Қасым ойын баласы

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Тақырып

Мұхтар Әуезов — «Жетім» әңгімесі

Сілтеме

Жоспар — оқулық

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ / шеберлік сынып

Мақсаты

  • М. Әуезов туралы мағлұмат алып, «Жетім» әңгімесінің тақырыбын ашу.
  • Топтық жұмыс арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.
  • Сөздік қорын молайту, елестету қабілетін дамыту.
  • Мейірімділікке, мейірбандыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Жигсо әдісі Топтастыру Концептуалды кесте Автор орындығы Ізденіс бұрышы

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта

Түсіндіру, көрсету

Суреттер, форматтар

Көрнекі талдау

Кітап көрмесі

Автор мұрасы

Бейнефильм

Ақпараттық қолдау

Стикер, маркер

Идея жинақтау

A3 қағазы

Постер, кесте

Күтілетін нәтиже

Білім

  • Автор туралы толық мағлұмат алады.
  • Әңгіменің негізгі идеясын түсінеді.

Дағды

  • Топта жұмыс істейді, ізденіс жұмыстарын жүргізеді.
  • Бірінің пікірін бірі тыңдайды, ойын нақты жеткізеді.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2) Үй тапсырмасы

I топ: «Міржақып кім?» тақырыбында постер құру.

3) Қызығушылықты ояту

Тақырыпқа кіріспе: Мұхтар Әуезовтің «Жетім» әңгімесі.

I топ: «М. Әуезов кім?» — постер құру.

II топ: М. Әуезов туралы бейнефильм көру.

III топ: М. Әуезов шығармалары бойынша кітап көрмесін қарастыру.

IV топ: М. Әуезов туралы презентация.

4) Мағынаны тану (Жигсо әдісі)

«Жетім» әңгімесінің мазмұнын топ болып талдау.

I топ: Қасымның әжесінен айырылуы.

II топ: Исадан және Қадишадан көрген қорлығы.

III топ: Тау ішіндегі қорқыныш.

IV топ: Ағашқа сүйеніп, қатып қалған бала.

5) Ой толғаныс

I топ (оқиға желісі): Әңгіме Қасымның өмірде көрген қиыншылығынан басталады.

II топ (қалай аяқталды?): Қорқыныштан жүрегі жарылып, Қасым қаза табады.

III топ (идеясы мен құндылығы): «Жетім көрсең, жебей жүр». Әр бала ата-анасымен бақытты. Ата-ананың қадірін бағалайық. Қоғамның немқұрайлығы — ауыр қасіретке бастайтын себептердің бірі.

IV топ (қарама-қарсы элементтер): Қасым — ойын баласы, бірақ өмірдің қиындығын ерте бастан кешеді. Иса — туыс, мейірімді әрі қамқор болуы тиіс еді; алайда ол бала тағдырынан гөрі дүниені қымбат көрді.

6) Сабақты бекіту

«Табиғаттағы өзгерістер» мен «Баланың көңіл күйі» арасындағы байланысты кесте арқылы анықтау.

Табиғаттағы өзгерістер

Баланың көңіл күйі

Қалың қара бұлт

Жалғыз жаяу бала

Қоңыр салқын жел

Жүрегінде қорқыныш

Күннің күркіреуі

Ойында үлкен мұң

Қабағында қалың қайғы

7) Бағалау

Нені білдік?

Сабақ мазмұны бойынша қорытынды пікірлер.

Нені білгіміз келеді?

Келесі қадамға арналған сұрақтар мен ұсыныстар.

8) Үй тапсырмасы

  • Әңгімені өз ойыңмен аяқтау.
  • «Ана мейірімін көрмеген бала осы өмірге риза бола ма?» тақырыбында ой толғау жазу.
  • «Әңгіменің негізгі ойы неде?» сұрағына жауап дайындау.

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Қай жерде жүрсеңдер де, қоғамнан өз орнын таба алмай, өмірдің қиын тағдырына ұрынып, жағымсыз қылықтарға әуестеніп кеткен адамдарға жеккөрінішпен қараудан аулақ болыңдар. Өйткені ондай жағдайлардың көбеюіне қоғамдағы Иса сияқты адамдар да, бейжай қалатын біз де себепкерміз.

Әке-шешенің қамқорына зәру болған Қасым секілді құрбы-құрдастарыңа жанашырлық танытсаңдар, бұл — нұр үстіне нұр. Ол сендердің адамдық мәртебелеріңді де арттырады.

«Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады»

Жетімін жылатпаған ел болайық.