Бадрисафа кім
Сабақтың мақсаттары мен күтілетін нәтижелер
Оқу дағдылары
- Мәтінді түсініп, дұрыс әрі мәнерлеп оқу.
- Негізгі ойды анықтап, қорытынды шығару.
- Сұрақтарға дәлелмен жауап беру.
Тұлғалық және тілдік даму
- Туған ел туралы түсінікті кеңейту.
- Сөздік қорды молайту, есте сақтау қабілетін дамыту.
- Отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа аудару, жағымды көңіл күй қалыптастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- 1)Мәнерлеп оқу.
- 2)Сұрақтарға жауап беру.
- 3)Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.
«Сөз мерген» ойыны
- «Мерген» сөзін қалай түсінесіңдер?
- Мергендік туралы сұрақ-жауап.
- Оқушыларды 3 топқа бөлу (бағалау — жұлдызша арқылы).
III. Жаңа сабақ: «Ақкөл жағасында» (Әмірхан Абдуллин)
Автор туралы
Оқушыларға шығарманың авторы туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Тірек-сызба: Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы — аса ірі ғалым, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, ақын және аудармашы, ұстаз, әдебиет теоретигі, мемлекет қайраткері, ел-жұртының абзал азаматы.
ХХ ғасырдағы Қазақстанда инновациялық педагогикалық идеялардың дамуы Ахмет Байтұрсынұлы есімімен тығыз байланысты. Ол туған халқының болашағы үшін күрескен азамат ретінде ерте танылды. Қазан төңкерісіне дейін-ақ «қауіпті адам» ретінде үкімет назарында болып, өмірі үнемі қауіп-қатермен өтті. Ақ патша кезеңінде де, кейінгі жүйеде де ол қуғын-сүргін мен түрме азабын көрді, әр қадамы бақылауда болды. Көп жылдар бойы «халық жауы» атанып, халқымен араласа алмай, есімі ұмыт қала жаздады. Алайда күрескер қайраткер, ақын-жазушы, ағартушы ретіндегі биік тұлғасы кейінгі ұрпақпен қайта қауышты.
I бөлім: «Мықты болсаң, тауып көр»
- Ныспым
- Өз атым, есімім.
- Көшір
- Арба айдайтын адам.
- Тарантас
- Сәнді адамдар мінетін төрт аяқты арба.
II бөлім: «Жүйрік болсаң, шауып көр»
- Мәтінді оқу.
- Бұрын естілмеген сөздермен жұмыс.
- Бадрисафа кім? (түсіндіру, талдау).
- Ахметке мінездеме беру.
- Әңгімені бөліктерге бөліп, жоспар құру.
Топтық жұмыс: бөлімдерге ат қою
- 1-топ: «Арба жүгіріп отырғызды»
- 2-топ: «Аттас Ақкөл, мәреге-сәреге»
- 3-топ: «Қарт әңгімелеп естіген»
III бөлім: Сергіту — «Кім шапшаң?»
Математикалық жұмбақтар арқылы шапшаңдық пен логиканы дамыту.
Төрт торғай ұшып келіп, бұтаққа қонды. Егер торғайлар бұтаққа бір-бірден қонса, бір торғай артық; ал екі-екіден қонса, бір бұтақ артық қалады. Торғай нешеу, бұтақ нешеу?
Жауабы: 4 торғай, 3 бұтақ.
Кітапханада 3 бөлме бар. Әр бөлмеде 10 шкаф, әр шкафта 5 сөре. Барлығы неше сөре?
Жауабы: 3 × 10 × 5 = 150.
Бес сауысқан безектеп ұшты, үш үкі үркіп ұшты, жарда жеті жапалақ отыр еді, топ тоғыз тоқылдақ қарғып кетті. Барлығы қанша құс болды?
Жауабы: 5 + 3 + 7 + 9 = 24.
IV бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр»
Шығармашылық тапсырма
Оқушылар өз ойынан жұмбақ немесе жаңылтпаш құрастырады.
Ұланымын,
Ойлап өскен ертеңді.
Тәуелсіздік —
Құттықтаймын сіздерді!
Сөзжұмбақ тапсырмасы
«Өшпес өмір өнегелері» тарауында әдебиет пен өнерге өшпес із қалдырған әйгілі адамдардың атын дұрыс тапсаң, атақты ақынның есімі шығады.
- 1)«Абай жолы» романының авторы.
- 2)Фамилиясын Қырғызбаев деп өзгерткен кім?
- 3)«Қайран шешем» күйін шығарған атақты күйші.
- 4)Атақты қазақ палуаны.
- 5)«Біреуге жақсылық етсең, жақсылығыңды міндет етпе» — бұл кімнің сөзі?
- 6)«Орындалған арман» әңгімесінің авторы.
V. Ой қорыту
Сұрақ-жауап
- 1)Әңгімеде кім туралы айтылады?
- 2)Ахмет Байтұрсынұлының сөзі мен іс-әрекетінен қандай адам екенін байқадыңдар?
- 3)Балалардың жаңылтпаштары мен жұмбақтары ұнады ма?
Әсер мен кері байланыс
Әр оқушы «қоржынына» сабақтан алған әсерін білдіретін сөздерді салады: жақсы, керемет, тамаша, қызықты, тартымды.
Топтық қорытынды: «Достық жеңді», «Бірлік жеңді».
Ой түйін
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңару жолына түсті. Бүгінде еліміз әлемдік қауымдастықта өз орны, өз беделі бар абыройлы мемлекетке айналды.
Н. Назарбаев
VI. Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыстары нәтижесіне қарай бағалау жүргізіледі.
VII. Үй тапсырмасы
- Мәтінді оқу.
- Мазмұнын айту.