Жарысқа қатысушыларға жас әнші
«Бимен шынығайық!» (физминут жарысы)
Жүргізуші: Қайырлы кеш, құрметті көрермендер! Биді жақсы көресіздер ме? Бүгін бізде «Бимен шынығайық» физминут жарысы өтеді.
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысу үшін ортаға
Спортшы балаларды шақырамыз.
Қатысушылар
- 8-сынып
- 9-сынып
- 10-сынып
Төрелік ететіндер
________________________
Ескерту: Бүгінгі жарысты ашу үшін сөз кешті ұйымдастырушы, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі ___________________ беріледі.
Шақыру және жігерлендіру
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Жарысқа қатысушыларға жас әнші __________________ ән шашуын жолдайды. Қабыл алыңыздар.
Би өнері туралы
Жүргізуші: Би — саз ырғағымен әртүрлі қимыл-қозғалыс жасап орындалатын, көңіл күйді және ішкі сезімді білдіретін көне өнер. Адамдардың күнделікті еңбек үдерісіндегі іс-әрекеті мен қоршаған ортадан алған әсерлері би арқылы көрініс тапқан қимылдар мен ишараларға негіз болды.
Табиғат құбылыстарын, тұрмыстық көріністерді, аңшылық пен соғыс сәттерін белгілі бір жүйеге түскен ырғақты қимылмен, яғни бимен бейнелеу көне дәуірде наным-сеніммен сабақтасып, өмір талабынан туған. Уақыт өте тәжірибе молайып, қимылдарды мәнерлеу мүмкіндігі артып, жеке би өнері қалыптасты.
Ендеше, осы өнерді меңгерген алғашқы сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Олар — 10-сынып оқушылары. Қошеметпен қарсы алайық.
«Қара жорға» аңызы және сахнаға шақыру
Жүргізуші: Әр бидің өз шығу төркіні мен тарихын бағзы кезеңнен жеткен аңыз-әпсаналардан аңғаруға болады. «Қара жорға» биінің шығуы туралы аңыз алғашқы саз аспабы — қобыздың пайда болған, жылқыны үй жануары ретінде қолға үйреткен дәуірге жетелейді.
Түз жылқысын шалмалап ұстаған жігіт оны сол сәтте-ақ үйретіп, ауылына мініп келеді. Жылқы қара әрі жорға екен. Олжасына қатты қуанып, жігіт әуелі атын ойнақтатып, ат үстінде, кейін жерге түсіп билейді. Содан бері би «Қара жорға» аталыпты деседі.
Келесі бишілер
Біздің келесі бишілеріміз — «Қара жорғаның» хас шеберлері. Алайда бүгін олар заманауи физминутқа арналған би орындайды.
Сахна төрінде
10-сынып оқушылары сахна төрінде. Қарсы алыңыздар.