Орал тауы (физикалық география 8 сынып)Теңіздер мен көлдер (жаратылыстану 5 сынып)Сабақ мақсаты:Білімділік

Сабақ тақырыптары

Физикалық география (8-сынып)

Орал тауы

Жаратылыстану (5-сынып)

Теңіздер мен көлдер

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелері

Білімділік мақсаты

Оқушылар Орал тауының табиғатын және негізгі ерекшеліктерін сипаттай алады.

Дамытушылық міндеттер

  • Өздігінен, жұппен және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  • Ойлау, сөйлеу, пікірталас жүргізу және шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік міндеттер

  • Бір-бірін сыйлау, қолпаштау және тыңдау мәдениетін қалыптастыру.
  • Жауапкершілік пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Оқыту нәтижесі

Оқушылар Орал тауы табиғатының негізгі ерекшеліктерін біледі, талқылау арқылы қорытынды жасап, өздігінен білім алу қабілетін дамытады.

Құралдар мен әдіс-тәсілдер

Құралдар

Оқулық Атлас А3 қағазы Интербелсенді тақта Бейнеролик Флипчарт Фломастерлер Маркерлер Кескін карта Стикерлер

Әдіс-тәсілдер

  • Диалог
  • Мозаика әдісі
  • Топпен және жұппен жұмыс
  • Сұрақ-жауап

Сілтеме

Оқулық; Б. Бейсенова.

Сабақ барысы (қысқаша жоспар)

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут
  • Амандасу.
  • Психологиялық ахуал қалыптастыру: бір-біріне тілек айту.
  • Топқа бөлу: үш сурет қиындысы (биік таулар, аласа таулар, жазық).

Тақырыпты ашу кезеңі (білу)

3 минут

Суреттер құрастырылғаннан кейін оқушыларды тақырыпқа жетелеу үшін бағыттаушы сұрақтар қойылады:

  1. Қай сурет артық болып саналады?
  2. Осы суреттерді қандай топтарға бөлуге болады?
  3. Осы суреттерге қарап сабақ тақырыбын кім айта алады?
  4. Сабақтың мақсаты қандай болады?

«Нені білемін?» сұрағына жауаптарын оқушылар стикерге жазып, плакатқа іледі.

Түсіну кезеңі

11 минут

Тақырып бөліктері «Киндер-сюрприз» қорабы салынған дорбаға салынып, әр топқа таңдап алуға ұсынылады.

1-топ: Географиялық орны. Жер бедері және геологиялық құрылысы.

2-топ: Пайдалы қазбалары және климат.

3-топ: Су қоры. Табиғат зоналары. Өсімдіктері мен жануарлары.

Оқушылар 1–2–3 деп санау арқылы топ мүшелерімен орын ауыстырады.

Әр топқа жұмыс кестесі үлестіріледі.

Мұғалім туралы

География пәні мұғалімі: Успанова Жанара Жұмабаевна.