Сан есімдерді табу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән / сынып

Қазақ тілі, 4-сынып

Тақырып

Дара және күрделі сан есім

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, әдеп

Көрнекіліктер

Суреттер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыра отырып, сөз таптары ішінде сан есім туралы грамматикалық түсінігін кеңейту.

Оқу мақсаты

Сөйлем ішінен сан есімді дұрыс танып, оған сұрақ қоя білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты

Грамматикалық ойындар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Шапшаңдыққа, тапқырлыққа баули отырып, сауатты жазуға дағдыландыру.

Жаңа тақырып: сан есім түрлері

Есептік сан есім

Сұрақтары:

  • Қанша?
  • Неше?

Реттік сан есім

Сұрағы:

  • Нешінші?

Құрылымына қарай

  • Дара — бір сөзден тұрады.
  • Күрделі — екі немесе үш сөзден тұрады.

Кестемен жұмыс: салыстыру

Екі бағандағы сан есімдерді салыстырып, олардың неше сөзден құралғанын анықтаңыз. Оқушылар қорытынды жасап, ережені өздері шығарады: бір сөзден құралса — дара, ал екі-үш сөзден құралса — күрделі сан есім.

Дара Күрделі
Жеті Он жеті
Сегіз Жүз жиырма алты
Алты Жүз отыз сегізінші

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Сыныптың назарын сабаққа аудару, жұмыс ырғағын қалыптастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Жаттығу ауызша тексеріледі.
  • Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап алынады.

III. Тақтамен жұмыс

  • Күннің жадын және тақырыпты жазу.
  • 462-жаттығуды тақтада орындау.
  • Сандарды сөзбен жазып, олардың қайсысы дара, қайсысы күрделі сан есім екенін анықтау.

IV. Топпен жұмыс

I топ

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Сан есімдерді табу.
  • Күрделі сан есімдерді санмен жазу.

II топ

  • Берілген сан есімдерді сөзбен жазу.
  • Осы сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрау.

III топ

  • Мақалды жатқа жазу.
  • Сан есімдердің астын сызу.

V. Шығармашылық жұмыс (мақал құрастыру)

Топтар бір, екі және үш сөзден тұратын мақал құрастырып, мағынасын мақалдың дайын нұсқасымен салыстырады.

I топ (бір сөзі бар сан)

Же1 екен 1қазан, 1-ақ сәтте қойды жеп.
Кү1 етті «Тойдым» деп.
Естіп 1кез дү1ді,
Жағадағы тү1ді паналауға жүгірді.

Дайын мақал: Батыр бір рет туады, бір рет өледі.

II топ (екі сөзі бар сан)

Баласына ж2ріп, ұрсып жатыр к2лік.
2леніп, с2ріп алып қапсың 2лік.
2ншілей 2ңді, көрсетпе деп ж2рді.

Дайын мақал: Ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені.

III топ (үш сөзі бар сан)

3 тентек баласы, 3-сыныптың,
Доп 3ін таласып, к3терін сынасты.
Бір допты кішкене, 3еуі ап құшаққа,
Барынша к3ене, тартысты 3 жаққа.

Дайын мақал: Ер кезегі үшке дейін.

VI. Жатқа жазу

Оқушылардың есте сақтау қабілетін тексеру мақсатында мәтін жатқа жаздырылады. Кейін сан есімдерді табады және «қос» сөзінің қандай сан есім орнына қолданылғанын түсіндіреді.

Отыз екі — бәрі алып,
Тұрар іште қамалып.
Ашылғанда қос есік,
Көрінеді ағарып.

VII. Ойын: «Суретті тап»

Жасырынған суретті табу үшін жұмбақты шешу керек. Жұмбақтағы сан есімдерді анықтау тапсырылады.

I топ

Үш көзді батыр, жолды аңдып жатыр.

II топ

Екі айнасы бар, екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар, бір шыбыртқысы бар.

III топ

Үстінде екі тауы бар,
Кезікті бір жануар.

VIII. Өздік жұмыс

Оқушылардың күрделі сан есімдерді жазудағы сауаттылығын анықтау.

I топ

Биылғы жылды, айды, күнді және аптаның күнін сөзбен жазу.

II топ

Өздерінің туған жылын және күнін сөзбен жазу.

III топ

Қазақстанның тәуелсіздік алған жылын, айын, күнін сөзбен жазу.

IX. «Бес жол өлең»

  1. Қазақстан
  2. Тәуелсіз, егеменді
  3. Гүлденеді, көркейеді, жасарады
  4. Мен Отаным Қазақстанды сүйемін!
  5. Ел, мемлекет

X. Мағынаны тану

  • Қ. Мұңайтпасов туралы әңгімелеу.
  • Мәтіннен сан есімі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.

XI. Қорытынды

Берілген сан есімдерді кестеге топтастыру арқылы оқушылардың сан есімді ажырата алу біліктілігі қорытындыланады. Сабақ соңында дара және күрделі сан есімнің айырмашылығы қайта бекітіледі.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}