Мектебіміздің бұлбұл дауысты әншісі Файзолла Гүлдананың орындауында Туған жер әні
Іс-шара туралы
Бұл материал Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ІІ аудандық «Асық ату» ұлттық ойыны жарысының жүргізілу сценарийі ретінде әзірленді. Мақсаты — ұлттық ойын арқылы бірлік пен рухани құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру.
Сәлемдесу (1-жүргізуші — Айымгүл)
Қайырлы күн, қасиетті де киелі Баян өңірінің қадірлі тұрғындары мен қонақтары, зиялы қауым, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Биыл Қазақстанда алғаш рет 1 желтоқсан күні Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Күнтізбеге атаулы күн болып енген бұл мерекенің еліміз үшін орны бөлек. Себебі тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық пен мемлекет алдындағы еңбегі орасан зор.
Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы (2-жүргізуші — Гүлнар)
Жаңа тәуелсіз мемлекет — Қазақстан Республикасының дамуы, оның барлық атрибуттары: ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және билік тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі — ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Елбасымыздың есімімен тығыз байланысты.
Жарыстың ашылуы
Қош келдіңіздер
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған ІІ аудандық ұлттық ойын — «Асық ату» жарысына қош келдіңіздер!
Мемлекеттік Әнұран (2-жүргізуші — Гүлнар)
Батырлыққа уызынан жарыған ер түрікті байрағынан таныған. Өзі ақын, өзі әнші халыққа жігер берер Әнұран жарасады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Ел дамуы туралы ой (1-жүргізуші — Айымгүл)
Президентіміздің кемеңгер басшылығының арқасында еліміз жыл сайын алға басып, әлеуметтік-экономикалық қуаты артып, халқымыздың бірлігі мен ынтымағы нығайып, қарқынды даму жолына түсті.
Өлең шумақтары (2-жүргізуші — Гүлнар)
Сен неткен Отан-Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан — Қазақ елім!
Қонақтарға сөз (1-жүргізуші — Айымгүл)
Бүгінгі жарысқа келген қатысушыларға ыстық лебіз білдіру үшін қонақтарымызға сөз кезегін береміз.
Құрмет сөз және өнер көрсетілімдері (2-жүргізуші — Гүлнар)
Ел үшін жерді шарлап ұшқан ұлым,
Ұлт үшін аямаған күш-дарынның.
Қазақта ер тумайды енді сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Бабалар армандаған ізгі үмітпен,
Арылды дана халық жүз күдіктен.
— Нұраға, не дейсіз? Біз дайынбыз!
Тарих тұр сахнадан сізді күткен.
Ән
Мектебіміздің бұлбұл дауысты әншісі Файзолла Гүлдананың орындауында «Туған жер» әні.
Би
«Баян сұлу» би ұжымы — «Биші қайың».
Тәуелсіздік туралы үндеу (1-жүргізуші — Айымгүл)
Арналды ән мен күй, өлең саған,
Тәуелсіз бақытын ел аңсаған.
Алып шығар нарықтың өткелінен,
Елім менің — ер қайрат, кемел санаң.
Ата заңың, өзіндік бағытың бар,
Бұл күшті бойдағы ағытың бар.
Қазақстан — егемен ел екенін
Төрткүл әлем жүзіне танытыңдар!
Өнер жалғасы (2-жүргізуші — Гүлнар)
Ата деп сені ардақ тұтады ұрпағың,
Тарихтан тартым бабалар жолын жалғадың.
Ерлік пен елдік мұратын ту ғып төбеңе,
Болашақ қамын, халқыңның қамын жырладың.
Нұр атам менің — намысын отқа қайраған,
Күндіз де, түнде халқының қамын ойлаған.
Қазақтың атын танытып әлем жұртына,
Байрағын ұлттың басына, шыңға байлаған.
Би
«Қара жорға» биі.
Ұран сөз (1-жүргізуші — Айымгүл)
Бәріміз бірге: Біздің Отан — Қазақстан! Біздің Президент — Нұрсұлтан! Елбасы — елдің тірегі! Елбасымыз жасасын! Жаса, Қазақстан!
Жарыс ережесі
Бүгінгі «Асық ату» жарысының ережесімен таныстыру үшін сөз мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Сағындықов Алмас Саябекұлына беріледі.
Қорытынды тілек (1 және 2 жүргізуші бірге)
Жарысқа қатысушыларға сәт-сапар, сәттілік тілейміз!