Конвенция - әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат

Балалық шақ — ұмытылмас кезең

«Бала — болашақ» деген ойды француз жазушысы Виктор Гюго да айтқан. Бала — періштедей: пейілі мен ниеті таза, көңілі мөлдір. Абай атамыз «Адамның бір қызығы — бала» дегендей, тіршілікте алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттер көп.

Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы — елдің көркі, ер баланы — елдің қорғаны санаған. Балалық шақ — адам өміріндегі қызықты да бақытты, ұмытылмайтын кезең. Сондықтан әрбір ата-ана перзентінің осы шақты қауіпсіз әрі есте қаларлықтай өткізуіне жағдай жасауды ойлайды.

Ата-аналарға жадынама: заңды білу — заман талабы

Жадынама

Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы жүзеге асуда. Әрбір азамат өз құқықтарын жете біліп, соған сай құқықтық сана-сезімін қалыптастыруы қажет.

Азаматтың міндеті

Заң талаптарын бұзбау және өзіне жүктелген міндеттерді орындау.

Заңның мәні

Заң — өмірдің нәрі. Оның мықтылығы атауында емес, адалдығы мен әділдігінде.

Қазақстан Республикасының Ата Заңы бойынша әрбір азамат жеке куәлік алады. Бұл — құқық пен жауапкершіліктің негізгі тіректерінің бірі.

Балалардың құқығы: халықаралық құжаттардың маңызы

1979 жылы халықаралық деңгейде балалар мәселесіне арналған жиын барысында Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны әзірлеу жөніндегі топ құрылды. Ал 1989 жылғы 20 қарашада бұл конвенцияны БҰҰ бірауыздан қабылдады.

Конвенция не дейді?

Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп-жетілуіне қажетті тұрмыс деңгейін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды.

Осы орайда құқықтық түсіндіру жұмысы аясында Ішкі істер бөлімінің қызметкері Қожахметов Русланбек мырзаға сөз беріледі.

Видеоматериал

Осы бөлімде бейнеролик көрсетіледі.

Жол қауіпсіздігі: әркім өз өміріне жауапты

Қауіп қайдан демеңіз — әр адам өз өмірінің қауіпсіздігіне өзі жауапты. Біз жол ережелерін қаншалықты білеміз және оларды қалай сақтаймыз? Ой бөлісу үшін жол полициясы қызметкерін тыңдаймыз.

Видеоматериал

Осы бөлімде бейнеролик көрсетіледі.

Салауатты өмір салты: жаман әдеттен аулақ болу

Заңның басты мақсаттарының бірі — қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Салауатты өмір сүрудің күрделі, бірақ маңызды қадамдарының бірі — жаман қылықтардан аулақ болу. Рухани құндылықтардың көп бөлігін адам қоршаған ортадан алады, сондықтан дұрыс ортаны таңдау да шешуші мәнге ие.

Өз денсаулығымызды қалай сақтаймыз және зиянды әдеттерден қалай бойды аулақ ұстаймыз? Бұл тақырып бойынша Аудандық аурухана қызметкері Бекенов Олжас Тасмұратұлы пікір білдіреді.

Видеоматериал

Осы бөлімде бейнеролик көрсетіледі.

Өрт қауіпсіздігі: «Өрт — тілсіз жау»

Қазіргі уақытта өрттің шығу қаупі күшеюде. «Өрт — тілсіз жау» деген сөз бекер айтылмаған. Өрт шыққан жағдайда қандай іс-әрекет жасау қажет екенін білеміз бе?

Осы сұрақтарға жауап алу үшін Аудандық өрт сөндіру мекемесінің қызметкері Жақыпов Дінмұхамед ағайға сөз беріледі.

Видеоматериал

Осы бөлімде бейнеролик көрсетіледі.

Қорытынды тілек

Тыныштық — баршамыздың ұранымыз, мәңгілік таусылмайтын жыр-әніміз. Арманның асқарына қанат қаққан, бақытты бейбіт елдің ұланымыз.

Балалар, балалық шақтарыңыздың қызықты күндері таусылмасын, дендеріңіз сау болсын! Тәуелсіз Қазақстанның жарқын жүзді, саналы азаматы болып өсіңіздер.

Бүгінгі кездесуге келіп, жас ұрпаққа үлгілі сөз айтып, мәнді ақыл-кеңестеріңізбен ой бөліскендеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Еңбектеріңізге табыс тілейміз, дендеріңіз сау болсын!

Автор туралы

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің әлеуметтік педагогы — Әбдікова Әсем Серікқызы.