Кенжебекқызы Сандуғаш пен жеңгесі Ықласбаева Әсемгүл апай

Тәрбие сағаты туралы

Тақырыбы

«Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!»

Мақсаты

Оқушылардың қазақтың ұлттық мейрамы — Наурыз туралы түсінігін кеңейту; ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Көңіл-күйді көтеріп, қазақ халқының дәстүрін жаңғырту.

Көрнекілігі

Плакаттар, кереге, шаңырақ және т.б.

Көрініс

«Ақ тілек» әуенімен ашылу көрінісі.

Форматы

Көпкезеңді сайыс, өнер көрсетілімдері, би және құттықтау сөздер.

Салтанатты ашылу

Жүргізушінің құттықтауы

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бастауыш бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты мерекемізге қош келдіңіздер.

Көктемнің шуақты мерекесі құтты болсын! Шаттық тілей отырып, мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Шақыру өлеңі

Уа, жараңдар, жараңдар! Көңілің бар — алаңдар.

Атаң бар, анаң бар, үлкен-кіші ағаң бар.

Наурыз тойы басталды, бәрің де бері қараңдар!

Қатысушылар

Мерекеге жиналған қонақтарды қошеметтеп, ортаға жеңгелеріміз бен қайын сіңілдерімізді және қайын інілерімізді шақырамыз.

1-кезек (МАДТ тобы)

Кеңесқызы Көркем және жеңгесі Асауова Алтынсары апай

2-кезек (2-сынып)

Изтаева Аружан және Кадралина Зейнегүл апай

3-кезек (3-сынып)

Кенжебекқызы Сандуғаш және жеңгесі Ықласбаева Әсемгүл апай

4-кезек (4-сынып)

Жасұланұлы Ғабидолла және Еримова Ұлжан апай

Сайыс құрылымы

Жүргізушінің кіріспесі

Көп сөйлеп, жөн-жосықтан аспайық. Қандай сайыс болса да қашпайық. Рұқсат етсеңіздер, сайысымызды бастайық!

1-кезең: Таныстыру

Жеңге мен қайын сіңлі (немесе қайын іні) өздерін толық таныстырады.

2-кезең: Өз өнерін көрсету

Жеңгенің өнерін тамашалаймыз: ән, би, көрініс немесе өзге шығармашылық орындаулар.

3-кезең: Дастархан мәзірі

Жеңгелер үйден заманауи нақышта әзірлеген тағамдарын әкеліп, құрамын және әзірлеу ерекшелігін түсіндіреді.

4-кезең: «Наурыз — думан»

Жеңге мен қайын сіңлі/қайын іні бірігіп өнер көрсетеді.

Әділқазылар алқасы

1-әділқазы

Маруся апай

2-әділқазы

Сатқарбек ағай

3-әділқазы

Жаңылдық апай

Дабыл сөз

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар. Наурыз тойы басталды — бір орында тұрмаңыздар!

Өнер көрсетілімдері мен көркем бөлім

Би бағдарламасы

  • Өзбек биі — 4-сынып қыздары
  • «Көктем» биі — 3-сынып оқушысы Жұбанышева Жанар
  • «Хафиз» биі — мектепалды даярлық топ, 2–3-сынып қыздары

Тақпақтар шеруі (даярлық тобы)

Диана

Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария. Көп өнеге сөзі бар, сөзі соқпақ, өзі нәр.

Ақниет

Құтты болсын Наурыз! Туа берсін жаңа жыр. Есік ашып, шашу шашып, ел боп қарсы алайық.

Ерсұлтан

Су сылдырлап, қой қоздап, Наурыз келсе — жыл басы. Бау-бақшаны өрнектеп, өзгерер өңі, тұлғасы.

Дияс

Ежелгі Шығыс еліміз — аңсаған арман, ойы бар. Тарқайтын шері жерімнің, дәстүрлі Наурыз тойы бар.

Нұрдәулет

Малдар төлдеп, қой қоздап, сүттен бұлақ ағызған. Жаңа жылдың сипаты — молшылыққа аңыз болған.

Аружан

Сәлем, халқым тірегім, сендермен бір жүрегім. Орындалсын ойларың, құтты болсын тойларың.

Русланбек

Наурыз келді тамаша, ән айтамыз таласа. Апам, әжем той-тойлап, қуанып жүр балаша.

Сағадат

Ұлыс бақытты болсын, әр күніміз жақсы болсын. Достарға берік болсын, білім-өнер серік болсын.

Наурыз көже — береке нышаны

Наурыз көже — тағамның ең үлкені, жанды жадыратып, қуат береді. Дәм татыңыз, ағайын — Наурыз думаны қанат жайды!

Осы бөлімде сайыстың 3-кезеңі: «Дастархан мәзірі» өтеді.

Қорытынды бөлім

Құттықтау сөздер

  • Мектеп директоры: Абдижалелова Гүлфиза апай
  • Оқу ісінің меңгерушісі: Қайдақова Жанар апай
  • Тәрбие ісінің орынбасары: Жұмабек Сатқарбек ағай

Жабылу сөзі

Ой қосылып ойыңа, бой қосылсын бойыңа. Аман-есен жетейік келесі Наурыз тойына.

Осымен мектепалды даярлық топ және 2–3-сыныптар арасында ұйымдастырылған Наурыз мерекесіне арналған кешіміз аяқталды.

Жаңа жылымыз тек жақсылық әкелсін. Келесі көріскенше сау болыңыздар. Біз сіздермен қоштаспаймыз — тек келесі кездескенше дейміз.