Шырмалып өсетін өсімдік атауларын жаз

Сабақ жоспары Жаңа сабақ Сыни ойлау

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Оқыту әдістері

  • Диалогтік оқыту
  • Топтық жұмыс
  • Өзіндік жұмыс
  • Сыни тұрғыдан ойлау

Көрнекілігі

  • Гүлдер суреттері
  • Венн диаграммасы
  • АКТ
  • Стикерлер
  • Слайдтар

Мақсаты

Білімділік

Оқушыларға өсімдіктердің адамға пайдасын, адам өміріндегі рөлін, өсімдік пен адам арасындағы байланысты түсіндіру. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз ойларын толық әрі нақты жеткізуге бағыттап, білімдерін жетілдіру.

Дамытушылық

Ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту және сөйлеу мәдениетін дамыту.

Негізгі идеялар

  • Туған өлкесін сүю және табиғи байлығын қорғау.
  • Еліне құрмет көрсету.
  • Өсімдік түрлерін ажырата білу.
  • Іс-әрекеттерін жоспарлауды үйрену.

Тапсырмалар

Оқуға дайындық

«Бөлме өсімдіктері» тақырыбын түсініп оқып келу.

Шығармашылық жұмыс

Ұнатқан гүліңнің атауы шығатындай етіп сөзжұмбақ құрастырып келу.

Күтілетін нәтиже

Ынтымақтастық

Бір-біріне және өзіне жылу сыйлап, ынтымақтастық атмосферасын құра алады.

Қызығушылық

Бұрыннан білетінін еске түсіріп, оқу мотивациясы мен қызығушылығы артады.

Өзін-өзі бағалау

Топта ой бөлісіп, өзіне сенімді болады және бір-бірін бағалауға дағдыланады.

Сабақ барысы

Төменде сабақтың кезең-кезеңімен ұйымдастырылу жоспары берілген. Әр бөлім оқушылардың белсенді қатысуын және ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған.

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды сабаққа дайындау үшін психологиялық дайындық жүргізіледі.
  • Гүл атаулары арқылы топқа бөлінеді.
  • Гүлдер туралы өлең айтады.
  • Оқушылар бір-біріне жылу сыйлап, ынтымақтастыққа бейімделеді.

2) Өткенді пысықтау

Әр топ берілген сұрақтарға жауап беріп, білімін толықтырады:

  1. Өсімдіктер қандай жолдармен көбейеді?
  2. Шөлде өсетін өсімдікті ата. Оның тамырының ұзындығы неше метрге дейін барады?
  3. Жемістер қандай болады?
  4. Өсімдіктің мүшелерін ата.
  5. Құрғақ жемістерді ата.
  6. Жапырақ қандай қызмет атқарады?

3) «Кім жылдам?» ойыны

1-топ

Жерге төселіп өсетін өсімдіктерді жазыңдар.

2-топ

Шырмалып өсетін өсімдік атауларын жазыңдар.

3-топ

Сабағы қысқа болып өсетін өсімдіктерді жазыңдар (суреттер арқылы).

Тақтаға ілінген суреттерді тапсырмаға сай топтастырып, атауларын жазады.

4) Жаңа сабақ: «Миға шабуыл»

  1. Бөлме өсімдіктерінің адамдарға қандай пайдасы бар?
  2. Бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреді деп ойлайсың?
  3. Бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын неліктен сүртеді?

Әр топ өз ойын ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасады және қосымша мәліметтер алады.

5) Оқулықпен жұмыс

  • Тақырыпты тізбектей оқиды.
  • Түсініксіз сөздерді топ ішінде талқылайды.
  • Жеке және топтық жұмыстар орындалады.

6) Суретпен жұмыс

Суреттегі гүлдердің атауларымен танысады. Бұрын естімеген немесе көрмеген гүл түрлерін ажыратып, атауларын үйренеді.

7) Сергіту сәті

Сергіту жаттығуларын орындайды. Мозайка құрастыру арқылы көңіл сергітіп, назарын шоғырландырады.

8) Топтастыру: Венн диаграммасы

Венн диаграммасы арқылы далада өсетін және бөлмеде өсірілетін гүлдерді салыстырып, ерекшеліктерін топтастырады.

9) Өзіндік жұмыс

Әр оқушы өзіне ұнайтын бөлме гүлінің суретін салып, ол туралы білетін мәліметін жазады. Бұл жұмыс шығармашылық қызығушылықты арттырып, өзіндік ой қалыптастыруға ықпал етеді.

10) Бағалау

Сабақ соңында әр топ жинаған ұпайына қарай бағаланады. Әр оқушы өзінің нәтижесіне сай тиісті бағасын алады.

11) Рефлексия

Оқушылар стикерге сабақтан алған әсері мен ойларын жазады: ұсыныс, пікір, сұрақтарын қалдырады.

12) Үй тапсырмасы

  • Үй тапсырмасын күнделікке жазу.
  • Слайдты жүктеп алу (немесе мұғалім ұсынған сілтеме арқылы қарау).