Оқушылардың етістік туралы бұрыннан алған білімдерін еске түсіру

Сыныбы: 2

Бұл сабақта оқушылар етістік туралы бұрын меңгерген білімдерін еске түсіріп, заттың қимылы мен іс-әрекетін білдіретін сөздерді ажырата білуге жаттығады.

Сабақтың мақсаттары

  • Білімділігі: етістік туралы бұрыннан алған білімдерін еске түсіру.
  • Дамытушылығы: сөздік қорын молайту, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту, дербес жұмыс жасауға үйрету; өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
  • Тәрбиелігі: ұқыптылыққа, жинақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Ережелер
  • Дидактикалық суреттер
  • Сәйкестендіру тапсырмалары
  • Сатылай кешенді талдау сызбасы

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың түрі
Дамытушылық
Сабақтың әдісі
Түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру және жаңа сабаққа кіріспе

Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу:

  • Қазір жылдың қай мезгілі? — Көктем.
  • Көктем туралы не айта аласыңдар?
  • Көктемде қандай мерекелер бар? — 8 Наурыз, 22 Наурыз (Қазақтың Жаңа жылы).

Сабақтағы ойындық мақсат:

Сыныбымызда бір оқушының туған күні бар, бірақ ол әзірге құпия. Алдымызда бірнеше тапсырма болады. Әр тапсырманы орындаған сайын құпия оқушының аты біртіндеп ашылады.

«Тез ойла, сөз ойла»

Не?

қоздайды, құлындайды, лақтайды, боталайды, бұзаулайды

Кім?

емдейді, оқытады, ұшады, тігеді, жазады

Еске түсіру (зат есім):

Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? кімдер? не? нелер? сұрақтары қойылады.

Мысалдар: адам, адамдар, ағаш, ағаштар.

Бақылау арқылы қорытындыға келу

Сұрақтар:

  • Бүгінгі сабағымыздың қонағы кімдер? — мұғалімдер.
  • Мұғалімдер не істеді? Мен не істедім? Сендер не істедіңдер?
  • Нені аңғардыңдар? — заттың қимылын, іс-әрекетін.

Сабақтың ұраны

Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз,
Бәрін білуге ұмтыламыз!

Сәйкестендіру: «Адасқан сөздерді орнына қой»

Төмендегі жануарлар мен олардың дыбыстауын дұрыс сәйкестендіріңдер.

Жануар Дыбысы
Арыстан боздайды
Түйе ақырады
Жылқы маңырайды
Қой мөңірейді
Аю бақырады
Сиыр кісінейді

Ереже (етістік):

Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерге не істеді? қайтті? не қылды? сұрақтары қойылады.

Мысалдар: өсті, ойнады, сайрады.

412-жаттығу: Суретпен жұмыс

Сурет бойынша мәтін құрастырыңдар. Қимылды білдіретін сөздерді (етістіктерді) белгілеңдер.

Көру диктанты

1-топ

Жазда қыдырады, қыста тынығады. (Су)

2-топ

Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (Күн)

Сергіту сәті

Ормандағы аю, қонжық,

Ұялардан бал іздейді.

Мойындарын оңға бұрды,

Мойындарын солға бұрды,

Ағаштарды шайқап көрді,

Қуанғаннан билей берді.

Сергіту сәтіндегі қимылды білдіретін сөздерді табыңдар.

414-жаттығу: Шығармашылық диктант

1-топ

Тоғайда түрлі аңдар...

Терең шатқалға қояндар...

2-топ

Қызыл түлкілер тоғайда...

Тиіндер ағаштан-ағашқа...

Өзіндік жұмыс

415-жаттығу

Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құраңдар: қонды, жауды, жүзді, тасыды.

Мысал: Биыл қоян жылы қар қалың жауды.

416-жаттығу (терме диктант)

Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелдеңдер: жинады, айтты, сөйлесті, байлады.

Сатылай кешенді талдау (сызба)

  • Синтаксистік қызметі
  • Тұлғасы
  • Құрамы
  • Сұрағы

Қорытынды

Сыныбымыздағы құпия оқушының аты — Ләззат. Ләззатты туған күнімен құттықтайық!

Үй тапсырмасы

Берілген жаттығуларды орындау және етістіктерді ажыратып жазу.

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, білімдері бағаланады.