Ауаны таза ұстауға үйрету
Сабақ туралы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- Ауа
- Пән
- Дүниетану
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға ауа туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері
- Ауасыз тірі табиғаттың өмір сүре алмайтынын түсіндіру.
- Ауаны таза ұстау дағдыларын қалыптастыру.
- Оқушылардың білім-біліктілігін диалогтік тәсіл арқылы анықтау.
Күтілетін нәтиже
Ойды жеткізу
Оқушылар өз ойларын еркін әрі түсінікті жеткізе алады.
Сыни ойлау
Сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін қолданудың тиімді жолдарын меңгереді.
Ынтымақтастық
Топтағы бірлескен жұмыс мәдениетін қалыптастырады.
Түйінді идеялар
Ауаның қоршаған ортамен байланысын түсіндіру арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, өз ойын ашық айту дағдысын қалыптастыру.
Тапсырмалар және кейінгі жұмыс
Тапсырмалар
Жұптық және топтық жұмыс.
Кейінгі тапсырма
Мәтінді мазмұндау.
Әдістер мен ресурстар
Сабақтың әдістері
- «Өз жартыңды тап» ойыны
- Сөзжұмбақ шешу
- Электрондық оқулықпен жұмыс
- Ротация әдісі
- Тәжірибені бақылау
- «Нақты жауап» айдары
Пайдаланылатын ресурстар
- Оқулық
- Электрондық оқулық
- Стақан, су, шар, қант
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
- «Ауа», «су», «жарық» сөздері арқылы 3 топқа бөлу.
- Бағалау критерийлерімен таныстыру.
2) Қызығушылықты ояту
- Бастауыш сыныпқа арналған жаттығуларды интерактивті тақта арқылы орындату.
- «Өз жартыңды тап» ойыны: суреттерге сәйкес сөздерді табу.
3) Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ арқылы тақырыпқа кіріспе жасау.
Сөзжұмбаққа арналған жұмбақтар
-
Дәмі жоқ, түсі жоқ — пайдаланбайтын кісі жоқ. Жауабы: су
-
Мамықтай үлпа, қанттай ақ: қыста жер бетін басады, жазда сайға қашады. Жауабы: қар
-
Шымшық шоқи алмас, пышақ кесе алмас. Жауабы: тас