Көру мүшесі
Сабақтың тақырыбы
Көру мүшесі: көздің құрылысы мен қызметі, көру анализаторлары.
Сабақтың мақсаты
- Көру мүшелерінің маңызын түсіну.
- Көру мүшелерінің гигиенасын сақтаудың жолдарын меңгеру.
Ресурстар мен көрнекіліктер
Сілтемелер
Слайдтар, сабақ жоспары, интернет ресурстары.
Қолданылған көрнекілік
АКТ, СТО, жеке жұмыс, топтық жұмыс.
Әдістері мен сабақ түрі
Сабақтың әдісі
- Диалогтік оқыту
- Сұрақ-жауап
- Деңгейлік тапсырмалар
- Блум таксономиясы
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
Оқушыларды жетондар арқылы топқа бөлемін.
Ынтымақтастық атмосферасы
Сәлемдесу жаттығуы арқылы жағымды орта қалыптастырамын.
Жаңа сабақтың таныстырылымы (Білу)
Жұмбақ
Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде,
Бірін-бірі көрмейді. Жауабы: көз
Осыған байланысты бүгінгі тақырып: сезім мүшелері және оның ішінде көз — көру мүшесі.
Талқылауға арналған сұрақтар
- 1 Көз қандай мүше?
- 2 Қандай көз ауруларын білесіздер?
- 3 Көз ауруларының алдын алу үшін не істеу керек?
Жаңа білім (Түсіну)
Сабақты қысқаша түсіндіріп, мәтінді бөлімдерге бөліп ұсынамын. Сондай-ақ «Үш тұғырлы тіл» қағидаты аясында негізгі терминдермен таныстырамын.
Негізгі бағыттар
- Көздің құрылысы
- Көздің қызметі
- Көру анализаторы және оның бөліктері
- Көру мүшесінің гигиенасы