Жиһаз сөзін балалардың сөйлемдерінде қолдануды үйрету

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақ түрі

Ашық сабақ (екінші сәбилер тобы)

Білім беру саласы

Қатынас

Тақырып

Үйдегі жиһаздар

Мақсаттары

Білімдік

  • Үйге қажетті жиһаздарды және олардың бөліктерін дұрыс атауға үйрету (мысалы: дөңгелек үстел, түсі көк, төрт аяғы бар).
  • Бөлмедегі жиһаздар туралы қарапайым сөйлемдермен айтып беруге үйрету.

Дамытушылық

  • Зейінін, логикалық ойлауын және тілін дамыту.

Тәрбиелік

  • Жиһазды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс және әдіс-тәсілдер

Сөздік жұмыс

  • Балалардың сөз қорын жиһаз атауларымен кеңейту.
  • «Жиһаз» сөзін сөйлем ішінде дұрыс қолдануға жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер

  • Сюрприздік сәт
  • Әңгімелеу
  • Жұмбақ шешу
  • Дидактикалық ойындар

Алдын ала дайындық және көрнекіліктер

Алдын ала жүргізілген жұмыс

  • Жиһаздар суреттерін қарастыру.
  • «Үй. Отбасы» сюжеттік-рөлдік ойыны.
  • «Үй. Пәтер» сюжеттік суреттерін қарастыру.
  • «Қандай?», «Біреу — көп», «Үлкен — кіші» ойындары.
  • «Үш аю» орыс ертегісін қайталау.

Көрнекі құралдар

  • Қуыршақ жиһаздары.
  • «Жиһаздар» тақырыбы бойынша суреттер.
  • Ойыншық аю.
  • «Үш аю» ертегісінің суреттері.

Сабақ барысы

Мотивациялық-қозғаушы кезең

Балалар топқа кіріп, жарты шеңбер құрады. Тәрбиеші балалардың назарын қонақтарға аударады.

Тәрбиешінің сөзі: «Балалар, іс-әрекетімізді бастамас бұрын бір-біріміздің жылуымызды сезінейік».

Шаттық шеңбері

Армысың, алтын күн,

Армысың, асыл жер.

Армысың, көк аспан,

Армысың, жан досым.

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым!

Тәрбиеші: «Мен бүгін балабақшаға келе жатып сандық тауып алдым. Сандықта біреу бар сияқты. Қараңдаршы, балалар, ішінде хат бар екен!»

Хаттағы жұмбақ

Қорбаң-қорбаң етеді,

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып ап,

Қыста ұйқыға кетеді.

Жауабы: Аю

Қонжықтың сөзі

«Сәлеметсіңдер ме? Мен кішкентай қонжықпын. Мен орманда тұрамын. Ал сендер қайда тұрасыңдар?»

«Үйлеріңде, бөлмелеріңде не бар?»

Ізденуші-ұйымдастырушы кезең

Тәрбиеші бөлме бейнесі бар суретті көрсетеді: «Иә, қонжық, осындай жиһаздар әр үйде болады».

Қонжық:

«Ал менің інімде ешқандай жиһаз жоқ. Мен де осындай ыңғайлы жиһаз алғым келеді, бірақ қайсысын таңдайтынымды білмеймін. Сендер маған көмектесесіңдер ме?»

1) «Жиһаздар дүкеніне барайық»

Тәрбиеші балаларға ойлануға тапсырма береді: «Қонжықтың бөлмесіне қандай жиһаз қоюға болады?»

Қосымша сұрақ: «Қонжық, саған бөлме ұнады ма?»

2) Ойын: «Жұмбақты тап»

Қонжық жиһаз атауларын есте сақтауы үшін тәрбиеші жұмбақ жасырады, балалар жауабын табады.

Төрт аяғы болса да,

Етік киіп көрмеген.

Жалқаулығы соншама,

Аттап шықпас бөлмеден.

Жауабы: Үстел

Мен жайлымын, жұмсақпын,

Мені табу қиын емес.

Ұнатады әжелер мен сәбилер

Отыруға да, жатуға.

Жауабы: Диван

Кеш батты, шаршадың сен, ұйқың келді,

Ұйқы бөлме күтіп тұр сені…

Жауабы: Кереует

Тәрбиеші: «Аю, бәрін есіңде сақтап алдың ба? Жарайсың!»

Балаларға: «Сендер де өте ақылдысыңдар. Жарайсыңдар! Қонжыққа көмектестіңдер».

Қорытынды

Бұл сабақта балалар үйдегі жиһаз атауларын қайталап, олардың ерекшеліктерін сипаттауға жаттықты. Жұмбақтар мен ойын арқылы сөздік қоры молайып, байланыстырып сөйлеу дағдысы нығая түсті.