Қандай батырлар жырын білесің

Астана қаласы, №53 мектеп-лицей

Музыка пәні мұғалімі: Қаракеева Зәкира Құрманбекқызы

Сабақ тақырыбы: Жыр – мәңгілік мұра

Сабақ типі

Блум таксономиясы бойынша жоспарланған сабақ.

Пәнаралық байланыс

  • Қазақ музыка әдебиеті
  • Қазақ әдебиеті
  • Өзін-өзі тану
  • Тарих

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды атадан балаға мирас болған жыраулық-жыршылық дәстүрмен және жыраулық өнердің мақам-саздарымен таныстыру; өнерге құштарлығын арттыру және дамыту.

Дамытушылық

Оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Ұлттық өнерге қызығушылық ояту; ата-бабадан қалған асыл мұраны құрметтеуге, көздің қарашығындай сақтауға, жаңғыртып, дәріптеуге тәрбиелеу.

Әдістер мен ресурстар

Сабақ әдістері

  • Аспапта ойнау
  • Түсіндіру
  • Жыр-күйлерден үзінді тыңдату

Көрнекіліктер

  • Слайд
  • Үнтаспа
  • Бейнетаспа
  • Музыкалық аспап
  • Оқулықтар

Сабақ барысы (Блум таксономиясы бойынша)

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

  1. Амандасу, оқушы назарын сабаққа аудару.
  2. Аспаптардың құлақ бұрауын келтіру.

Білу

5 минут

Жыраулық дәстүр туралы қысқаша мағлұмат беру.

  1. Жыраулық дәстүр – ел мұрасы.
  2. Үнтаспадан Б. Есдәулетовтың орындауында: Ж. Мусиновтің «Тасбергеннің жыр-күйі» және Нұртуған Кенжеғұлұлының «Орақ–Мамай» дастанынан үзінді тыңдату.
  3. Мақам-саздардың орындалу ерекшеліктеріне назар аударту.

Түсіну

5 минут

  • Жыр дегеніміз не?
  • Жырау, жыршы дегеніміз кімдер?
  • Жыр мақамы дегеніміз не?
  • Қандай батырлар жырын білесің?

Қолдану

15 минут

Алдыңғы сабақта үйренген «Алпамыс батыр» жырын қысқаша орындап көру.

Талдау

8 минут

  • Жыр бізді неге үйретеді?
  • Жырдың маңыздылығы неде?
  • Жыр бастау не үшін орындалады?
  • Үнтаспада тыңдалған «Орақ–Мамай» жырының орындалуы мен сендердің орындаған «Алпамыс батыр» жырының айырмашылығы бар ма?

Жинақтау

5 минут

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

Білімді жинақтау мақсатында сабаққа келген қонақтарға — жыраулық дәстүрдің ізін жалғастырушы жыршы, жырау, термеші және дәстүрлі өнер зерттеушілеріне сөз беру.

Бағалау

5 минут

  1. Егер өмірімізде жыр болмаса, не өзгеруі мүмкін?
  2. Қазақтың салт-дәстүріндегі жырлардың дамуы үшін не істеуіміз керек?
  3. «Жыр – мәңгілік мұра» тақырыбында шағын эссе жазу (ауызша айтуға да болады).

Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.