Жаз мезгіліндегі шегіртке

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі негізгі орта қазақ мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Майманов Нұрқан Жаныбекұлы

Жұмбақтар: «Құмырсқа» және «Шегіртке»

Төмендегі жұмбақтар арқылы оқушылар кейіпкерлерді тауып, олардың мінез-құлқы мен тіршілігін салыстырады.

Жұмбақ 1

Бейнеткер көпшілікте көрдім халық,
Күнінде бір отырмас дамыл алып.
Өзінен ауыр жүкті көтереді.
Үйінде жатып жейді рахаттанып.

Жауабы: Құмырсқа

Жұмбақ 2

Астығыңды жасыр — келе жатыр,
Ұзын бойлы жасыл.

Жауабы: Шегіртке

Мысал деген не?

Мысал — адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтайтын шығарма түрі. Мұндай туындыларда өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.

И. А. Крылов

Орыс жазушысы, мысалшы, журналист, академик.

Абай Құнанбайұлы

Ақын, кемеңгер, данышпан, сазгер, аудармашы.

«Шегіртке мен құмырсқа» — Абай аударған мысалдардың бірі.

Цифрограмма

Тапсырма: әрбір 2-ші әріпті сызып тастап, қалғанын оқы.

1 2 1 2 1 2 1
А в б г а д й

1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2 1 2
а н у ж д с а н р о м ы а н ш с ы

Нәтиже: Абай — аудармашы.

«Шегіртке мен құмырсқа» (Абай аудармасы)

Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.

Жаздыгүні жапырақтың
Бірінде — тамақ, бірінде — үй.
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң, кетті күй.

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан,
Ойын қайда, ән қайда?

Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.

Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Сабанда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
«Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!»

«Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?»

«Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?»

«Қайтсін қолы тимепті,
Өлеңші, әнші, есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де билей бер!»

Кейіпкер мінезі: жаз бен қыс

Жаз мезгіліндегі шегіртке

  • Шырылдайды, көңіл көтеріп жүреді.
  • Өршіп жүріп ән салады.
  • Көгалды қуып, гөлайттап қызыққа беріледі.

Қыс мезгіліндегі шегіртке

суыққа тоңған қарны ашқан жығылды сорлы қабағын қайғы жабады

Қыста шегіртке ойын-сауықтың орнына аштық пен суыққа тап болады.

Түйін

Қыстың қамын жаз ойла. Еңбек пен жауапкершілік — ертеңгі күннің берекесі.

Венн диаграммасы (салыстыру)

Құмырсқа

  • Еңбекқор, адал.
  • Үйлі, ұйымшыл.
  • Қызыл және қара түсті түрлері кездеседі.
  • Ұзын мұртты.

Екеуіне ортақ

  • Екеуі де жәндік.

Шегіртке

  • Жалқау, ойсыз (мысалдағы бейне).
  • Панасыз, дайынға үйір.
  • Шырылдайды, ән салады.
  • Шөппен қоректенеді.
  • Ауыл шаруашылығына зиянкес түрлері болады.

Құмырсқа туралы қысқаша мәлімет

Құмырсқалар (Formicidae) — жарғаққанаттылар отрядына жататын тұқымдас. Олар жер шарында кең таралған, тек Қиыр Солтүстікте және Антарктидада ғана кездеспейді.

Таралуы және түрлері

  • Шамамен 10 мыңдай түрі бар.
  • Көпшілік түрлері тропиктік аймақтарда кездеседі.

Пайдасы туралы деректер

  • Денесінде 70-тен астам микроэлемент, 20-дан астам амин қышқылы және витаминдер болады.
  • Кей халықтар ерте кезден-ақ құмырсқаның емдік қасиеттерін білген.
  • Қытайда құмырсқадан тағамдық әрі дәрілік препараттар дайындалады.

Зерттеу нәтижелері және қолданылуы

Зерттеулер құмырсқалардың жұқпалы аурулармен сирек ауыратынын көрсеткен. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын емдеуде, қант диабетіне қатысты қолдауда және қан қысымын реттеуде қолданылатыны айтылады.

Шегіртке туралы қысқаша мәлімет

Ауыл шаруашылығы дақылдарына ең қауіпті жәндіктердің бірі — шегірткелер және шекшектер. Шегірткелер тікқанаттылар (Orthoptera) отрядына жатады.

Қазақстандағы түрлері

Қазақстанда шегірткелердің 200-ден астам түрі кездеседі. Алайда олардың ішінде оншақты түрі ғана аса қауіпті зиянкес санатына жатады.

Неліктен қауіпті?

Кейбір түрлері жаппай көбейіп, егістік пен жайылым өсімдіктерін зақымдап, өнімге елеулі шығын келтіруі мүмкін.