Қожа мен Сатайдың бейнесін салыстыру

Сабақ тақырыбы

С. Мұратбековтің «Қылау» әңгімесіндегі Сатай мен Рабиға бейнесі

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: әңгіме мазмұнына талдау жасап, Сатай мен Рабиға бейнесін ашу.
  • Дамытушылық: ой-өрісті, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту; сөздік қорды молайту; шығармашылық ізденіске баулу.
  • Тәрбиелік: адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Түрі
Аралас сабақ
Әдістері
Талдау, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, Венн диаграммасы, бекіту тесті, СТО технологиясының элементтері.

Көрнекіліктер

  • Көркем әдебиет
  • Бейнелі суреттер
  • Слайдтар
  • Бүктемелер (үлестірмелер)

Негізгі ой

«Достық — теңдік, өзара ұғынысу және құрмет тұту».

Аристотель

«Қылау» әңгімесінде балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекетінде адамдық, сезімталдық, бауырмалдылық қасиеттер бейнеленеді.

Түйін

«Сайын шығармаларының басты тақырыбы — адамгершілік, жан дүниесінің сұлулығы».

Сағат Әшімбаев

«Қылау» ұғымы

1) Табиғи құбылыс
Себелеп, ұшқындап түсетін жұқалаң үлпа қар.
2) Атмосфералық құбылыс
Ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі заттардың, ағаш бұтақтарының бетіне қататын жұқа мұз қабығы.

Сабақ жоспары (негізгі бөлім)

  1. 1 «Кемедегінің жаны бір» қағидасын түсіну.
  2. 2 Қасқырды көрген сәттегі қарбаласты талдау.
  3. 3 «Білген сайын келеді, біле бергім…» бөлімі (тест арқылы бекіту).

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Кезекшінің мәлімдемесі
  • Журнал бойынша түгелдеу
  • Жаңа сабаққа психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын сұрау

  1. 1.С. Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу.
  2. 2.С. Мұратбеков кім?
  3. 3.Жазушының қандай шығармаларын білесіңдер?
  4. 4.«Қылау» әңгімесі не туралы?
  5. 5.Басты кейіпкерлер кімдер?

III. Жаңа сабақты түсіндіру

«Қылау» әңгімесіндегі Сатай мен Рабиға бейнесін ашу: кейіпкерлердің мінезі, әрекеті, ішкі сезімі және достыққа көзқарасы талданады.

І. Қызығушылықты ояту

Топқа бөлу

  • 1-топ: Бірлік
  • 2-топ: Достық

Жұмыс форматы

Топтық тапсырмалармен танысу, сұрақ-жауап арқылы мәтінмен дәлелдеу, пікірді негіздеу.

1-топ тапсырмалары (Сатай)

  1. Таңғы әкенің дауысы неге Сатайға жағымсыз естілді?
  2. Әкенің ақылы Сатайды неліктен ашуландырды? Сендер ересектердің ақылын қалай қабылдайсыңдар?
  3. Өмір мен өлім туралы Сатайдың ойлануына не түрткі болды? Бұл нені аңғартады?
  4. «Қылау» дегенді қалай түсінесің?
  5. Сатайдың балаң мінезін, аңғырттығын, үстірт түсінігін мәтіннен мысалмен дәлелдеңдер (сабақ, мектеп ережесі, мұғалім туралы).

2-топ тапсырмалары (Сатай–Рабиға қарым-қатынасы)

  1. Сатайдың сезімталдығы, жайдарылығы, қайырымдылығы қандай әрекеттерінен көрінеді?
  2. Қасқырды көргенде Сатайдың айғайлауы — батырлық па, мақтан ба? Дәлелдеңдер.
  3. Орынсыз мақтауды ұнатпайтынын Сатайдың қай әрекеті көрсетеді?
  4. Сатай Рабиғаға алғашқы балаң сезімін қалай білдіреді? Оның үлгілі тұсы қандай?
  5. Сатай жолдан қандай сезіммен оралды? Мәтіннен мысал келтіріп дәлелдеңдер.

