Қимыл - қозғалыс ойындары

Мазмұны

1. Алғы сөз

Дене тәрбиесінің маңызы, мектепке дейінгі кезеңдегі денсаулықты нығайту, сауықтыру жұмыстарының бағыттары.

2. Қимыл-қозғалыс ойындары

  • Жалауша
  • Ақ сандық, көк сандық
  • Жапалақ
  • Қуғыншыдан құтқару
  • Түйілген орамал

3. Бой жазу ойындары

  • Көпір-көпір
  • Айдаһар
  • Ат жарысы
  • Таяқшадан аттап өт ойыны

4. Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Әдістемелік құралдар мен оқыту материалдарының тізімі.

Алғы сөз

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–2050» стратегиясы туралы жолдауында дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы керектігі атап өтіледі. Саламатты өмір салты — ұлт денсаулығының кілті.

«Қазақстан–2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауындағы «Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу — аурудың алдын алудың негізі» деген қағиданы басты ұстаным ретінде қабылдаймыз.

Тәуелсіз елдің тірегі — білімді ұрпақ. Ал білімді ұрпақтың іргетасы дені сау, жан-жақты дамыған баладан қаланады. Сондықтан болашағы жарқын, кемел ұрпақ тәрбиелеуге бірлесе атсалысайық.

Мектепке дейінгі ұйымдағы денсаулықты нығайту

«Саулық — байлық» деген ұғым әр адамның салауатты өмір салтын ұстануына тікелей қатысты. Аурудың алдын алу, дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны жақсарту және дене тәрбиесімен жүйелі айналысу — денсаулықты сақтаудың негізгі бағыттары.

Денсаулық — әлеуметтік байлықтың өзегі. Дені сау бала әдетте сергек, өзіне сенімді болып, айналасына қуана қарайды. Баланың қимыл-қозғалысы мен дене құрылысының дұрыс жетілуі көбіне мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады.

Кішкентай балалардың ағзасы сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне сезімтал келеді. Сондықтан сүйек, буын, омыртқа жүйесінің мерзімінде әрі дұрыс дамуына айрықша мән берілуі қажет. Бұлшық етті нығайту, жүрек-қантамыр жүйесін жетілдіру, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығын дамыту және тыныс алуды қозғалыспен үйлестіру — күнделікті жұмыста тұрақты қолдауды талап етеді.

Мектепке дейінгі мекемеде баланың өмірлік іс-әрекеті әртүрлі нысанда ұйымдастырылып, денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталуы тиіс. Қазіргі кезде бұл тәсілдер жиынтығы «денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады.

Қимыл-қозғалыс ойындары

1) Жалауша

«Жалаушаны әкел» (таяқ арқылы аттап өту)

Ойынның мақсаты: балаларды қорықпай, батыл әрекет жасауға және ептілікке үйрету.

Тәрбиеші 4–6 баладан тұратын топты жинап, жалаушаны көрсетеді және онымен ойнауды ұсынады. Ол кезекпен қай баланың жалаушаға баратынын айтып, әр баланың кедергіден дұрыс аттап өтуін қадағалайды. Орындықта тұрған жалаушаны алғаннан кейін бала дәл сол жолмен кері қайтады.

Барлық бала жалаушамен оралған соң, тәрбиеші жалаушаларды көтеріп, балаларға маршпен жүріп өтуді ұсынады. Ырғақты сақтау үшін тәрбиеші қолын соғып немесе «бір-екі, бір-екі» деп дауыстап тұрады. Одан кейін ойын келесі топпен жалғасады.

Ереже

  1. 1 Әр топта 4–6 ойыншыдан артық болмауы керек.
  2. 2 Ойыншылар жалаушаға кезекпен барады.
  3. 3 Жалаушаны алғаннан кейін бала сол жолмен кері қайтады.

2) Ақ сандық, көк сандық

Жұптық күш сынасу және сұрақ-жауап ойыны

Ойынның мақсаты: балаларды жұптасып әрекет етуге, бір-бірімен күштерін салыстыруға және қарым-қатынас мәдениетін дамытуға үйрету.

Ойыншылар санамақ арқылы екі-екіден бөлініп, алаңға шашырай орналасады. Мұғалімнің белгісі бойынша жұптар бір-біріне теріс қарап тұрып, қарсыласын арқасына көтеріп алуға тырысады. Кім бірінші көтерсе, сол қарсыласын арқасында ұстап тұрып, сұрақ қоя бастайды.

Сұрақ үлгілері

  • Аты-жөнің кім?
  • Не көрдің, не білдің?
  • Қандай кітап оқыдың?
  • Қандай тақпақ білесің?
  • Менің жұмбағымды шеше аласың ба?

Жауаптарын алғаннан кейін ғана көтеріп тұрған ойыншы қарсыласын жерге түсіреді. Келесі кезекте күш сынаспай-ақ рөлдер ауысады: екінші ойыншы сұрақ қойып, тез әрі дұрыс жауап алуға тырысады. Ойын мұғалімнің шешімімен тоқтатылады.

Ереже

  1. 1 Күштері шамалас балалар жұп құрады.
  2. 2 Арқаға көтеру тәсілі барлық ойыншы үшін бірдей болуы тиіс.
  3. 3 Арқадағы бала аяқтарын жоғары көтермеуі керек.
  4. 4 Сұрақ пен жауапты әр жұп өздері құрастырады.

Әдістемелік нұсқаулар

Ойын қызықты әрі қауіпсіз өтуі үшін мұғалім алдын ала дайындық жүргізеді: дене шынықтыру сабақтарында жалпы дамыту жаттығулары орындалады, жұптардың күш теңдігі ескеріледі.

Педагогикалық маңызы

Оқушылар қимыл-қозғалыс әрекеттерімен қатар ақыл-ойын дамытады: тіл байлығы артады, қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді. Күш-қайраты нығайып, қимыл сапасы жақсарады.

Құрастырушы туралы

Мәлімет

Сарыкөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Солнышко» бөбекжай-бақшасы (МКҚК / ГККП), «Ясли–сад Солнышко» мекемесі.

Орындаған

Карпекова Бағит Қамиялқызы
Екінші санатты тәрбиеші

Материал: «Қимылды ойындар жинағы»