Бисер тарихы

Сабақтың тақырыбы

Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылардың моншақпен (бисер) жұмыс істеудегі шеберлігін арттыру, білімін жүйелеу және білезік тоқуды үйрету.
  • Бисер тарихымен және білезік тоқу технологиясымен таныстыру, меңгерту.
  • Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Сабақ әдістері

Ойын, ассоциация, баяндау, сарамандық жұмыс.

Көрнекіліктер

Схема, нұсқау картасы, суреттер.

Пәнаралық байланыс

Тарих, сызу, әдебиет және т.б.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа дайындығын, құрал-жабдықтарын тексеру.

II. Өткен материалды қайталау

№1

  1. Ілмектің шығу тарихы.
  2. Шалулардың түрлері.

№2

  1. Шартты белгілерді көрсету.
  2. Үлпілдек шалу қандай? (Көрсету.)

Қорытынды: оқушылар тоқу қолөнерінің негізгі түрлерімен таныс екенін еске түсіреді.

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақта бисердің шығу тарихы мен түрлері қарастырылады, ал сарамандық бөлімде білезік тоқу үйретіледі (ассоциация құру арқылы).

Бисер дегеніміз не?

Бисер — ұсақ моншақтарға берілген жалпы атау. Ол домалақ, сопақ немесе басқа да пішінде болып, хрусталь, шыны, металл, керамика секілді материалдардан жасалады.

Қолданылу аясы

Бисер әйелдер мен қыз-келіншектер киімдерінің өңірін, жеңін, жағасын сәндеуге, сондай-ақ сөмке, әмиян, қамзол, сәукеле, жейде, аяқкиім және көзәйнек қабын әшекейлеуге қолданылады.

Шеберлікке қойылатын талап

  • Нәзіктік пен ұқыптылық
  • Шыдамдылық
  • Қиял (фантазия) және шеберлік
  • Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті және түстерді ажырату дағдысы

Бисер тарихына қысқаша шолу

Бисер тоқу — ерте заманнан кең таралған халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар жасаудың бір түрі. Бисер арқылы қарапайым суреттерден бастап, күрделі түрлі-түсті композицияларға дейін тоқуға болады.

Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде де, басқа елдерде де жоғары бағаланады. Қазақ зергерлері қыз-келіншектердің ажарын аша түсетін бұйымдар жасап, олардың сәнін келтіру үшін моншақтарды кең қолданған.

Тәрбиелік мәні

Халық әшекейлері арқылы жастарға әдеп, салт-дәстүр, тәртіп, мейірімділік, әділеттілік сияқты ұғымдар түсіндіріліп отырған.

IV. Бекіту тапсырмасы

«Моншақ» сөзжұмбағы

  1. Моншақты кестелеп тігуде қажет болатын құралдың бірі.
  2. Су моншақты ең көп шығаратын ел.
  3. Әйнекті тұңғыш ойлап тапқан ел.
  4. Шашқа тағатын әшекей зат.
  5. Бағалы тас.
  6. Мойынға тағатын әшекей бұйым.

Сарамандық жұмыс: білезік тоқу

Қауіпсіздік ережелері

  • Тот басқан инемен жұмыс істеуге болмайды.
  • Инені ауызға салуға болмайды.
  • Моншақ шашылып кетпес үшін оны бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшаларда сақтаңыз.

Керекті құралдар (үлгі)

  • №11 бисер инесі
  • Леска жіп
  • Қызыл және сары домалақ бисер
  • Қызыл түтікше бисер

Жұмыстың реті

  1. Білезік тоқу технологиясымен танысу.
  2. Нұсқау картасы бойынша кезең-кезеңімен жұмыс орындау.
  3. Моншақ түрін және түстерін өз қалауыңыз бойынша таңдау.

Қорытындылау

Оқушылардың жасаған жұмыстары тексеріледі: жетістіктері атап өтіліп, кемшіліктері бойынша нақты ұсыныстар беріледі.

Сабақ соңында бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

Алқа тоқуға қажетті құралдарды келу.

Тәртіп

Жұмыс орнын жинастыру және құралдарды ретке келтіру.