II. Мағынаны ажырату

Венн диаграммасы: Рабиға мен Жанар

Рабиға

  • Сыпайы
  • Білімді
  • Ақкөңіл
  • Мінезі ашық, көпшіл

Ортақ

  • Досқа адал
  • Адамгершілікті жоғары қояды
  • Қарапайым, ақылды
  • Әдемі, тәрбиелі қыздар

Жанар

  • Әдепті
  • Мейірімді
  • Турашыл

Салыстыру: Қожа мен Сатай

Қожа

  • Арам пиғылы жоқ
  • Ашық, ақкөңіл
  • Бұзықтау

Ортақ

  • Арам пиғылы жоқ
  • Адал, батыл
  • Балалық мінез байқалады

Сатай

  • Мейірімді
  • Батыл, ашық-жарқын
  • Кейде мақтаншақ

Мінездеме (қысқа жинақ)

Сатай

Балаң, кейде жалқау; жанашыр; қорқынышын жеңе біледі; арам пиғылы жоқ; адал, мейірімді, ақкөңіл, батыл; кей сәтте мақтаншақ.

Рабиға

Өнерлі, қарапайым; өз ойын ашық жеткізеді; досқа адал, көпшіл, ақкөңіл; үздік оқушы.

Кітаппен жұмыс (1-топ)

  1. Пейзаж дегеніміз не?
  2. Мәтіннен пейзаждық суреттеуді тауып оқыңдар.

Кітаппен жұмыс (2-топ)

  1. Диалог дегеніміз не?
  2. Рабиға мен Сатай арасындағы диалогты тауып, мәнерлеп оқыңдар.

III. Ой-толғаныс

Адамгершілік — асыл қасиет. Оқушылар өз ойларын дәлелмен айтып, кейіпкерлер әрекеті арқылы өмірлік құндылықтарды тұжырымдайды.

IV. Мақал-мәтелдер

Бүгінгі сабақ мазмұнына сай мақал-мәтелдер айту.

Оқи берсең, көзің ашылады; отыра берсең, жалқаулық басынады.

Өнерлі өрге жүзеді, өнерсіз шөлге жүзеді.

Ақылды қыз білімге жүгірер, ақылсыз қыз сөзге ілігер.

Киім суықтан сақтайды, әдептілік ұяттан сақтайды.

Атаға қарап ұл өсер.

Кітап — білім бұлағы.

«Суреттер сөйлейді» стратегиясы

Оқушылар әңгіме желісі бойынша салған суреттерін таныстырып, идеясын қорғайды: оқиға, көңіл күй, кейіпкер мінезі, негізгі ой.

V. Бекіту тесті

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар.

1-топ сұрақтары

  1. 1) «Қылау» әңгімесінде Сатай Рабиғадан қандай кітап алды?

    • A) Қазақ әдебиеті
    • Ә) Геометрия
    • Б) Алгебра
    • В) «Қан мен тер»
  2. 2) С. Мұратбековтің алғашқы әңгімесі қай жылы жарияланды?

    • A) 1952
    • Ә) 1973
    • Б) 1954
    • В) 1964
  3. 3) С. Мұратбековтің шығармаларын ата.

    • A) «Балықшы әні», «Туған жер»
    • Ә) «Қос шалқар», «Оянған өлке»
    • Б) «Ауыл оты», «Дос іздеп жүрмін»
    • В) «Әпке», «Дермене»

2-топ сұрақтары

  1. 1) «Әне, қасқырды қара!» — деп айғайлап жіберді. Бұл кімнің сөзі?

    • A) Садақ
    • Ә) Сатай
    • Б) Есікбай
    • В) Аян
  2. 2) С. Мұратбеков Мәскеудегі М. Горький атындағы институтты қашан бітірді?

    • A) 1973
    • Ә) 1971
    • Б) 1982
    • В) 1961
  3. 3) Сатай Рабиға кетуге ыңғайланғанда қандай сұрақ қойды?

    • A) Сен жақсы оқисың ба?
    • Ә) Сен өлімнен қорқасың ба?
    • Б) Қасқырды көргенде қорықтың ба?
    • В) Сен қай мектепте оқисың?

VI. «Жүректен жүрекке»

Топ мүшелері бір-біріне жылы лебізін, жақсы тілегін білдіреді. Мақсат — ынтымақ пен сыйластықты нығайту.

VII. Бағалау

Оқушылардың жауаптары, дәлелдеу тәсілі, топтық жұмысқа қатысуы және тест қорытындысы негізінде бағаланады.

Үй тапсырмасы

«Қылау» әңгімесін толық оқып, мазмұнын әңгімелеп келу.

Сабақ қорытындысы

Сабақ соңында жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырып қорытындыланып, Сатай мен Рабиға бейнесі, достық пен адамгершілік құндылықтары бойынша негізгі тұжырымдар жасалады.