Шығарма аты

Сынып: 5-сынып

Пән: Қазақ тілі

Сабақ түрі: тіл ұстарту сабағы

Сабақтың тақырыбы

Тіл ұстарту

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың тіл байлығын кеңейту, сөздік қорын молайту, тілін ұстарту.

Әдіс-тәсілдер

  • Топпен жұмыс
  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Міндеттері

  • Білімділік:

    Мәтінмен жұмыс арқылы дүниетанымын кеңейту.

  • Дамытушылық:

    Ойлауын, сөйлеу мәдениетін, сауаттылығын және шығармашылық қабілетін дамыту.

  • Тәрбиелік:

    Топта бір-бірін тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу, еңбекқорлыққа баулу.

Көрнекілігі

  • Кеспе қағаздар
  • Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс

Әдебиет

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Старт
  • Оқушыларды 3 топқа бөлу.

II. Қызығушылықты ояту кезеңі

Ой қозғау

«Ақыл қалта»

«Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ» — Б. Момышұлы

«Ойымды мен айтайын»

Әр топтан 1 оқушы (барлығы 3 оқушы) өз ойымен бөліседі.

«Ой шақыру»

Құмырсқа туралы бейнематериал көрсетіледі.

Сұрақ: Бейнетаспаны көргенде қандай ой келді?

III. Мағынаны тану кезеңі

Мәтінмен жұмыс

1-топ

Ақпарат

Құмырсқа — жай ғана жәндік емес, өзіндік әлемі бар тіршілік иесі. Ол — жер бетінде ең көп кездесетін жәндіктердің бірі. Бір ғана Қазақстанның өзінде құмырсқаның 200-дей түрі бар. Олар — жер бетіндегі ең көне жәндік түрлерінің қатарында. Пайда болған уақыты шамамен 25 миллион жыл деп есептеледі. Құмырсқа тіршілігі — ғылыми маңызы бар ерекше құбылыс.

2-топ

Қоғам

Құмырсқаларда да адамзат қоғамындағыдай еңбек бөлінісі бар: бірі — күзетші, бірі — қорғаушы, тағы бірі — «малшы», енді бірі — жауынгер болып, илеудің игілігі үшін қызмет етеді. Сеніңіз, сенбеңіз, әр илеуде құмырсқа «актерлері» де болады екен. Оларға өнерін тамашалайтын көрермен керек. Ол үшін бос орынды таңдап алады, әрі ол өзге құмырсқалардың көзі түсетін жерде болуы тиіс. Содан соң олай-бұлай бұлғақтап, «ойнай» жөнеледі.

3-топ

Еңбек

Құмырсқалар — еңбекқор жәндіктер. Күз түсе олар қысқа дайындықты қызу бастайды. Жұмыс аяқталып қалса, маусым соңын «той-томалақпен» атап өтуге де қарсы емес. Мұндай кездері бір илеуден екінші илеуге қонаққа кетіп бара жатқан құмырсқалар көшін жиі байқауға болады.

Тапсырма

  • Мәтінді оқу.
  • Түсіну.
  • Ат қою.
  • Мазмұнын айту.

2. «Ойлан, тап»

Әдебиеттегі құмырсқа бейнесі қай шығармаларда кездеседі?

Шығарма атауы: ................................

Кейіпкер: ............................................

Сипаттау: ............................................

3. Фонетикалық жаттығу

Төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жасау:

  • 1-топ еңбекқор
  • 2-топ құмырсқа
  • 3-топ илеу

4. «Кім көп біледі?»

Мақал-мәтелдер сайысы.

Еңбек, ынта, ұйымшылдық тақырыбындағы мақал-мәтелдерді мүмкіндігінше көп айту.

IV. Ой толғаныс кезеңі

Қорытынды ой

1. Ойтолғау

«Еңбек ер атандырады» тақырыбында ой бөлісу.

2. Бес жолды өлең

«Еңбек» және «құмырсқа» сөздеріне бес жолды өлең құрастыру.

3. «Автор орындығы»

Оқушылар өз жұмыстарын оқып, пікір алмасады.

V. Бағалау және қорытындылау

  • Топтық жұмысқа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.
  • Сабақ бойынша негізгі ойларды жинақтау.

VI. Үй тапсырмасы

Тапсырма: Қайталау, мақал-мәтелдер жаттау.