертуді көздейді. Сабақта топтық жұмыс, ойын элементтері, мәтінмен жүйелі жұмыс және шығармашылық тапсырмалар біріктіріледі.

Тақырып

Мал шаруашылығы

Пән аралық байланыс

  • Қазақ тілі
  • Биология
  • География
  • Тарих

Мақсаттар

Білімдік

Үй жануарларын бағып-өсіру ерекшеліктерімен таныстыру, өз өлкеміздегі мал шаруашылығының дамуы туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық

Танымдық белсенділікті арттыру, шаруашылық салалары туралы түсінікті кеңейту, ой қорыту дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

Еңбекқорлыққа, төзімділікке тәрбиелеу, еңбек адамдарына құрмет сезімін қалыптастыру және қамқорлық қасиетін ояту.

Қажетті ресурстар

Көрнекіліктер

  • Қазақстанның физикалық картасы
  • Суреттер, бүктемелер
  • «Сиқырлы қорапша», «Ғажайып қапшық»
  • Асықтар, қима әріптер
  • Үй жануарлары бейнесіндегі тәждер

Техникалық құралдар

  • Интерактивті тақта
  • Слайд-презентация

Әдіс-тәсілдер

  • Топтастыру (кластер)
  • «Бес жолды өлең»
  • Ойын арқылы сұрақ-жауап

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық, жағымды ахуал қалыптастыру.
  • Сурет қиындыларын құрастыру арқылы топқа бөліну.
  • Үй тапсырмасын «Ыстық орындық» ойыны арқылы сұрау.

2) Тақырыпқа кіріспе: атауларын жазыңдар

Құс өсіру — құс шаруашылығы.

Ара өсіру — омарта шаруашылығы.

Балық өсіру — балық шаруашылығы.

Мал өсіру — мал шаруашылығы.

3) Ассоциация және қорғау

«Мал шаруашылығы» ұғымына кластер құрып, топтық талқылау арқылы қорғау.

4) Топқа бөлу және кластер құру

Оқушылар төрт түлікке байланысты 4 топқа бөлінеді: қой, сиыр, түйе, жылқы. Үй жануарлары бейнесіндегі тәждер кигізіліп, әр топ өз жануарына қатысты кластер жасайды.

5) «Адасқан әріптер» ойыны

Адасқан әріптерден сөз шығарып, төрт түлікке қатысты ұғымдарды бекіту.

Төлдері

  • Құлыншақ
  • Ботақан
  • Бұзауқан
  • Қошақан

Пірлері

  • Қамбар ата
  • Ойсылқара
  • Зеңгі баба
  • Шопан ата

Қалай шақырады?

  • Құру-құру
  • Көс-көс
  • Әукім-әукім
  • Пұшайт-пұшайт

6) «Ғажайып қапшық» арқылы жаңа мәтінмен жұмыс

Оқушылар нөмірленген асықтарды таңдап, тапсырмалар орындайды. Бұл кезең оқулықтағы жаңа мәтінді талдаумен ұштасады.

Тапсырмалар

  • 1 асық: төрт түлік туралы өлең немесе ән айту.
  • 2 асық: мақал-мәтел айту.
  • 3 асық: малдың пайдасын айту.
  • 4 асық: жаңылтпаш айту.

Мәтін бойынша жұмыс

  • Мәтін бөліктерін түсініп оқу.
  • Әр бөлім бойынша сұрақтар қою және жауап беру.

І бөлім: жалпы сұрақтар

  1. Жануарлар немен қоректенеді?
  2. Жануарларды емдейтін мамандық қалай аталады?
  3. Қой қай облыстарда өсіріледі?

ІІ бөлім: жылқы шаруашылығы

Жылқының түрлері туралы әңгімелеу. Жылқы шаруашылығы Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында дамыған.

ІІІ бөлім: сиыр шаруашылығы

Сиыр — ірі қара мал. Қазақстанның барлық өңірінде дамыған.

IV бөлім: түйе шаруашылығы

Түйе шаруашылығы батыс аймақтарда жақсы дамыған. Түйе Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Алматы облыстарында өсіріледі.

7) Тапсырманы бекіту: «Ғажайып қапшық» (қайталату)

Нөмірленген асықтар арқылы тапсырмалар қайта орындалып, білім бекітіледі: өлең/ән, мақал-мәтел, малдың пайдасы, жаңылтпаш.

8) Топтық жұмыс: «Мен — жарнамашымын»

Әр топ өзіне тиесілі төрт түлікке қатысты өнімдерді жарнамалайды. Тапсырма сөйлеу мәдениетін дамытып, шығармашылықты арттырады.

Қамбар ата тобы — жылқы өнімдері

Қазы, қарта, жал, жая, Сүр ет, шұжық балдай-ау! Қақтыратын таңдайды, Бал қымызым қандай-ау!

Ойсылқара тобы — түйе өнімдері

Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан, Шөл даланың кемесі, Төрт түліктің төресі. Дертке дауа болатын Шұбаты бар киелі.

Шопан ата тобы — қой өнімдері

Мал өсірсең — қой өсір, Өнімі оның көл-көсір. Кисең — киім, ішсең — ас, Іздесең, мұндай табылмас.

Зеңгі баба тобы — ірі қара өнімдері

Ыстық-ыстық сүт ішсең, Дәмі кетпес таңдайдан. Бой жадырап кенеттен, Буы шығар маңдайдан. Малды бақсаң — сиыр бақ, Сүт кетпейді шарадан.

Құнарлы азық Жақсы жайылым Шабындық жерлер

9) Көркем оқу

«Осындай өлке қайда бар?» өлеңін оқушы мәнерлеп оқиды.

10) Бекіту және қорытынды

Тест тапсырмалары

Бағалау парағы арқылы тест тапсырмалары орындалады.

Рефлексия

Оқушылар сабақта меңгерген білімін, әсерін және қиындықтарын қысқаша қорытындылайды.